Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Балалардың дүниетанымық көзқарасын қалыптастыру» 5В10100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



бет2/12
Дата14.10.2023
өлшемі268,46 Kb.
#114930
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның әлемдегі озық отыз елдің қатарына ену мен мемлекетте бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт қалыптастыру қажеттілігі жағдайында қазіргі үздіксіз білім беру саласына, соның ішінде баланы мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне аса мән беріліп отырғаны мәлім. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси амалы атты Қазақстан халқына Жолдауында «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық, қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керектігі» - көрсетілген [1].
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында проблемалар қатарындамемлекет мектепке дейінгі дамудың барлық кезеңдерінің ішінде туғаннан 3 жасқа дейінгі балаларға аз көңіл бөліп отырғаны көрсетілген: «Қазақстандағы 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі ЭЫДҰ) елдерінің орташа көрсеткіштерінен төмен (республикада–16%, ЭЫДҰ–32%). Осы бағдарламада 1-3 жас аралығында «...балалардың танымдық және зияткерлік дамуының, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды меңгеруінің негізі қаланады. Балаларды ерте жастан дамыту проблемаларын кешенді шешу білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларын үйлестіруді және келісілген іс-әрекетін, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығын кеңінен қатыстыруды қажет етеді» деп атап өтілген» [2].

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі оқушының дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтана түседі. Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам біртұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын балар бастауыш топтан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетануды бастауыш топта оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әртүрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой-өрісі кеңейеді. «Дүниетаным», «таным», «қазақ дүниетанымы» саласында көптеген құнды ой-пікірлер мен көзқарастар философ ғалымдардың (С.Б.Крымский, Б.М.Кедров. Э.Нысанбаев, А.Қасабеков, М.Орынбеков, Ж.Алтаев, Кішібеков және т.б.) еңбектерінде жан-жақты талқыланып келеді.


Балалардың танымдық әрекеттерінің түрлері болса бірқатар психологтар мен педагогтардың еңбектерінде (М.А.Данилов, И.Я.Лернер, Л.В.Занков, М.И.Махмудов, А.А.Люблинская, А.Н.Леонтьев, Н.Б.Менчинская, П.Я.Голперин, Д.Б.Эльконин, М.И.Левина, Ю.К.Бабанский, Т.И.Шамова, С.П.Баранов) зерттеу объектісіне қарай жүйелі талданған.
Г.И.Шукина оқып білу жаңадан шындық ашу емес, бұрыннан белгілі адам тәжірибесінен өткен шындықтардың жиынтығын меңгеру. Сондықтан бұл шындықтарды балар санасына жеткізу үшін ең алдымен тәрбиешідер осы білімдерді шәкіртке жеткізудің әдіс-тәсілдерін меңгеруі керек деп дәлелдейді. Б.П.Баранов оқытуды жеке бастың психологиялық дамуын тездету үшін және қоршаған ортаның бұрыннан белгілі заңдылықтарын баларға меңгерту үшін жасанды ұйымдастырылған танымдық іс-әрекеттердің жиынтығы деп санайды. Осы жайында тіпті өз кезінде Я.А.Коменский болса, «мүмкіндігінше адамдар білімді кітап бойынша ғана емес аспаннан, жерден, жөкеден, яғни, басқа біреудің байқағанынан, не сол жайында берген мәлімдемесінен емес, заттың өзінен алсын» деп тұжырымдайды.
Балалардың танымдық әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың атқаратын ролінің ерекше екендігін, оны ұйымдастыру әдістері балалардың ойлау процесі мен ізденушілік әрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетінін қазақтың белгілі дидактері И.Нұғыманов, Т. Сабыров және т.б. өз еңбектерінде дәлелдеп отыр. Бұл пікірлер оқытудың басты мақсаты баларға айқын дүние заңдылықтарын, заттарын, фактілерін таныту деген түсінік береді. Әлбетте, бұл пікірлермен толығымен келісуге болады. Өйткені, қоршаған заттар мен құбылыстар жайында білім алып, оны нақты қабылдау барысында балар әртүрлі оқу әрекеттерін қолданады. Алдымен затты не құбылысты көру әрекеті арқылы түрі, түсі, пішінін, көлемін анықтап, таныса, ұстап сезіну әрекеті арқылы оның күйін, қатты-жұмсақтығын және басқа да сапасын айқындау, онан әрі затты не құбылысты бақылау іс-әрекеттері негізінде ой қорытып, заттарды салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табады. Міне, осындай түрлі таным әрекеттері нәтижесінде балар затты не құбылысты қабылдайды және олардың ғылыми ұғымның негізі қаланады. Осы аталған әрекеттер арқылы түсінік алған баларда келешекте эмоциялық, іскерлік, интеллектуалдық дағдылардың дамуына жағдай туады.
Зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға, олардың бастауыш топ баларының оқу-тәрбие процесіне ендірілу тәжірибесіне жасаған талдау барысында дүниетануды оқытудың теориялық негізіне байланысты кемшіліктер жағдайлар байқалды:
- балар дүниетанымын қалыптастырып, оларға қоршаған дүниеден ғылыми және экологиялық білім негізін меңгертуде пәннің маңызы сараланғанмен, осы кезге дейін осы бағдарламалық талаптардың өз деңгейінде жүзеге аспай отырғаны;
- бастауыш топта табиғаттан берілетін білімнің адам өмірімен, қоғаммен байланысы толық ашылмағандығы, мектептердің үнемі аударма оқулықтарды пайдаланумен шектеліп келгендігі;
- балалардың шығармашылық белсенділігін арттыратын өздігінен жұмыс істеу әрекеттерін ұйымдастыруға негіз болып, бағыт беретін оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеуге арналған әдістемелік жұмыстардың жеткіліксіздігі;
- бастауыш топтағы дүниетануды оқытудың ең бастысы, негізгісі ретінде сөздік әдіспен шектелуі, балар белсенділігін арттыратын, ізденушілігін дамытатын жағдаяттардың жасалмауы, осының салдарынан балалардың шығармашылық қабілеттерінің төмендеп, көріп байқағандарын қайталап айтумен шектелетіндігі:
- осы кезге дейін бастауыш топ баларына қоршаған ортадан білім берудің әдістемелік мәселелерін жүйелі зерттеген монографиялық еңбектердің жоқтығы. Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда бастауыш топта баларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде олардың дүние танымын қалыптастыру үшін дүниетануды оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасау орынды талаптардың бірі. Бастауыш топта «Дүниетану» пәні оқылмағанымен, оқу бағдарламасына қоршаған дүниеден ұғым беретін материалдар, яғни, дүниетану материалдары бастауыштың бірінші сыныбында «Айналамен таныстыру», екінші сыныбында «Табиғаттану» пәндері арқылы меңгерілсе, соңғы жылдары мазмұны да, мақсаты да жаңа «Дүниетану» пәні республиканың барлық бастауыш топтарына ендіріліп отыр. Бұл пән бойынша баларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, құқық пен өнері, адам-адам, адам-қоғам, адам-табиғат арасындағы қарым-қатынас түрлері жайында ғылыми-сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып меңгеру барысында балар дүниенің үш құрамдас бөлігі: адам, қоғам, табиғат саласынан білім алады. Атап айтсақ, қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат, экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Тарихи деректер жайында жалпы мағлұмат алып, халықтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, табиғат байлығы, мәдени-әдеби, көркем-қолөнер шығармашылығы арасындағы байланысты, сабақтастықты көре білуге үйренеді. Пәннен алған ұғымдарын басқа пәндермен кіріктіре оқу арқылы дүниенің тұтастығы жайында жүйелі білім негізі қалыптасады. Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс. Оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады. Олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық етеді. Дүниетаным процесінде әртүрлі факторлар, мәселен әлеуметтік микроорта мен тәжірибе жаппай ақпарат құралдары т.б. әсер етеді. Олардың әрқайсысы іс-әрекетіне әртүрлі ықпал жасайды.
Бастауыш топ оқушысының өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идеясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін және мінез-құлықтарын, белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады. Білім мен тәрбие беру арқылы адамның ой-сезіміне, мінез-құлқына, дүниетанымына әсер етуге болады. Ғұлама ойшыл Әл-Фараби айтқандай адамдағы үш қабілетті дұрыс жолға қойып тәрбиелеу арқылы дұрыс нәтижеге жетуге мүмкіндік туады. Дүниедегі ең бағалы байлық адам болғандықтан, оның қоршаған дүниеге көзқарасы, білу деңгейі қоғам дамуында, табиғатты сақтауда және өзінің тұлға ретінде қалыптасуында негізгі орын алады. Оның адамдық қасиеттері, ұстайтын жолы, дүниеге көзқарасы, мақсат-тілегі, мінез-құлқы, моралдық бейнесі іштей өзімен бірге тумайды, қоғамда, басқа адамдар арасында өмір сүру барысында қалыптасады. Сондықтан да дүниетанымды дұрыс қалыптастыру бастауыш мектеп қабырғасында басталады да өмір талабына, ғылым дамуына жалғаса береді. Міне осы орайда зерттеу тақырыбымды «Бастауыш топ баларының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру» деп алуыма себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Дүниетанымның теориялық негіздерін, оның бастауыш топ балары тұлғасының қалыптасуының ұлттық дүниетанымын қалыптастыру әдістемесін зерттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет