Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдістерінің дамуы»



бет3/18
Дата29.12.2022
өлшемі158,36 Kb.
#60184
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Зерттеу объектісі: таным үрдістері.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдістерінің даму ерекшеліктері.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдістерінің даму ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдістерінің дамуы туралы педагогикалық-психологиялық еңбектерді теориялық талдау.

  2. Мектепке дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуына әсер ететін факторларды сипаттау.

  3. Мектепке дейінгі балалардың таным үрдістерінің даму ерекшеліктерін анықтау.

  4. Мектепке дейінгі балалардың таным үрдістерінің даму ерекшеліктерін тәжірибелік тексеру және әдістемелік ұсыныстарды әзірлеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепке дейінгі балалардың таным үрдістерінің даму ерекшеліктерін ескере отыра педагогикалық жұмыстар атқарылса, онда мектеп жасына дейінгі балалардың даму үрдісі жас ерекшелігіне сәйкес қалыптасады.
Зерттеу базасы: Семей қаласының №7 «Ақбота» ясли-бақшасы.
Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: зерттеу жұмысының негізінде алынған нәтижелер тәрбиешілердің жұмыс үрдісінде, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының студенттері оқу үрдісінде кеңінен қолдана алады.
Зерттеудің әдістері:
- теориялық (зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық ғылыми әдебиеттерге теориялық-әдіснамалық тұрғыда талдау);
- эмпирикалық:

  1. Қиялды зерттеуге арналған:

  • «Әңгіме құрастыр» әдістемесі;

  • «Ерекше сурет салу» әдістемесі;

  • «Ойын ойлап тап» әдістемесі.

  1. Есте сақтау қабілетін анықтауға:

  • «Сандарды есте сақтау» әдістемесі.

  1. Зейіннің тұрақтылық және өнімділік қасиетін анықтауға:

  • Ландольт сақиналары әдістемесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет