Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: "Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған топтық жұмыс түрлері"



бет26/28
Дата24.01.2023
өлшемі132,53 Kb.
#62627
түріДиплом
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕ

Ауызша кері байланыс бұрмалы, толық немесе шағын, бұрмаланусыз болады. Бұрмалы және толық түсініктемелер тек қана ұстаздың бағасын ғана («жақсы», «жарайсың», «нашар», «дұрыс емес») қамтып қоймай, сонымен қатар:
а) ненің дұрыс, ненің қате екендігін көрсетеді
б) қалайша қателерін түзеуге немесе толықтыруға болатындығына бағыт-бағдар береді.
Бұрмаланусыз немесе шағын түсініктемелер тек қана ұстаздың бағасын ғана қамтиды. «жарайсың», «нашар», «жақсы» т.с.с.
Түсініктемелер позитивті, бейтарап (нейтралды) немесе негативті болуы мүмкін.
Позитивті немесе бейтарап (нейтрал) түсініктемелер төмендегідей болады:
Дұрыс жауап кезінде айтылатын сөздер: «иә, бұл дұрыс жауап», «өте жақсы», «барлығы дұрыс», «Сәуленің қаншалықты нақты жауап бергеніне назар аударыңдаршы», «Жарайсың!»
Қате жауап кезінде айтылатын сөздер: «жауапқа жақынырақсың, бірақ тағы біраз ойлан», «бұл бағытың дұрыс, бәріміз бірге тағы да ойланып көрейік», «балалар, Таланттың айтуы бойынша осылай, ал сендер қалай ойлайсыңдар?», «ал сен неге олай ойладың?», «сен бұл жерде біраз қателестің, қане тағы бір рет оқып шық».
Жауабын нақтылап және толықтыра түсуін өтіну.
Ұстаз сын айтқан кезде негативті түсінік беруден аулақ болуы қажет. Мысалға: «ақымақ жауап», «осылай ойлауға қалайша дәтің барды?», өйткені мұндай сөздер оқушының жеке басына, психологиясына нұқсан келтіреді. «Дұрыс емес», «қате», «дұрыс жауабын кім береді?» деген сөздерден аулақ болып, жұмысының нақты қай жерінің дұрыс емес екендігін айта кетуі жөн болады.
Өзін-өзі бағалау. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.
Оқушылар білімдеріне қарай өздерін-өзі
бағалай білуі қажет.
П.Блэк. Д. Уильям
Өзін-өзі бағалау – бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, мүмкіншіліктер мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс.
Формативті бағалау оқушылар мен сыныптастардың өзін-өзі бағалау әдісін қолдануды қарастырады. Бұл әдістер формативті бағалаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Оқушылар өзін-өзі және бірін-бірі бағалау әдісімен машықтанған болса, онда бағалаудың дәлдігімен сенімділігі жайлы сұрақ туындамайды. Оқушыларға өзін-өзі бағалау кезінде эмоцияға берілмей, сын тұрғыдан жүргізуді қалыптастыру керек. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау негізі мынада: оқушылар оқу процесінде алдына қойған мақсаты болғанда ғана өздерін бағалай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет