«Сиқырлы гүл – жетігүл» ойыны
Мақсаты: ойлауды дамыту, берілген заттың түстің және түстерді атау іскерлігін нығайту.
Барысы: тәрбиеші балаларға жеті жапырақтан тұратын гүлді көрсетіп, олардың жапырақтар түсін атауды сұрайды. Содан балалар «гүл - жетігүл» жапырақтарының түсі сияқты заттарды атайды. Кім соңғы затты атаған, сол жапырақты аяқтайды.
«Өз биіңді ойлап шығар» ойыны
Мақсаты: фантазия, дене әсемдігі мен иілігштігін, бұлшық еттер қысымын төмендетуді дамыту, моторлы және эмоционалды деңгейде өзін көрсете алуды ынталандыру.
Барысы: тәрбиеші шеңбер ортасына тұрады. Ол ән ырғағына бірнеше би қимылдарын орындайды. Балалар оның биін қайталайды. Содан кейін ол кез келген қатысушыны түртеді, ол шеңбер ортасына шығып, өз биін шығарады, ары қарай солай жалғасады.
«Құрылысшылар» ойыны
Мақсаты: эмоциялы-коммуникативті сферларды, қиялын, әртүрлі қимылға еліктеу қабілетін дамыту.
Барысы: балалар бір сызық бойына тұрады. Тәрбиеші оларға ойын ойнауды, әртүрлі қимылдарды денесі және бет-әлпетімен елестетуді, көрсетуді ұсынады, бірінші көршісіне береді:
- ауыр цементі бар шелек;
- жеңіл қылқалам;
- кірпіш;
- үлкен ауыр тақтай;
- шегелер;
- балға.
Педагог дене тұрысы, дене бұлшық еттер қысым дәрежесін қадағалайды және «құрылысшылардың» бет әлпеті беріп жатқан ауырлық пен көлеміне сәйкес көрінуі керек.
«Келісілген әрекеттер» ойыны
Мақсаты: қиялын, жұп болып әртүрлі әрекеттерге еліктеу қабілетін дамыту.
Барысы: Балалар жұптарға бөлінеді. Олар жұптасып әрекет көрсетуі керек:
- арамен ағаш кесу;
- қайықта есу;
- жіп орау;
- арқан тарту;
- хрусталь құмыра тапсыру;
- жұпты би.
«Кемпірқосақ түсі» ойыны
Мақсаты: ойлауды, нұсқа бойынша заттар түсін ажыратып, атау іскерлігін дамыту, табиғатқа танымдық қызығушылықты қалыптастыру.
Барысы: тәрбиеші балаларға әртүрлі түсті жеті (қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін түсті) шеңберлер таратады, содан кейін балаларға көкеністер, жемістер, ойыншықтар, жануарлар бейнелері көрсетеді. Мына сұраққа: «Қандай түсті (зат аталады)?» - балалар қажетті түсті шеңберді көрсетеді. Соңында кемпірқосақ көрсетіледі және балалар бірден барлық түстерді көрсетулері керек.
Достарыңызбен бөлісу: |