«Жеті лақ және қасқыр» сахналау- ойыны Мақсаты: шығармашылық қиялды, балалар фантазияларын дамыту, сөздік белсенділігін ояту.
Барысы: тәрбиеші балалармен бірге «Жеті лақ және қасқыр» ертегісін еске түсіреді. Ертегі аяқталғаннан кейін тәрбиеші осы ертегіні жалғасытруды сұрайды. Мысалы, қайтадан ешкі мен лақтары өз үйлеріне қайтып келеді. Ал ешкі қайтадан орманға кетеді. Лақтары үйде жалғыз қалады, кенеттен есік қағылады. Лақтар қатты қорқып, тығылады. Тек жалғыз ең кішкентай лақ қорықпайды. Ол барып есікті ашады, ал онда қоян екен.
Ары қарай тәрбиеші балалармен бірге өз ойлары бойынша ертегіні жалғастырады.
Екінші нұқса: түрлі сюжетті суреттерді немесе ойыншықтар жинағын қолданып, ертегі құрастыруға болады. Мысалы, қыз бала көшеде балмұздақ ұстап келе жатыр.
«Болашаққа саяхат» ойыны Мақсаты: сөздік шығармашылықты, қиялды, балалар фантазиясын дамыту.
Барысы: тәрбиеші балаларға қиялдап, болашақ ертегі кейіпкерлерін тауып көруді ұсынады. Ол үшін әртүрлі ертегілерге көркемдеуді немесе әртүрлі ертегі кейіпкерлер бейнесін қолдану ұсынады. Балаларды топқа бөлуге болады және әрбір топ соңында өз оқиға нұсқасын ұсынады. Мысалы, Қызыл телпектің әжесін құтқарғаннан кейін аңшылар не істейді.
«Өткенге саяхат» ойыны Мақсаты: шығармашылық қиялды, нақты іс-әрекет нәтижесін талдау және болжау іскерлігін дамыту.
Барысы: бұл ойын алдыңғы ойынға ұқсас, бірақ мұнда тәрбиеші балаларға өткенге ой жүгіртіп, сүйікті ертегі кейіпкерлерін сомдауды ұсынады. Ол үшін тағы да әртүрлі ертегілерді көркемдеуге немесе әртүрлі ертегі кейіпкерлер бейнесін қолдануға болады. Тәрбиеші балаларға неліктен Жалмауыз үнемі ашулы, оның аты неге Жалмауыз, оның балалық шағы қалай және ол бала кезінде қандай болды деген сұрақтарға талдау жасауды ұсынады.
Балалар өз ертегілерін айтқаннан кейін сұрақ қою керек: ашулы және сұм Жалмауыз мейрімді, ықыласты болу үшін не істер едіңдер? Жалмауыз жауыздық жиі жасайды, оған енді жауыздық жасамау үшін қалай көмектесер едіңдер?