Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Балалардың дүниетанымық көзқарасын қалыптастыру» 5В10100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»


ІІ тарау Балалардың ғылыми дүниетанымының негіздерін оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру жолдары



бет8/12
Дата14.10.2023
өлшемі268,46 Kb.
#114930
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы «Балалардың дүниетанымық көзқарасын қа-emirsaba.org

ІІ тарау Балалардың ғылыми дүниетанымының негіздерін оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру жолдары.
«Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп,тез иеленгенім соншалық,қалған бүкіл өмірімде мен соның жүзден біріне де ие болмаған шығармын? Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жаңа туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық», деп Л.Н.Толстой мектепке дейінгі шақ туралы айтқан болатын. Бала мектепке дейінгі жылдарда күн сайын өзі үшін жаңа заттармен, құбылыстармен ұшырасады. Осы кездерде балалардың білім қорын дәйекті түрде ұлғайту, оларды ретке келтіру, нақтылау, жүйелеу-тәрбиешінің міндеті. Бала төңірегіндегі заттар, олардың қолданылуы, сапасы және қасиеттері жайлы, оның қандай материалдан жасалғаны туралы айқын түсінік алуы керек. Сондайақ табиғат құбылыстары жыл мезгіліне тән белгілері, олардың өзара байланыстары мен заңдылықтары жайлы білім алады. Өлі табиғат құбылыстарын, өсімдіктердің, жәндіктердің, хайуанаттардың дамуын бақылау процесінде тәрбиешібалалардың бойында дүние жайлы ұғымдардың бастамасын қалыптастырады. Мектепке дейінгі балаларды олар түсіне алатын қоғамдық құбылыстармен және оқиғалармен: еліміздің астанасы Астана мен, ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірімен оның атқаратын қызметімен, елімізде болатын атаулы мереке күндерімен таныстыру қажет. Себебі қоғам бойынша еліміздің қоғамдық өміріне деген қызығушылықты тәрбиелеуге, отанға деген сүйіспеншілік сезімінің және интернационализм негіздерінің қалыптасуына жәрдемдеседі.
Өйткені бүгінгі қоғам саясаты дамыған мемлекеттер қатарына енудің негізгі жолы жас ұрпақтың білімді, саналы, бәсекге қабілетті тұлға болуын талап етеді. Осындай аса жауапты міндеттің баянды болуы мектеп жасына дейінгі шақтан, яғни балабақша табалдырығынан басталатыны белгілі.
Сондықтанда балабақшада оқыту және тәрбиелеу бұл мақсат тұрғысында аса жауапты кез. Себебі бұл кез балалардың дүниетаным қалыптастыруға бағытталған. Мектеп жасына дейінгі балаларды айналамен таныстыру сабағын оқытудағы міндет олардың қоршаған орта, табиғат туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымдық ұғымдарын «Адам қоғам табиғат» дүниенің үш үлкен бірлігі арқылы, олардың өзара байланысын күнделікті, жүйелі жұмыс жүргізу арқылы дамытуды көздейді.
Бұл жағдайда біліміді игерудің бірінші кезеңі және табиғат құбылыстарын немесе деректерін қабылдау болып табылады.Қабылдау баланың сезім анализаторлары арқылы жүзеге асып, танымға ұласады. Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Дүниетанымның қалыптасуына адам, қоғам, табиғат туралы білімдер тірек болады. Адам, қоғам, табиғат – біртұтас дүние. Адам, қоғам, табиғат арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын балалар мектепке дейінгі кезеңнен бастап оқып, түсінуі шарт. Себебі дүние қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп, шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып-білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады. Мысалы: айналамен таныстыру сабағында балаларға тәрбиеші тапсырма береді. Нәтижесінде балалардың санасында обьектінің немесе табиғат құбылысының сыртқы түрі туралы алғашқы түсінік туады. Түсінік балалардың санасында көрнекті бейнелер түрінде туады және нақтылы сипатта болады. Сонымен қатар жас бала өмірінің біразы табиғат аясында серуен, ойын, саяхат, еңбек кезінде өтеді. Бала табиғатпен еріксіз тілдесіп, оның таңғажайып сырларын ұғынады. Ол бала үшін зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдығы. Осыған байланысты А.Меңжанова мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру ісін жүйелі ұйымдастыру барысында, баланың дүниетаанымын қалыптастрыуға болады, сондықтан да балаларды табиғатпен таныстыру негізінде көркем әдеби шығармаларды кеңірек қолдануды ұсынады.Тек түсіндіріп, көрсетіп қою ғана емес, олардың әсемдігін образды сөздер, теңеулер, салыстырулар арқылы да ұғымын, танимын кеңейту іске асырылады. Көркем әдебиет шығармаларының барлық жанры түгендерлік қолданылуы керек. Себебі баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын, адамгершілік талғамын дамытуда маңызды рөл атқарады.


Жас ұрпаққа табиғат құбылыстары арқылы тәрбие беру санасында жинақталған тәжірбие мол, әрі ол бүгінгі таңда бұл мәселенің мазмұндық жүйесін жаңартып, қайта құру ісіне зор үлес қосылады. Білімдерді меңгеру ақыл-ой тәрбиесінің негізіне алынған. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін олардың негізгі көзі айналадағы өмір. Бала өз бетімен және тәрбиешілердің жетекшілігімен, күнделікті өмірде және оқу сағаттарында білім алады. Балалардың өз бетімен алған білімдері көбіне, бей-берекет жүйесіз, кездейсоқ болып келеді. Көптеген балалар білімінің едәуір қорына ие бола отырып, тиісті 6-7 жастың өзінде жиынтық ұғымдарды меңгере алмайды, аса қарапайым құбылыстардың арасындағы байланыс пен тәуелділікті өз бетімен анықтай алмайды. Түрлі жастағы балаларға арналған білім көлемін, олардың сипатын және бір топтан екінші топқа күрделенуін анықтау, яғни балаларды айналадағылармен таныстыру жөніндегі бағдарламаны жасау, педагогикалық зерттеулердің аса маңызды міндеті болып табылады. Бұл білімдердің көлемін белгілеуге алғаш рет Я.А.Коменский әрекет жасады. Ол өзінің «Ана мектебі» деген кітабында 6 жасқа дейінгі балаларға қандай білім беру керектігін көрсетті. Ақыл-ой тәрбиесінің негізін қалау арқылы, біз мектеп жасына дейінгі балаларға табиғатқа деген сүйіспеншілікті, өсімдіктерге, жәндіктерге қақорлық қатынасты тәрбиелейтін табиғат туралы білімдердің қалыптасуын, еңбектің қандай да бір түрлерін болса да, қадір тұтып сол еңбек нәтиелеріне қамқорлық көзқарас туғызуға тәрбиелейтін ересек адамның еңбегі туралы білімді беруді көздейді. Бұл білімді игеру негізінде балалардың туған өлкесіне, өз Отанына деген патриоттық сезімдерді қадір тұту, еліміздің қоғамдық өміріне мүдделену көзқарасы қалыптасады. Балабақшада берілген білімдер мектеп жасына дейінгі балалардың бәріне түсінікті болып, бұл білімдер бір топтан екінші топқа өткен сайын күрделеніп, егжей-тегжейін жалпылана түседі. Мысалы, балалар бақшасының барлық топтарында балалар транспортпен танысады. «Сәбилер» тобында балалар қалалық транспорттың негізгі түрлерін ажыратып, олардың қандай жұмысқа пайдаланатындығын білуге тиісті болса, «Мектепке даярлық» тобында транспорттың қаладағы түрін алыс жолға жүретін, оларда жұмыс істейтін адамдардың еңбек ерекшелігі мен қоғамдық транспортты пайдалану тәртібін білуге әртүрлі транспорт құрамдарын өзара салыстыр Білім нақты болуға тиіс. Яғни, балалардың бойында Отанымыз туралы ұғымды қалыптастыру үшін тәрбиеші оларға Еліміздің әртүрлі халықтары, олардың әдеп-ғұрыптары, шұғылданатын еңбек түрлері мен табиғат жағдайлары туралы кітаптар оқып, әңгімелер өткізеді.Балалар игеруге тиісті білімдердің 2 бөлімін ажыратып көрсетеміз: Қарапайым білімдер бұл білімдерді игеру үшін тәжірибе жүзінде арнайы оқытудың қажеті шамалы. Тек, тәрбиешілердің балалармен өткізілетін жай қарым-қатынасы ойындар, бақылаулар жеткілікті. Күрделі білімдер бұл білімдерді тек оқыту процесінде ғана игеруге болады. Ақыл-ой тәрбиесінің негіздерінің бірі білімдерді жүйелендіру. Білім жүйесі белгілі бір заңдылықтардың, ережелердің негізінде бүтіннің бөлшектері арасындағы мәнді байланыстырады, тәртіптерді анықтау арқылы қол жететін білімдердің жиынтығы. Балалар айналадағы ортамен танысқанда көптеген сауалдар қояды. Сұрақтар балалардың білуге құштарлығының көрсектіші. Олар, айналадағыларға деген белсенді танымдық қатынасты білдіреді. Көп білетін балалар сауалды көбірек қояды. Балалардың жасына қарай оның қоятын сұрағының түр-сипаты өзгереді. Кейде балалар бір сұрақтан кейін, бір сұрақты тізбектеп қояды: «Шөптің не керегі бар?», «Сиыр жеу үшін бе?», «Ал сиыр оны неге жейді?», «Сүт шығу үшін бе?», «Ал сүт неге керек?», «Балаларға беру үшін бе?», «Неге балаға сүт беру керек?» т.б.
Бұл сұрақтардың барлығына да жауап беру керек. Бірақ оны тек даяр күйінде беруге болмайды. Себебі, баланың өз бетімен ойлануын дамытпайды.
Берілген жауап дұрыс, анық, қысқа толық түсінетіндей болуы қажет. «Ия», «Жоқ» деп жауапты қысқасынан қайыруға болмайды, өйткені балалардың білім құмарлығын тудыруға жол аштырмайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің негізінің қалануы тәрбиеші мен ата-анаға байланысты болады, яғни олар бірігіп жұмыс жүргізгенде іс жүзінде жүзеге аспақ.

Қорыта айтқанда, айқыл-ой тәрбиесінің негізі балаларға жан-жақты білім беруді көздейді, балалардың бойындағы дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Дүниетанымдық ұғымдар бала кезден қалыптаса бастайды.Дүниетанымның негізі бастауыш мектептің өзінде қаланады да бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады.
Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы дүниетанымының өмірмен байланыстығы берік сенімнен туады.
Адамның дүниетанымына берік сенім нақты іс-әрекеті мен тәжрибесіне байланысты бекімеген дүниетаным берік болмайды.Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана адам санасы нұрлана түседі. Бастауыш мектепте дүниетану пәнінің тәрбиешіі балалардың көзқарасаын өзіне аудартып, сеніміне кіру керек.Содан соң тәрбиешінің басты міндеттерінің бірі балалар санасында интелектілік сезімдерді қалыптастыру болып табылады.Ол үшін көп оқу қажеттігін, оқусыз ешбір мақсатқа жете алмайтынын балаларға түсіндіру керек. Тәрбиеші дүниетану сабақтарында табиғат заңдылықтарын, өсімдіктер мен жануарлар әлемімен, олардың ерекшеліктерін, адам мен қоғам жайлы мәліметтерді бере отырып, балалардың бойында жанашырлық, адамгершілік, жауапкершілік, бауырмалдық т.б. сезімдерін тудырып дамытады. Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез-құлқының жиі көрінетін сезімдерінің бірі адамгершілік сезімдер. Ал бұл сезімді бала бойында қалыптастыру ата-аналардың және тәрбиешінің басты борышы. Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Баланың сабақта жазуы, сабақ айтуы оның ойын дамытады. Балалардың өз бетімен орындайтын жұмыстарының нәтижесінде балаларды логикалық ойы дамиды.Нәтижесінде балалардың бойында шығармашылық қабілеттері шыңдала түседі.
Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды. Мысалы, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде “ақшыл” деген сөзді алсақ, бұл абстракциялық ұғымға жатады.
Дүниетану сабақтарында балалардың абстракциялы ойлауын былай қалыптастыруға болады: мысалы, аға, іні, жиен, бөле десек “бауырмал” деген абсракциялық ұғым келіп шығады.
Оқыту процесінде балалардың ойлау іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру олардың білімінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін фактордың бірі.Түсінік шындықтың санадағы бір моделі. Ол тек объектілер мен құбылыстардың санадағы бейнесі болып қана шектелмейді, ойлаудың туындысы арқылы болатын іс-әрекет.
Бала-бақшада дүниетану сабақтарында білім беру әдетте эмпирикалық (тәжірибелік) деңгейде жүргізіледі. Бұл түсініктерді дамытудың әдістемесі мына тұрғыда: табиғи объектілерді немесе оның көріністерін қабылдау одан оны елестетуге, елестетуден түсінікке, қарапайым түсініктен күрделіге, күрделіден арнайы түсінікке, арнайыдан жалпы дүниетанымдық түсініктерге қарай,жүргізіледі.
Дүниетану сабақтарында балалардың “адам”, “табиғат”, “қоғам” бөлімдерінен алған білімдері мынадай білік-дағдылардың жалғасын табады:


Табиғат:

  • тірі және өлі табиғат объектілерін өздігінен бақылай білу, олар туралы байқағанын баяндап айтуы;


  • табиғатқа адамның тигізетін қолайсыз істерін көре білуі, өз деңгейінде табиғатты қорғауға қатысуы;


  • ауа температурасының өзгеруінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін, жлы мезгілдеріне байланысты тірі табиғат тіршілігінде болатын өзгерістерді бақылауы;


  • термометрды пайдаланып, температураны өлшей алуы;


  • Қазақстанның табиғи аймақтарын картадан таба білуі, онда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлар түрлерін сипаттай алуы т.б.




Адам:
  • адамды басқа тірі ағзалармен салыстыра алуы;


  • өз денесінің тазалығын сақтау, гигиеналық ережелерді қолдану;


  • жас ерекшеліктеріне сай келетін кез келген еңбек түрін орындай білуі;


  • “Адам ағзасы” кестесі бойынша адамның негізгі мүшелерін:бас сүйегін, жақ, қабырға, омыртқа т.б. ажырата алуы;


  • табиғат перзенті ретінде айналасын, өзін қоршаған дүниені байқап, сезініп, ондағы заттар мен құбылыстарды ажыратуы;


  • ғылыми-техникалық жаңалықтардан хабардар болуы, күнделікті ақпарттарды пайдалана білуі;


  • өз жеріндегі мәдени, халықтық мұралардың сақталуы, оны қорғау жұмыстарын бақылауы тиіс т.б.




Қоғам:
  • отбасындағы адамдардың көңіл-күйін ажырата білуі;


  • жақсылық, жамандық, еңбекқор, жалқау, әдемі т.б. ұғымдарды түсініп, керекті жерінде қолдана білуі;


  • жергілікті жердегі мекеме түрлерін (аурухана, әкімшілік т.б.) білуі, олардың халыққа тигізетін пайдасын байқады;


  • өз елінің және басқа халықтардың мәдениеті мен әдебиетіне қызығұшылық танытуы;


  • ҚР мемлекеттік рәміздерін ажыратып, әнұранын айта білуі, туы мен елтаңбасын сипаттай білуі, олардың мәнін түсінуі тиіс.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет