Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдістерінің дамуы»
Работа диплом
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші деңгейі ретінде қазіргі жағдайда табысты бейімделуге қабілетті баланың тұлғалығын дамыту мен қалыптастыру үшін жағдайды қамтамасыз етуге икемделінген. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, тұрақты дамудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жылдам ақпараттануы мен динамикалылығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға қойылатын талаптарды күшейтеді. 2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуға толық қамтуды, мектепке дайындау үшін оларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әр түрлі бағдарламаларына тең қатынас құруын, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңартуды қамтамасыз ету міндеті қойылған [1]. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызын арттыру жалпы әлемдік үрдістер қатарына жатады. Соңғы онжылдықта балаларды күту мен қарау бойынша жекелеген білімдік қызметтер көрсетудің орнына ұлттық білім беру жүйесінің маңызды бөлігі ретінде баланың дамуының ерте кезеңін және мектепке дейінгі білімді берудің қажеттілігін түсінді. Көптеген дамыған елдерде балалар бақшасына бару міндетті және тегін болып саналады. Мектепке дейінгі білім беру неғұрлым салмақты қаржыландырылса, адамдар солғұрлым ғұмыр бойы жақсы өмірлік нәтижелерді көрсетеді. Өйткені мектепке дейінгі балалық шақта тұлғаның параметрлері мен ерекшеліктері қаланады, көбінесе оның интеллектуалдық және физикалық қабілеттерінің, мүдделері мен мүмкіндіктерінің келешектегі даму сапасы мен бағыты анықталады. Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялық-педагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жастың зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын анықтайтын шарт екендігін дәлелдеді [2]. Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, еліміздің әл-ауқаты үшін де өмірлік маңызды мәні бар. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін және мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту векторы ретінде стандарттар әзірлеу қажеттілігі туындады. Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың стандартына балаларды балабақшада және мектепалды даярлық топтарында тәрбиелеу мен оқытудың психологиялық-педагогикалық негізіне қойылатын талаптар жүйесі кіреді. Стандарт педагогикалық үрдісті ұйымдастыру ережесін берді, оның қатысушыларының рөлі мен орнын анықтайды, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің отбасы және бірлестіктермен қарым-қатынасын реттейді. Стандарт тәрбиелеу мен оқыту мазмұнына қойылатын нормалар мн талаптар жүйесін белгілейді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы педагогтар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің максималды көлемін, 1 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балалардың даму деңгейіне және олардың балабақша, мектепалды даярлық топтары және отбасы жағдайында негізгі құзыреттіліктерді игеруіне қойылатын талаптарды анықтайды. Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиелеу мен оқыту мазмұны Қазақстан Республикасының жаңа білім беру стандарты (2009) негізінде жаңартылған. Мектепке дейінгі балалық шақ - баланың моральдық-адамгершілік бейнесін қалыптастырудағы маңызды кезең [3]. Дәл осы кезеңде баланың жеке тұлғасының дамуын анықтайтын құнды бағыттар, алғашқы адамгершілік түсініктері, сезімдері, әдеттері, қарым-қатынасы қалыптасады. Мектепке дейінгі білім беру үздіксіз тәрбие берудің алғашқы сатысының және балаларды ерте шақтан әлеуметтендірудің әлемдік үлгісі болып қала береді, өйткені тәрбиелік үдерістің үздіксіздігі бала өмірінің мектепке дейінгі, мектептегі және кейінгі жылдарын байланыстырады. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемедегі баланы дамытушылық және жеке тұлға ретінде қарай отыра оның қызығушылықтары мен құқықтарын түсінуде және құрметтеуде қажет гуманитарлық жаңа жолына бағыттайтын жүйесін қалыптастыру. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасында 2010-2020 жылдарғы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына, бала құқықтары туралы конвенцияға, адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының халықаралық декларациясына, «Жалпыға білім беру» бағдарламасына, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудің мемлекеттік стандартына негізделген [4]. Танымдық белсенділікті психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс-әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді. Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану – бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды. Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады [5]. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қадағалауды ұйымдастырып, негізгі құзыреттілікке, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғалық мәдениетке ие бала тұлғасын дамыту». Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С. Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский, И.Я. Лернер т.б. [6-10] зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, танымдық және жекелей дамуымен ажыратылады. Танымдық белсенділік баланың психологиялық – денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау, түйсік, ес, қиял ерекшеліктеріне тоқталып, оларға анықтама береміз. жүктеу/скачать 158,36 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |