«Суреттерді жандандыру» ойыны Мақсаты: қиялды, шығармашылық ойлауды, қолдың ұсақ моторикаларын дамыту.
Барысы: тәрбиеші балаларға геометриялық фигуралары салынған парақтарды таратады. Балалардың міндеті бөлшектерден сурет құрастырып, аяқтап салу.
«Ертегі құрастыру» ойыны Мақсаты: логикалық ойлауын, қиялын, фантазиясын, ойша тек жеке заттарды емес, сонымен қоса толық мәтінді есте сақтау іскерлігін дамыту.
Барысы: тәрбиеші балаларға әрбіреулері өз ертегілерін құрастыруды сұрайды. Алдымен ойыншылар ертегі тақырыбын ойлап табады, негізгі кейіпкерлерді және олардың сипаттамаларын таңдайды. Бірнеше уақыт өткен соң ойыншылар бір-бірлеріне өз ертегілерін әңгімелеп береді, олар талқыланады және бағаланады. Жоғары бағаны аса жүйелі, нақты және өзінше оқиға алады.
Екінші нұсқа: ойынның барлық қатысушылары аяқталмаған бейнесі бар парақ беттерін алады, онда әртүрлі сынық сызықтар және геометриялық фигуралар салынған. Әрбір қатысушылар бейнені берілген аяқталмаған суреттер тапсырма тақырыбына сай (мысалы, ертегі қорғаны) аяқтап салулары керек, содан кейін сол бойынша ертегі оқиғасын ойлап табады. Содан соң барлығы бірге суреттерді қарайды, оқиғаны тыңдайды және толықтырып және өзінше оқиғаны анықтайды.
Ойынның тақырыбын өзгерту ұсынылады, «Сиқырлы алаң», «Жер асты патшалығы» немесе «Ертегідегі ғарыш кемесі» және т.б. атауға болады.
«Пиктограмма» ойыны Мақсаты: балада есті, тікелей есте сақтау, фантазиясын дамыту.
Барысы: тәрбиеші балаға суреттің көмегімен сөздерді есте сақтауды ұсынады. Бала есте сақтауға берілген әрбір сөздің схемалық суретін, бейнесін салуы керек, себебі оған қарап ұсынылған сөздерді есіне түсіреді. Ересектер 5-7 қарапайым сөз немесе сөз тіркесін айтады, мысалы: «қызықты ойын», «жазалау», «шаттық» және т.б.
Бала әрбір айтылған сөзден кейін суретін салады. Барлық суреттер салынып аяқталған соң, ересек қандай сөздер айтқанын олардың көмегімен еске түсіруді баладан сұрайды. Егер 5-7 сөз бала үшін көп болса, онда ойынды 2-3 сөзден бастап, біртіндеп олардың санын көбейтуге болады.