Зерттеуәдістері - «ерте жастан дамыту», «ерте жастағы баланың танымдық белсенділігі» ұғымдарының мәні нақтыланды;
- қазақ халық шығармашылығының ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытудағы мүмкіндіктері анықталды және педагогикалық жіктемесі жасалды;
- ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығы құралдарымен танымдық белсенділігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі құрылды;
Зерттеу пәні: зерттеу пәні мен осы мәселе бойынша келешекте жүргізілетін ғылыми ізденістерге негіз болады;жұмыстың материалдары болашақ бала-бақша тәрбиешілері үшін де көмекші құрал ретінде практикалық қызығушылығын арттыруы мүмкін; қазақ халық шығармашылығы негізінде жасалған ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытудың кешенді бағдарламасы мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына аналарға арналған әдістемелік көмекші құрал бола алады.
Зерттеу жаңалығы: - «Ерте жастан дамыту дегеніміз - баланың туғаннан 3 жасқа дейінгі аралығында дене, ақыл-ой тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру». Дене тәрбиесі 14 баланың физиологиялық (бойы, салмағының өсуі, денсаулығы, еңбек әрекеті) дамуын жүзеге асырады. Ақыл-ой тәрбиесі психикалық үйлесімді дамуын (сенсорлық, эстетикалық, адамгершілік және т.б. сезімдерін, ой-өрісін, белсенділігін)» қамтамасыз етеді. Ал бұл болса, осы жас аралығында баланың танымдық белсенділігін дамыту қажеттігіне негіз болады. Ерте жасар баланың белсенділігі қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынастағы әрекетінің көрінісі, ал «Ерте жасар баланың танымдық белсенділігі дегеніміз оның жаңаны қажетсіну,құштар болу, байқау, білу, үйрену, жасау әрекеттерінің көрінісі».
Зерттеудің теориялық және әдістемелік маңызы: Ерте жастағы балалардың танымдық шығармашылығымен дүниетаным белсенділігін дамыту моделі өзара тығыз байланыстағы тұжырымдамалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, бағалаушылық құрамдас бөліктерден тұрады. Аталған дамудың бағалау компоненттерін қажеттілік-құштар болу, байқап-білу, үйреніп-жасау құрайды. Оларға сәйкес өлшемдері болып бала дүниетанымына тұрақты танымдық қызығушылық, қазақ халық шығармашылығын танып-білуге эмоционалдық жағымды қатынасы, қазақ халық шығармашылығы түрлерін білуге, үйренуге, жасауға ерік-жігерінің болуы, оны іс-әрекетте көрсетуі табылады. Деңгейлері құштарлық белсенділік, талпынысты белсенділік, саналы белсенділік болып анықталды.
- Ерте жастағы балалардың қазақ танымдық белсенділігін дамыту бағытындағы «Сәби танымы» кешенді бағдарламасы үш бағытты қамтиды: 1) Ерте жастағы балаларды тәрбиелейтін педагогтардың біліктілігін арттыруға арналған дәріс-семинарлар; 2) Ерте жастағы балаларды тәрбиелеуде ата-аналармен бірлестіктегі жұмыс; 3) Ерте дамыту орталықтарында балалардың танымдық белсенділігін дамытудың оқу-ойын іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тақырыптық жоспары және іс-шаралары