Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдістерінің дамуы»


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОЛДАРЫ



бет8/18
Дата29.12.2022
өлшемі158,36 Kb.
#60184
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОЛДАРЫ


2.1 Мектеп дейінгі балалардың таным үрдістерінің диагностикасы

Зерттеу тақырыбы бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары Семей қаласындағы №7 «Ақбота» ясли-бақшасының №7 «Айгөлек» (экперименттік топ) және №8 «Еркетай» (бақылау топ) ересек мектеп жасына дейінгі тобынан барлығы 50 бала алынды.


Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс үш кезеңде жүргізілді: анықтау, қалыптастыру және бақылау. Анықтау кезеңінде мектеп жасына дейінгі балаларының танымдық үрдістерінің даму деңгейі анықталды.
Екінші қалыптастырушы кезеңде мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың танымдық үрдістерін дамытуға бағытталған рөлдік-сюжеттік ойын және жаттығулар іріктеліп, дамыту-түзету жұмысы жүзеге асырылды.
Үшінші бақылау кезеңі дамыту-түзету бағдарламасының нәтижелілігін анықтауға мүмкіндік береді.
Анықтау кезеңінде диагностикалық әдістемелер мен тесттілер қолданылды. Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын психодиагностикалау әдістемелері қолданылды.
Зерттеу әдістемелері:
Қиялды зерттеуге арналған
«Әңгіме құрастыр» әдістемесі
Зерттеудің жүргізілуі:
Балаға мынандай нұсқау беріледі: «Бір адам немесе зат туралы әңгіме құрастыр». Құрастыруға 1минут уақыт беріледі. Садан соң 2 минут ішінде бала оны айтып беруі керек. Алынған нәтижені талдау әдістеменің талабына сай жүргізіледі.


«Ерекше сурет салу» әдістемесі
Зерттеудің жүргізілуі:
Тәрбиеші балаға мынандай нұсқау беріледі: «Өзіңнің қиялыңдағы суретті сал». Сурет салу үшін балаға фломастер, түрлі түсті қарындаштар беріледі. Орындау уақыты – 4 минут. Алынған нәтижені талдау әдістеменің талабына сай жүргізіледі.
«Ойын ойлап тап» әдістемесі
Зерттеудің жүргізілуі: Балаға 5 минут ішінде қандай да бір ойын ойластырып, оның талаптарын толығымен айтып шығуы сұралады. Экспериментатор оған келесі сұрақтарды қояды:

  1. Ойын қалай аталады?

  2. Оның мазмұны қандай?

  3. Ойынға қанша адам қатысуы керек?

  4. Қатысушылар қандай рөлдер алады?

  5. Ойын қалай өтеді?

  6. Ойын ережесі қандай?

  7. Ойын қалай аяқталуы керек?

  8. Ойын нәтижесі мен қатысушылар қалай бағаланады?

Алынған нәтижені талдау әдістеменің талабына сай жүргізіледі.

1 кесте - №7 «Айгөлек» ересек топтағы балаларға диагностика жүргізудің қорытынды кестесі (қиял дамуының деңгейін анықтау)







Әдістемелер

Деңгейі

«Әңгіме құрастыр»

«Ерекше сурет салу»

«Ойын ойлап тап»

Қорытынды
()

1

жоғары

6

2

5

20

2

орташа

14

14

15

52

3

төмен

5

9

5

28

Анықтау эксперименттің нәтижесі эксперименттік топтағы балаларға жүргізілген қиял дамуының деңгейін анықтаудың үш әдістемелер бойынша келесі орташа көрсеткіштерінің қорытынды нәтижелерін көрсетті: жоғары – 20% (5 бала), орташа – 52% (13 бала), төмен – 28% (7 бала).



1 сурет. №7 «Айгөлек» ересек топтағы балаларға


диагностика жүргізудің қорытынды нәтиже көрсеткіштері

2 кесте - №8 «Еркетай» ересек топтағы балаларға диагностика жүргізудің қорытынды кестесі (қиял дамуының деңгейін анықтау)







Әдістемелер

Деңгейі

«Әңгіме құрастыр»

«Ерекше сурет салу»

«Ойын ойлап тап»

Қорытынды
(пайызбен)

1

жоғары

7

3

9

28

2

орташа

15

13

10

40

3

төмен

3

9

6

32

Анықтау эксперименттің нәтижесі бақылау топтағы балаларға жүргізілген қиял дамуының деңгейін анықтаудың үш диагностикалық әдістемелері бойынша келесі орташа көрсеткіштерінің қорытынды нәтижелерін көрсетті: жоғары – 28% (7 бала), орташа – 40% (10 бала), төмен – 32% (8 бала).





2 сурет. №8 «Еркетай» ересек топтағы балаларға диагностика жүргізудің қорытынды нәтиже көрсеткіштері


Сонымен, диагностиканың нәтижелерін талдау эксперименттік және бақылау топтарындағы балалардың қиялының дамуы төмен деңгейде көрсетті.


Осының бәрін ескере отырып, қалыптастыру экспериментте ересек мектеп жасына дейінгі балалардың қиялын дамыту жолдары қарастырылады.
Келесі әдістеме мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін анықтауға «Сандарды есте сақтау» әдістемесін қолдандық.
Әдістеме аз уақыттық көру есін, оның көлемін және дәлдігін бағалауға арналған. Мұндағы негізгі міндет тексерілушілерге 20 секунд ішінде 12 екі сандық сандар кестесі көрсетіледі. Оларды есте сақтау керек және көрсетілген кестені алып тастағаннан кейін сандарды бланкіге жазу керек. Аз уақыттық көру есі дұрыс жазылған сандар санымен бағаланады. Ересек топтағы балалар нормасы - 5 және одан жоғары. Әдістеме топтық тестке ыңғайлы.
12 екі сандық сандар кестесі



13

91

47

39

65

83

19

51

23

94

71

87

3 кесте - №7 «Айгөлек» және №8 «Еркетай» ересек топтағы балаларға диагностика жүргізудің қорытынды кестесі (есте сақтау қабілеті дамуының деңгейін анықтау)







Деңгейі

№7 «Айгөлек» ересек топтағы балалар

№8 «Еркетай» ересек топтағы балалар

Қорытынды
(пайызбен)

1

жоғары

3

5

16

2

орташа

12

11

46

3

төмен

10

9

38

Анықтау эксперименттің нәтижесі бақылау топтардағы балаларға жүргізілген есте сақтау қабілеті дамуының деңгейін анықтауда келесі орташа көрсеткіштерінің қорытынды нәтижелерін көрсетті: жоғары – 16% (8 бала), орташа – 46% (23 бала), төмен – 38% (19 бала).



3 сурет. №7 «Айгөлек» және №8 «Еркетай» ересек топтағы балаларға диагностика жүргізудің қорытынды нәтиже көрсеткіштері


Келесі Ландольт сақиналары әдістемесі зейіннің тұрақтылық және өнімділік қасиетін анықтауға арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет