1.2 Ойын және ойын элементтерін оқу процесінде қолдану жолдары
Ерте заманнан – ақ адам өзін қоршаған ортаның тылысым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып – білудің, белсенді іс-әрекеттің алғашқы түрі заттық іс-әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте-бірте, ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру, сипап-сезу, байқап-тану арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшу нақты қарым-қатынас барысында біледі. Осылайша ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады. Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде-ақ атақты ғұлама ойыншылар, философтар, педагог – психолог ғалымдар көріп, байқап, оны іске асыру жолдарын ұсынған.
Оның мөлдір бастауы көп ғасырлық тарихына үңілсек, ол туралы алғашқы пікірлер ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель еңбектерінен бастау алатынын көруге болады. Ертедегі ұлы ойшылдар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Д.Ж.Локк, И.Г.Песталоци ойын арқылы балаарды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген.
Я.А.Коменский ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде қарастырды. Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың іс-әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрестті: „Бала неғұрлым көп әрекет етсе, жүгірсе, жұмыс істесе, соғұрлым ол жақсы ұйықтайды, жақсы тамақтанады, тез өседі, денсаулығы мықты болып, дене, ой дамуы жақсы жүреді, бірақ ол үшін баланы үнемі қорғап отыру қажет“.
Я.А.Коменский ойынның еңбекпен байланысы жөніндегі күрделі педагогикалық проблеманы шешуге тырысты, сондықтанда оның көзқарастары бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. Ол „ойынды біз баланың рухани және дене дамуы қозғалысынан көреміз, сондықтан оларды саналы түрде пайда келтіретіндей етіп, жүргізу қажет“, - деп көрсетті.
Я.А.Коменский „Ұлы дидактика“ деген еңбегінде 6 жастан 12 жасқа дейінгі жас кезеңі өнерлі және қамқорлық тәрбие мектебі деп атады. Бұл шақта балаларға өздеріне түсінікті ана тілінде білім беру керек, ал білім олардың есінде жақсы сақталатындай болуы тиіс. Бұл кезеңде балалар қиындықты сезінбейді, сол себептен оларға оқу әрекеті жеңіл болып көрінеді, сондықтанда білім беру ойын арқылы жүргізуге ұсынады.
Дж.Локк балалардың еркіндікке, бостандыққа ынталы келетіндігімен санасуды талап етті. Бұл мәселеде ол кейін Ж.Ж.Руссо дамытқан еркіндік тәрбие ұғымының негізін сала бастады.
Оқытудың әдістері мен құралдары жөнінде мәселелерді қарастырған да Дж.Локк та, Ж.Ж.Руссо да ең бірінші орынға баланың дамуын, білім алып, тәрбиелеуін ойын арқылы жүзеге асыруды қойды.
Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф.Фребель дидактикалық ойындардың негізін салушы болып есептелінеді, ол қимыл-қозғалыс ойындарының, құрылыс дағдыларымен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады. Бірақ Ф.Фребель ойындарының мазмұны баланың ой-өрісі мен қиялын дамытуды шектеді.
Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді. Ойын теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф. Лесгафт, тәрбие және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий және Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген.
К.Д.Ушинский сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу процесін жеңілдететін атап көрсеткен болатын.
Н.К.Крупская: «Бала жас болғандықтан ғана ойнамайды, балалықтың өзі оған ойнау үшін, яғни жаттығу арқылы өмірде қажетті дағдыларды игеру үшін берілген» деген болатын.
Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн.
«Ой- ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің қолданатын басты әдісі – ойын болуы керек.
Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік, дағдылары қалыптасады.
Баланың жекелеген қызметінің оның күнделікті қызметіне енуінің осы бір дәйектілігі, біріншіден, жаратылыстың алдын ала анықталуына, екіншіден, қызмет комплексінің кез-келген топтарының дер кезінде көрінуін ынталандыруға, олардың дамуы қалыптасуына ықпал етуге тиіс қоршаған ортаға байланысты. Мәселен, қозғалысқа келетін күштің генетикалық айқындалған уақыты жетпейінше бала туа сала жүріп кете алмайды, алайда оның жетіліп, екі аяғын тік басып, тәй-тәй жүруі үшін баланы қимылға тартатын, оның құламай, тік тұруына, аяқтарын тең басып жүруіне көмектесетін және үйрететін адамның қамқорлығы, қолайлы орта қажет.
Ішкі күштер әрекеттер қозғалыс импуьстерін, даму тенденциясын жасырып тұрады. Бір кезде басқадай әрекет, әрекеттер тобы белсенділік көрсете батайды, нақ сол сәтте бала бәрінен бұрын ойынға құмартып, ынтыға түседі. «Ойнағысы келетіндігі» шын мәнінде әрекетшіл күштердің баланы еркін іс-қимылға итермелегенін білдіреді және оның қандай ойынды таңдап алатыны нақ сол мезетте оны ойын қандай функциолналдық күштің итермелеп отырғанын анықтауға болады. «Енді ойнағым келмейді» дегені шын мәнінде әрекеттердің бұл тобы нақ сол сәтте өзінің «қуатын» тауып, уақытша демалыс талап ететін, бірақ осы кезде әрекеттердің басқандай тобы қозғалысқа келуі мүмкін екенін және сол кезде бала бәрінен бұрын өзінің дамуына ықпаллды ойынға кірісетінін білдірді.
Егер серпінді қимыл мен итерфункциональды күштердің дамуы мен қалыптасуына қарай ойынға деген құштарлық бәсеңсіп, қызметтің басқалай түрлеріне (көңіл көтеру, оқу, еңбек ету) орын беріледі. Шынында да мұның өзі осылай. Көптеген функциялар 7-9 жасқа жеткенше мейлінше жеделдете дамиды да, ойынға деген құштарлық осы кезеңде күшейе түседі, ал ойын дамуды басқаратын іс-әрекеттің түріне айналады. Осындай сәтте баланың өзіндік саналар, оның шындыққа, адамдарға қарым-қатынасы қалыптасады.
Бастауыш сынып оқушысының қызмет бағыты күшейген кезде оның құлшынып ойнағысы келіп тұрады. Баланың ойын қызметін тоқтатып, оны интерфункционалдық күштердің қимылына қайшы келеитін басқадай нәрсемен шұғылдануға мәжбүр еткізу – бала талантының жеделдете дамып, жан-жақты ашылуына тосқауыл жасау деген сөз.
Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады. Балалардың ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде қанағаттандырылмайтыны белгілі. Бұл қажеттілігін балалар ойын арқылы өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты
Ойынның мәнін анықтайтын бірнеше ереже, ойын мотивтерінің әртүрлі бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже-ойын әрекеті адам іс-әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады. Бала белгілі бір рольді ойнағанда, ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана қоймайды, өзін де байытады, ой-өрісін кеңейтеді, тереңдетеді. Бірінші сынып оқушысы ойынға психологиялық дайындықпен кіріседі. Ол қайсібір ойыншықты өзінің қалауымен еркінше алады, белгілі бір сюжетті ойластырып, ойынға құрбыларын тартады, содан соң бәрі бірлесіп, өздері белгіленген ереже бойынша әрекет етеді. Ойын баланың өз еркіне негізделген ырықтылығын туғызады, ол баланың сезімін оятып, адамгершілік қасиеттерін жетілдіреді. Ойын үстінде бала өзін-өзі жеңуге дағдыланып, шынайы қанағат сезіміне бөленеді, жеке тұлға ретінде қалыптасады.
Баланың психикалық дамуына ойынның әсері зор. Ойын әрекеті зейіннің, естің, ойлаудың, қиялдың, бүкіл танымдық процестердің дамуына әсер етеді. Ойын баланың ойын ережесінде мынадай талаптардың қамтылуын көздейді: бала құрбыларымен бірлескен ойында дамып отыратын сюжетке байқампаз болуы тиіс, ол аяқ астынан күтпеген жағдайға тап болған сәтте не істеуі керек екенін тез байыптауы тиіс; ол жоқ затты немесе қиялындағы жағдайды көз алдына елестете отырып, ойынға қатысушы басқалардың мұның ұсынысын қабылдап, оның ойластырған ісіне қанағаттанатын болатындай әрекет ете білу тиіс. Сөйтіп, ойын әрекетінде бала саналы мақсат көздей алатын психикалық процестердің ырықтылығы қалыптасады. Ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есіне сақтайды. Бала ойын үстінде саналы мақсатты /зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру/ шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан ойыншық заттарға, ойналатын көріністер мен сюжеттке зейін тоқтатуды талап етеді.
Құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттігі, олардың эмоционалдық қолдауына ие болу қажеттігі баланы мақсатты түрде зейін қойып, есте сақтауға мәжбүр етеді.
Ойын жағдайы, сондай-ақ, баланың ақыл-ой әрекетін дамытуға үнемі ықпалын тигізеді. Бала кез келген күтпеген жағдайға қашан да дайын болып, оны дәл сол жерде дұрыс шеше білуі тиіс, ол ойын атауына сәйкес жоқ заттың орнын басатын нәрсемен әрекет жасай білуі тиіс. Орын басатын зат ойлау үшін тірек болмақ. Сол затқа сүйену негізінде бала нақты зат туралы ойлауды үйренеді. Ойды дамытудың мәні мынада: бала тікелей қабылданатын көрнекі жағдайда зат арқылы әрекет етуді біртіндеп тоқтадады да, заттар туралы ойлауды, ойын жоспарында оларды пайдаланып, әрекет етуді үйренеді. Сөйтіп, ойын баланы түсініктер жоспарына сай ойлауға баулиды.
Бала ойын арқылы өз сана – сезімі құрылымының негізін құрайтын жеке басының қадір-қасиетін ұғынады. Ол рольді ойындарда беделге ие болуға талпынады, өзінің шамасына сай келетін рольді икемденеді, ойында өзін балдырғанның орнына қойып, ойын құқы мен міндеттерін меңгереді.
Балалар құрбыларының жетістіктерін бағдар тұтады. Сондықтан да «басқалар сияқты болу» мотиві белгілі бір дәрежеде баланың дамуына ықпал етіп, оның жалпы орташа деңгейге көтерілуіне себебін тигізеді. Сонымен бірге осы кезде бала ойында «басқалардан жақсы болуға» талпыныс білдіреді. Ол енді басты рольді иемдену жолында күресе бастайды. Бұл сырт көзге онша көп байқала қоймайды. Бірінші сынып оқушысы өзінің беделге ие болғысы келу ниетін басқалардан жасыра біледі. Өзі үшін маңызы бар рольді икемденуге емеурін білдіре отырып, бала енді бұл ниетті жүзеге асырудың нақты мүмкіндігін ұғына алады.
Алайда көп жағдайда баланың талабы оның топтағы беделіне және оның ойнап жүрген құрбыларына нақты басшылық ету мүмкіндіктеріне байланысты бола бермейді. Ол басқалардан табысты болуға, алда болуға, тіпті ең болмағанда табысқа жеткен баладан кейін қалмауға тырысады. Бұл, әрине, барлық балаға тән нәрсе емес, бірақ қалай десек те, көпшілік балалар жақсы баладан қалмауға, онымен жарысқа түсуге айқын ұмтылыс білдіреді. Ойындағы жақсы роль туралы, кімнің епті, кімнің күштірек екені сөз болғанда балалар арасында белсенділік болып жатады.
Оқушылардың дүниетану көзқарасы ғылыми білім негізінде, оны тиянақты меңгеру нәтижесінде ғана қалыптаспақ. Жоғары да айтқандай, қоғамның даму дәрежесі төмен, оқу ағарту жұмыста әлде де жетіле қоймаған кездің өзінде де балаларда дүниеге деген қызығушылық, оны білуге, үйренуге талпынушылық болады. Бірақ ол ғылымға негізделмегендіктен, үстіртін көзге бірден түсетін, тез шалынған белгілер мен байланыстар жайындағы пікірлер болғандықтан, көбіне қате ұғымдардың қалыптасуына әкеліп соғады. Өйткені балалар байқап көргендерін өз қалпында, әр затты не құбылысты тек сыртқы түрінен, көрінісіне байланысты қабылдайды.
Қоғам дамуы, оқу ағарту ісінің ғылыми деңгейде көтерілуі нәтижесінде көзқарастың ғылыми мәні жоғарылайды. Білім мазмұнының тереңдеуіне байланысты дүниеге көзқараста жнақтылана түседі. Білім арқылы ғана әр заттың не құбылыстың шынайы мәні ашылады. Білім жоқ болса, көзқарастың дұрыс дамуы мүмкін емес. Дүниетанудан білім беру барысында ғылыми ұғымды меңгерту арқылы дүние заттарының, құбылыстарының нақтылығын, олардың біздің санамыздан тыс өмір сүретінін және бір-бірімен байланыстылығын, заттар мен құбылыстардың даму заңдылықтарын түсіндіріп, шындыққа сенімдерін арттыру мақсаты жүзеге асады. Шындыққа жету жолында өз іс - әрекеттерін қорытып, ой толғайды, оның нәтижесін тұжырымдайды. Белгілі дәлдікке жеткеннен кейін алған ұғымдарына сенімі артады. Сонымен қатар, әрекет жасап, ізденіп, талпыну арқылы өз-өзінің, алдына қойған мақсатты шеше алатындығына деген сенімі артады.
Бастауыш сыныпта дүниені танытуға байланысты материалдарды оқытуда бірнеше мақсат көзделеді.
Біріншіден адам баласы саясатпен, ғылыммен, өнермен және т.б. осы сияқты саяси, рухани мәселелермен айналысу үшін олардың көңіл күйі көтеріңкі, дені сау, рухани дүниесі бай болуы қажет. Өзіне қолайлы жағдай жасау үшін адамның еңбек етуі, өз өмірін өзі ұйымдастыра білуі, материалдық игіліктерді өндірумен айналысуы қажет.
Табиғат байлығының мән мағынасын түсініп, оны орынды, үнемді, тиімді пайдалану шеберлігіне адам баласы білім мен біліктілік арқылы жетеді. Бұл сияқты қоғамдық өмір талабына икемділік, бейімділік, шеберлік, білімділік оқушыларға бастауыш сыныптағы дүние тану материалдарын оқыту арқылы қалыптаса бастайды.
Оқушылардың дүниетанымының қалыптасуында эмоция мен логикалық ойдың мәні зор. Бұл екеуі де адамның ішкі сезімін жан әрекеті. Сыртқы шындықтың сезімге әсер етуінен түрлі хабарлар миға жетіп, эмоция тудырады да, ой осыған орай шешім қабылдайды. Ой – қорытынды шығарып, шешім қабылдау тірегі десек, эмоция оның көзге түсетін нәтижесі ретінде сыртқа шығару күйі, түрі. Осыған қарап, эмоция мен ойдың көзқарастың қалыптасуына тікелей әсер ететіндігін көруге болады. Бір затты не құбылысты танық білуге олар үнемі қатар жүреді. Ал танып білу нәтижесінде дүгниетаным қалыптасады.
Дүниетанымдық қабілеттің керектігі адам баласының бүкіл өмірі табиғат аясында, қоғам ортасында, олармен қарым-қатынаста өтетіндіктен ол қатынастардың әдіс тәсілін меңгеруі тиіс. Мұндай әдіс тәсіл бала жастан қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгереді. Мәселе, әр затты байқау, бағдарлап қарау, олардың түр-түсін сезіну арқылы қасиеттерін айқындай түсу – мұның бәрі адамда бірден пайда болатын икемдік пен іскерліктер емес. Ол жүйелі меңгерілген білім нәтижесінде қалыптасады.
Дүиетануды оқыту барысында бір жағынан қоғам туралы білім беріп, қоғамның адаммен, табиғатпен байланысын айқындау, екінші жағынан, қоғамды дамытудағы адам еңбегінің маңызын ұғындыру мақсаты алға қойылады.
Дүниетану оқушыларды обьективті дүниемен таныстырады, соны үйретеді, сол туралы білім береді. Обьективті дүние адам санасында сәулеленеді, ойын байытады. Сана – білімніңғ жиынтығы ол таным процесі. Дүние тануды оқытудың мәні осында жатыр.
Дүниені тану, білу барысында бала эмоциясының рөлі күшті. Дүниетануды бастауыш сыныпқа оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Олардың танымына сезім мүшелердің қызметі көмегін тигізеді. Оқушы сыртқы дүниені сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Сезініп, қабылдау нәтижесінде оның ой өрісі дамып, тиянақты ұғым алады.
Достарыңызбен бөлісу: |