Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдістерінің дамуы»


Мектепке дейінгі балалардың таным үрдістерінің даму ерекшеліктері



бет6/18
Дата29.12.2022
өлшемі158,36 Kb.
#60184
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Работа диплом

1.3 Мектепке дейінгі балалардың таным үрдістерінің даму ерекшеліктері

Мектеп өмірінің мектепке дейінгі жастағы балалардың кезеңі қазіргі уақытта 3-4 жастан 5-6 жасқа дейінгі жас ерекшелік диапазонын қамтиды. Бұл кезеңде баланың жүйелі оқуын қамтамасыз ететін физикалық және психофизикалық дамуы жүріп жатады. Ең алдымен, жүйке жүйесі, бас миының жұмысы жетіле түседі. Физиологтардың айтуынша, 6 жасқа қарай үлкен жарты шар қыртысы едәуір жетіледі. Бірақ қыртыстың реттеуші функциясының жетімсіздігі бұл жастағы балалардың әрекетінен, эмоциясының ұйымдастырылуынан байқалады: мектеп жасына дейінгі балалардың ұзақ уақыт зейінін тоқтата алмайды, өте қозғыш, эмоционалды [11]. Мектеп жасына дейінгі кезеңіндетүрлі балаларда психофизиологиялық дамудың бірдей еместігі байқалады. Сондай-ақ ұл балалар мен қыз балалардың дамуында қарқынды өзгерістер болады. Көп жағдайда қыз балалар ұл балаларға қарағанда неғұрлым алдыда. Бұл туралы кейбір психологтар (келесі қорытындыға келеді) негізінде мектеп жасына дейінгі кезеңінде «бір партада әр түрлі жастағы балалар отырады» - деп қорытынды жасайды. Мектепке дейінгі ұйымдарда оқудың басталуы баланың дамуындағы әлеуметтің жағдайының түпкілікті өзгеруіне әкеледі. Ендігі уақытта ол «қоғамдық» субъект бола бастайды және әлеуметтік мәні бар, орындалу нәтижесіне қоғамдық баға берілетін міндеттерді мойнына ала бастайды.


Мектепке жасына дейінгі кезеңінде негізгі әрекет ойын әрекеті болып табылады. Ойын әрекеті осы кезеңдегі балалардың психикалық дамуының негізгі өзгерістерін анықтайтын болады. Ойын әрекетінің негізінде балалардың дамуындағы маңызды жетістіктермен белгіленетін психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасады. Ал жаңа құрылымдар келесі жас кезеңінің қалыпты дамуын қамтамасыз ететін іргетас болып есептеледі.
Мектепке дейінгі жастағы балалар кезеңінде қоршаған орта адамдарымен қарым-қатынастың жаңа типі қалыптаса бастайды. Үлкендердің шартсыз беделі төмендей түседі де, бала үшін оның құрбыларымен қарым-қатынасы жаңа маңызға ие болады.
Осылайша, мектепке дейінгі жастағы балалардың орталық жаңа құрылымдары келесі факторларды құрайды:

  • іс-әрекет және әрекетті шартты түрде бағыттаудың дамуының сапалы жаңа кезеңі;

  • рефлексия, анализ (сараптау), әрекетті іштей жоспарлау;

  • сыртқы орта заттары мен құбылыстарына жаңа танымдық қатынастың дамуы;

  • құрбы-құрдас топтарына ориентация.

Э. Эриксонның концепциясы бойынша, 2-5 жас аралығы балаға еңбек сүйгіштікке бағытталған еңбек өміріне тартуды қамтамасыз ететін жүйелі білім мен дағдыны беру кезеңі болып табылады [12].
Маңызды жаңа құрылымдар психикалық дамудың барлық сфераларында көріне бастайды: интеллект, жеке тұлға, әлеуметтік қатынас жаңа өзгерістерге ұшырайды. Бұл үрдістегі ойын әрекетінің негізгі ролі мектеп жасына дейінгі балалардың басқа да іс-әрекетке қатысатындығын жоққа шығармайды. Барлық таным үрдістерінің түрлі іс-әрекетпен айналысуының нәтижесінде жалпы ерекшеліктері олардың (таным процестерінің) шарттылығы, өнімділігі және тұрақтылығымен анықталуы тиіс.
Баланың зейінін тәрбиелеу. Зейін – адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады.
Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады.
Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіннің әртүрлі қасиеттерін зерттеуге арналған әдістемелер. Мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында көптеген ұқсастықтар бар.
Егер сәбилік шақтың өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі шақта мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделене және жетіле түсуі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі шақта қалыптаса бастайды.
Сәбилік шақта балалар заттарды аудара-төңкере құбылтуда немесе суреттерді қарауда зейінін шоғырландырады, көптеген тәжірибе жинақтайды, шимай-шатпақтарынан машинаны немесе үлкен кісіні көре бастайды. Бірақ осының бәрі заттардың олардың қасиеттері мен қатынастарын практикалық іс-әрекеттері, төңіректі жалпы бағдарлаудың нәтижелері, бірақ жаңа бейнелерді жасау немесе оларды есте сақтау, зейін қою емес. Сондықтан сәбилік шақтағы баланың зейіні, есі, қиялы ырықсыз алдын-ала ойланбаған болып табылады. Яғни, бұл бала мектепке дейінгі шақтан соң да осылай болып қала береді. Мектепке дейінгі ақыл-ой дамуының осы жақтарын зерттей отырып, біз белгілі бір сәтке дейін тек сандық өзгерістерді ғана, зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын, материалды есте сақтаудың ұзақтығының арта түсетінін, қиялының болатынын көрсете аламыз.
Мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың бірнәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және содан кейін оны жақсарту, ойынның, суреттің т.б. ой желісін құру сияқты ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады.
Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қайсыбірін пайдаланады. Міне,сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды, солардың арқасында еркін, алдын-ала ойластырылған сипатқа ие болады.Мектепке дейінгі шақтың басында баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен шоғырланады. Жаңа бір нәрсе пайда болса, баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан баланың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады [13]. Мектепке дейінгі шақта балалар іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі балалар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа созылады.
Балалар сурет көргенде әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есеге артады да, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда, 6 жасар бала суретті жақсырақ түсінеді және өзіне қызықты жақтарын егжей-тегжейлерін бөліп көрсетеді.
Бірақ мектепке дейінгі шақта зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш рет өз зейінін меңгере білуінде. Оны сапалы түрде белгілі заттарға, құбылыстарға бағыттай білуінде, кейбір тәсілдерді пайдалана отырып, соларға зейін қоя білуінде.
Ықтиярлы зейіннің бастамалары баланың жеке басынан тыс жатыр. Бұл ықтиярсыз зейіннің өздігінен ықтиярлы зейіннің пайда болуына әкеліп соқпайтындығын көрсетеді.
Ықтиярлы зейін үлкендердің баланы іс-әрекеттің жаңа түрлеріне тартуының, белгілі бір құралдарының көмегімен оның зейінін бағыттап, ұйымдастыруының арқасында қалыптасады. Баланың зейініне басшылық жасай отырып, үлкендер кейін солардың көмегімен ол өз зейінін өзі басқара алуға болатынын оған қажетті жолдарын үйретеді.
Зейінді нақтылы дара тапсырмаларға байланысты ұйымдастырудың ахуалдық құралдарынан басқа жан-жақты құралы – сөйлеу.
Үлкендер баланың зейінін сөзбен нұсқау беру арқылы ұйымдастырады. Мысалы, мұнараны тұрғызғанда алдымен дөңгелекшелердің ең үлкенін таңдап ал... Міне дұрыс болды. Ал енді үлкені қайсы?, - іздеп көр т.б.
Кейін балалар қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін зейін салуға тиісті заттар мен құбылыстарды сөз арқылы өзі белгілей бастайды.
Мектепке дейінгі шақта өз зейінін ұйымдастыру үшін сөздер пайдалану күрт өседі, яғни айтқанда мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12 рет жиі қайталай алады. Сонымен баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлы зейін қалыптасады.
Мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз зейін басым болып қала береді. Мектеп жасына дейінгі бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту, ықтиярлы зейінге үнемі күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементтері іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту баланың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.
Зейінді дамыту мен тәрбиелеуде мынадай жаттығулар қолдануға болады:
Зейінді аудару қабілетін дамыту жаттығулары:
1. Балаға әртүрлі сөздерді атаңыз: үстел, керует, кесе, қарындаш, дәптер, кітап, шанышқы т.б. Ол келісім бойынша белгілі бір сөздерге қимылмен жауап беруі керек. Бала мұқият тыңдайды да мысалы, жануарды білдіретін сөздерді естігенде, алақанын соғады. Егер бала шатасып кетсе, тапсырманы қайталаңыз.
2. Келіскендей өсімдіктерді білдіретін сөздерді есіткенде, балаға орнынан тұруды ұсыныңыз.
3. Бірінші және екінші тапсырманы біріктіруге болады, яғни бала жануарды білдіретін сөзді естігенде алақанын соғады да, қандай да бір өсімдікті білдіретін сөзді естігенде орнынан тұрады.
Осындай және осыған ұқсас жаттығулар зейінділікті, зейіннің бөлінгіштік және аударылу жылдамдығын дамытады да, ал сонымен бірге баланың ой-өрісін кеңейтіп, танымдылық белсенділігін арттырады. Мұндай ойындарды жарыс түрінде балалар тобымен жүргізуге болады.
Зейінді шоғырландыруды дамыту жаттығулары:
1. Сабақты жүргізу үшін 10-15 айырмашылықтары бар екі жұбын, бірнеше бітпеген суреттер немесе қисынсыз мазмұнды суреттер, бірнеше жартылай боялған суреттер дайындау қажет.
2. Бірінші тапсырмада балаға берілген жұп суреттерде барлық айырмашылықтарды атау ұсынылады.
3. Екінші тапсырмада балаға бірінен соң бірін бітпеген суреттерді көрсетеді де, не салынбай қалғанын сұрайды немесе қисынсыз мазмұнды суреттерді таңдап алып, сәйкессіздікті табуды сұрайды.
4. Үшінші тапсырмада бірінші бөлігінің боялғанындай суреттің екінші бөлігіне бояуы керек.
Барлық үш тапсырма бойынша нәтижелік бағаланады – дұрыс аталған айырмашылықтар саны, аталған жетімсіз бөлшектер және қисынсыздықтар саны, сонымен бірге дұрыс боялған бөлшектер саны.
Балада түйсіктердің дамуы мен өзара байланысуы. Балада түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның күлақ түтігі суға толы болады да ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елендемесе оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мундайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дүрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп кеңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарык түсіріп түрған затқа бүра бастайды, қозғалмалы затгарға көзін тоқтатуға тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден де байқалады.
Түйсік – адамның және басқа жан иелерінің жан қуатынан туындаған танымдық сезімі. Түйсік айналадағы нәрселердің сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп, олардың жеке қасиеттерінің санада таңбалануы. Түйсік заттардың түр-түсін, ыстық-суығын, дәмін, иісін, т.б. сипаттары мен қасиетін ажырататын дүниетанудың алғашқы сатысы. И.П.Павлов түйсіктердің пайда болуын жүйкедегі талдағыштардың (анализатор) жұмысына байланысты түсіндіреді [14]. Талдағыштардың қай-қайсысы болмасын үш бөліктен тұрады. Біріншісі – сезім мүшесі (рецептор), екіншісі – миға баратын жүйке талшықтары, үшіншісі – мидағы әр түрлі жүйке орталықтары.
Түйсік - материалдық дүниедегі белгілі бір кезде адамның тиісті сезім ағзаларына әсер ететін заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын бейнелейтін қарапайым психикалық үрдіс.
Термин 4 түрлі мағынада қолданылады:
1) берілген биологиялық түрге тән алынбаған реакция;
2) белгілі бір түрге тән белгілі тәсілмен жауап қайтара алуға бейімділік. Бұл бейімділік бақыланатын мінез-құлықтың негізі болып табылады;
3) дамудың белгілі бір шартында, әуестену күйінде, стимулды жағдайларда пайда болатын күрделі әрекеттер жинағы. Бұл мағына көбінесе этологияда қолданылады, мысалы, белсенділіктің тіркелген паттерндері;
4) алынбаған, тұқым қуалау арқылы берілетін тенденциялар, мінез-құлықтың күрделі модельдерінің мотивациялық күштерінің функцияларын орындайды. Бұл мағына классикалық психоанализде қолданылады.
Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, содан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жүрт бастауы түйсіктердің дамуына қолайлы әсер етеді. Мектепке түскенге дейін туйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипай сезу, қозғалыс т.б.) біршама қалыптасып үлгереді.
Түйсіктердің қайсысын болса да калағанымызша жетілдіруге болады. Егер адам алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және осыған жаттығатын болса, онда түйсіктері ойдағыдай дами түседі. Түйсіктердің адамның іс-әрекетіне байланысты дамып отыратындығын, көптеген мамандықтардың тәжірибелері айқын сипаттайды.
Түйсікті дамытуға арналған ойын-жаттығулар, тапсырмалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет