1.3 Дүниетану пәнін оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының дүниетанымын қалыптастыру
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастуда көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру.
Баланың жастық – дүниетанымының қалыптасуындағы шешуші кезең. Әрине, дүниеге көзқарастың негіздері анағұрлым ерте кезден қаланады. Мұның өзі белгілі бір адамгершілік әдеттерді, нұсқауларды, жағымды жағымсыз жағдайларды іс-жүзінде меңгеруден басталады. Бұлар кейінен ұғынылып, мінез-құлықтың белгілі бір нормалары мен принціптеріне айналады. Алайда, адам дамуының бір шама жоғары сатысында ғана бұл принціптердің белгілі бір тұтас жүйеге жинақтау қажеттігі келіп шығады. Ол адамға айналасындағы дүниені түсініп ғана қоймай, оны бағалауға, оған деген қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Дүниетанымдық ізденістер айналадағы дүниені қайсы бір жағынан өзінің мінез-құлқын бір шама асыра бағалаумен жүреді.
Дүниетаным қалыптасуының бірінші көрсеткіші – дүниенің неғұрлым жалпы принциптеріне табиғат пен адам баласының әмбебап заңдарын танып білуге деген ынтаның өсуі.
Бұрын бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәні оқылмағанмен, оқу бағдарламасында қоршаған дүниеден ұғым беретін материалдар, яғни дүниетану материалдары бастауыш сыныптан 1 сыныбында «Айналамен таныстыру», 2 сыныбында «табиғаттану» пәндері арқылы меңгерілсе, соңғы жылдары мазмұны да, мақсаты да жаңа «Дүниетану» пәні республиканың барлық мектептерінің бастауыш сыныптарына енгізілді.
Интегративті оқытуды жүзеге асыратын дүниетану пәнінің негізгі мақсаты – адам, қоғам, табиғат, яғни дүниенің ірі үш құрамдас бөлігі туралы оқушыларға біртұтас көзқарас қалыптастыру және адамның орнын түсіндіру. Оқушылардың мектепке дейін айналамен таныстыру арқылы алған білімдері тереңдетіледі, кеңейтіледі, дамытылады.
Сол сияқты дүниетанудан алған білім мазмұны жоғары сыныптарда оқытылатын жаратылыстану пәндері арқылы тереңдетілумен айқындалады. «Дүниетану» пәні – «Жаратылыстану» білім саласының құрамдас бөлігі. Заттардың физикалық, химиялық қасиеттерін анықтауда, ғарыштық құбылыстар мен жер қойнауындығы және тіршілік әлеміндегі құбылыстарды, табиғат объектілерінің қасиеттерін, географиялық жаңалықтарды оқу барысында оқушылар дүниетанудан алған білімдеріне сүйенеді.
«Дүниетану» пәні базистік оқу жоспарына «Жартатылыстану» және «Қоғамтану» білім салалары бойынша міндетті түрде оқытылатын пән ретінде еніп, 4 жыл бойы кіріктірілген курс ретінде оқытылады.
«Адамның айналадағы дүниемен қарым қатынасы» (2 сынып), «Адам – табиғат перзенті» (3 сынып), «Адам – қоғаның перзенті» (4 сынып) тақырыптары оқушының айналадағы дүниедегі алатын орны мен ролін түсінуге негіз салады.
Адам туралы білім тек осы блокпен шектелмейді: адамның табиғи және рухани қажеттіліктері туралы білім мазмұны арқылы «табиғат», «Қоғам» дидактикалық біліктіліктерімен тығыз байланысып, мұндағы адамның басты құралы – еңбек деген идея пән мұғалімінің өзекті арқауы «реалды дүниенің үш саласында басты тұлға – «кейіпкер» болып, бүкіл мазмұны интеграциялаушы фактор болып рол атқарады.
1. «Дүниетану» мазмұнындағы табиғат, адам еңбегі туралы материалдар, бұрынғыдай маусымдық емес, жүйелік ұстанымына негізделіп берілген. Мұндай құрылымның бірнеше артықшылығы бар. Ең бастысы – білім «маусым қуып» бөлшектенбей, жүйемен беріледі. Сондықтан, оның дүниетанымдық тәрбиелік мүмкіндігі толық пайдаланылады және оқушының бастауыш сатындан соң басталатын ғылым негіздерін қиналмай зерделенуіне қажетті теориялық ұғымдар жүйесін тыңғылықты меңгеруін қамтамасыз етеді.
Әрине, бұдан маусымдық принцип назардан тыс қалады деген ұғым тумауы тиіс. Кезінде бұл ұстаным сынып оқушыларының таным ерекшеліктеріне сәйкес, ол табиғат құбылыстарын тікелей көріп, бақылап қабылдау арқылы меңгеруіне байланысты енгізілгені мәлім.
Дүниетануда бұл принцип те басшылыққа алынады. Оқушылардың табиғат құбылыстарын тікелей көріп, бақылауы әр бөлім материалдары ішіне, оны зерделеу мерзімі қандай маусымға орайлас келетініне қарай енгізіледі. Мысалы, «Қоғам» бөлімінде мазмұнды зерделеу көктем мен жаздың басына сәйкес келетін болғандықтан үй, ауыл (қала) маңы табиғатындағы осы маусым кезіндегі өзгерістермен оқушы қоғамдық – пайдалы жұмыстар, топ саяхаттар арқылы іс жүзінде танысып, «Табиғат» бірлігінен алған білімін нақтылайды, бекітеді және келесі сыныпта зерделіті материалға негіз болатын мағлұматтар жинайды.
2. Дүниетануда оқушыларға берілетін білімнің базалық және тірек білім болып жоспарлануы. Базалық білім – білімнің негізі болса, тірек білім – білімнің діңгегі ретінде дүниетанымдық ұғымдар беру жүзеге асырылған.
3. Бағдарламада оқушының өздігінен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Дүниені танып білудің логикалық әдіс-тәсілдері (талдау, салыстыру, синтез т.б.) зерделеудің ғылыми әдістері мен тәсілдері (бақылау, тәжірибе, картамен, сұлбамен жұмыс, әртүрлі аспаптар көмегімен өлшеу, бағдарлау, шартты белгілерді қолдану, сызбамен, кестемен жұмыс т.б.) дербес мазмұн ретінде оқытылып, оларды бүкіл оқу материалын меңгеруге берілетін уақыттың 20-30 процентін алатын лабораториялық, сармандық, қоғамдық – пайдалы жұмыстарда, топ саяхаттарда іс жүзінлде қолданып, бекіту көзделеді.
4. Материал мазмұны оқушының өмір тәжірибесіне және қоршаған ортадан бақылағандарымен байланыстыруына жағдай жасалған. Мәтіннің тілі (ғылыми, тартымды, әсерлі, жеңіл, бейнелі т.б.) оқушы ойына орамды болуы қарастырылған.
5. Оқулықтағы тапсырмалар топтық, жеке және жұптармен жұмыс жасауға лайықтандырылған; міндетті және міндетті емес тапсырмалар қатар беріліп, олар оқушылардың таңдау еркіндігіне мүмкіндік жасайды; проблемалық жағдай туғызатын сұрақтар жүйесі де берілген.
6. Оқушылардың дайындық деңгейлері мен мүмкіндіктері есепке алынған; баланың танымдық қызметін белсендіруге жағымды мотивация тудырылған; танымдық қызметін белсендіруге жағымды мотивация тудырылған; оқытуды дифференцациялау жолы қарастырылған.
7. Дүниетану материалдарында көптеген пәндер мен ғылымдардың (биология, химия, астрономия, тарих, физика, география, анатомия, физиология, гигиена, минерология т.б.) саласын қамтитын теориялық білімдер берілген. Пәнаралық байланыс арқылы берілген ұғымдар мен түсініктер оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.
8. Оқулықтың безендірілуі мен көрнекі материалдармен қамтамасыз етілуі жеткілікті деңгейде. Олар оқушылардың оқуға қызығушылығын оятады, қабылдаудың эмоциялық сферасы негізінде жағымды мотивация тудырады. Көрнекіліктер мен иллюстративті материалдар дидактикалық аптарға сай таңдап алынған. Оқулықта алғы сөз, мазмұндық көрсеткіш, кіріспе, тараулар мен тақырыптар, қысқартулар, ескертулер, қосымша материалдар, таңбалар мен шартты белгілер т.б. оқушыны бағыттап отырған.
«Дүниетанымдық», «Айналамен таныстыру» және «Табиғаттанудан» тағы бір негізгі ерекшелігі, оқушыларға берілген оқу материалын кеңінен таныстыруға, бақылау жасауға, хрестоматиядан білімді терең меңгеруге жағдай жасалғанын айтып кетуге болады. Нақтырақ айтқанда лқыту процесін оқу - әдістемелік жағынан қамтамасыз ету жақсы жолға қойылған:
1. «Дүниетану» оқулықтары (1, 2, 3, 4 - сыныптар).
2. Бақылау күнделігі (1, 2, 3, 4 - сыныптар).
3. «Дүниетану» оқулықтарына арналған әдістемелік нұсқаулар (1, 2, 3, 4 - сыныптар).
4. Қоршаған ортаға байланысты дидактикалық материалдар (1, 2, 3, 4 - сыныптар).
5. Хрестоматиялар (1, 2, 3, 4 - сыныптар).
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқытуға оқушыларда табиғат туралы алғашқы түсінік қалыптасады, айнала дүние, оның заңдылықтары туралы түсінік баланың сезімдік қабылдауы арқылы жүріп, бірте-бірте құбылыстың мәнін ұғынуға ұласады. Осы бағытты жетілдіруде ойын элементтерін, дидактикалық ойындарды қолдану қажет.
Оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін дидактикалық ойындарды пайдаланудың орны ерекше.
Тиімді пайдаланған дидактикалық ойындар мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтасымен тыңдап, оны берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені ойын мектепке келген оқушылардың әрекетін белсендіріп, оларды тәрбиелеп, дамытудың аса маңызды құралы болады. Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, яғни А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда: «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынның өзіне тән сапасы бар, ол – мазмұнының тәрбиелік-танымдық құрылымы, бейнелейтін түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы, белсенділігі мен ұйымшылдығы, ойынның ережелерге бағынуы.
Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Демек, ойын балалардың слған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге танымды белсенді іс-әрекетінің белсенді бір формасы болып табылады. Соның барысында олар мұғалімнің басшылығымен жаңа білімді меңгереді. Ойынды ұйымдастырып, оны басқара жүріп, ұстаз балалар ұжымына және ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойынға қатысушы бала өзінің ниеті мен әрекетін басқалармен үйлестіруге, ойында қалыптасқан ережелерге бағынуға тиісті болады.
Педагогикалық басшылық болмаған жағдайда балалардың ойындары кейде жарамсыз ықпал жасауы мүмкін. Сонымен бірге дидактикалық ойын балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейтуге қажеттілігін туғызады. Бүгінгі таңда дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. (Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко, Т.К.Жикалкина, т.б.)
Қазақ халық ойындарының жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне (А.Диваев), ойын сипатына (М.Гунер, Е.Сағындықов, Б.Төтенаев), дене қасиеттерін, қимылды әрекеттерді дамытуға (М.Таникеев, Ж.Төлегенов, Т.Бекбатшаева, Т.Қуанышев); ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне (А.К.Айтпаева) сәйкес жасалды.
Дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бір жағынан – ойында ойындық әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір сапалары: зейін, байқағыштық, ес, ойлау, іздемпаздық, белсенділік қалыптасады. Екінші жағынан – ойын сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті, жаңа материалды оқып-үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, білімді іс жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |