Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «эксперименттік есептер шығару әдістемесі» «5В011000 -физика»



бет5/14
Дата12.09.2022
өлшемі0,99 Mb.
#38908
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
«ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ»

1.3 Физика пәнінде эксперименттік есептер шығарудың маңызы

Қазіргі оқытудың ең маңызды міндеттерінің бірі – жұмысты орташа оқитын оқушыға бағдарлаудан бас тарту да, әр тұлғаның ұтымды дамуына жағдай жасау болып табылады. Білім мен біліктің жиынтығы ғана маңызды емес; ең маңыздысы оқушыларды өздігінен білім алуға, шынайы өмірді қайта құруға, оны белсенді пайдалана білуге үйрету екені белгілі. Осыған байланысты алған білімін түсіну проблемасы ерекше көкейтесті болып отыр.


Дидактикалық әдебиетте оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту білімді түсінуін қалыптастырудың шарттарының бірі ретінде көрсетілген. М.Н.Скаткин мен И.Я.Лернер: «білімді түсіну оны дәстүрлі емес жағдайда қолдана білуден, эксперименттік есептерді шығарудан көрінеді,» — деген болатын. Осы орайда, эксперименттік есептерді оқушылар жүйелі түрде шығарып отыруы қажет екенін бұл авторлар атап көрсетеді, сонда ғана олардың білімдері берік болады.
Физиканы оқыту әдістемесінде (С.Г.Шаповаленко, Ю.В. Ходаков, М.Я.Голобродько, В.Н.Давыдов, Н.А.Титов, П.А.Оржековский) оқушылардың шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыруға арналған бірқатар зерттеулер бар. Бұл үшін негізгі құрал ретінде эксперименттік есептер қолданылады. Әдістемеде төмендегідей көзқарас кеңінен тараған: эксперименттік есептерді шығару үшін ең қажетті шарт оқушылардың берік, өздері түсінген білімдерінің болуы (Р.Г.Иванова, А.Г.Иодко және т.б.). Алайда, оқушылардың білім сапасын арттыру үшін физикадан эксперименттік есептердің бүгінгі күнге дейін ролі қарастырылуы жеткіліксіз сияқты. Сонымен, дидакт ғалымдардың атап көрсеткеніндей білімді түсінуі үшін эксперименттік есептердің мүмкіндіктері мен осы мүмкіндіктерді жүзеге асыруға арналған физиканы оқыту әдістемесінің теориясында зерттеулердің болмауы арасында қайшылық қалыптасып отыр. Бұл зерттеудің басты мәселесі физикадан эксперименттік есептерді шығару арқылы оқушылардың білім деңгейін жоғарылатуға ықпал ететін педагогикалық жағдайларды анықтау болып табылады.
Физика есептерін: мазмұнына байланысты; берілу тәсіліне қарай; шешу тәсіліне қарай классификациялауға болады (2- кесте).
Есептердің осы түрдегі классификациясының өзі шартгы түрде, кейде бірдей есептер классификациялау тәсіліне қарай түрлі топтарға жатқызылуы мүмкін.
Мазмұнына қарай физикада есептерді механика, молекулалық физика, электрдинамика т.б. больп бөлінеді. Олар мәтінмен, суретпен, графикпен және сапалық-сұрақ есептермен берілген. Бұл есептер физиканы оқыту әдістемесіндегі қолданылуына, қиындық деңгейіне қарай бөлінеді. Олар жеңіл (жаттығу), орташа және қиын, шығармашылық болып бөлінеді, жеңіл есептер немесе жаттығу есептері деп бір немесе екі формула қолданып шығаратын, жеңіл тәжірибе жасау арқылы шығарылатын есептерді айтады. Бұл есептерді материалды бекіту үшін қолданады.
2- кесте
Физика есептердің классификациясы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет