Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы


«Интербелсенді оқыту әдістері» ұғымның мәні мен маңызы



бет4/10
Дата21.04.2022
өлшемі79,84 Kb.
#31801
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.1 «Интербелсенді оқыту әдістері» ұғымның мәні мен маңызы

Қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі, оның ішінде білім беру ісіндегі өзгерістер елімізде өт іп жатқан реформалармен ғылыми-техникалық прогрестің алғы шарттарының бірі. Оның үстіне бүкіл әлемдік білім беру кеңістігінде ену мақсатында Қазақстан Республикасында білім берудің жаңаша жүйесі құрылуда. Аталған өзгерістер оқу-тәрбие үрдісіндегі болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіндегі жаңаша қаруды, қол жеткізген табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың оку белсенділіктерін дамытуды және мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Осы мақсатта педагогика ғылымын дамытуда үлес қосқан ірі тұлғалы ғалымдар, философтар, педогогтар ертеден-ақ өз үлестерін қоса білді. Мысалы, М.Данилов пен Б.Есиповтың «Дидактика» кітабында «Оқыту әдістері оқушылардың оқыпгүйренушілерге көмектесу тәсілдері, осы тәсіл арқылы таным күштерін дамытады», - деп жазған [18,3].

Авторлар әдістерді ғылыми және дидактикалық деп топтай келе, педагогикалық дидактикалық әдістер психологиялық басымдық көрсететін көзқарас деп тұжырымдайды. Кез-келген құбылыс элементі сияқты оқыту әдісінің субъективті және объективті бөлімі бар. Ресей халқының ағарту ісінің білгір қайраткері К.Д.Ушинский «Ана тілін» оқытуға басшылық еңбегінде, В.А.Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» еңбегінде, В.Ф.Шаталов, Н.А.Менчинская, П.П.Блонский, Я.А.Пономаров т.б өздерінің еңбектерінде атап көрсетеді [19; 20; 21; 22; 23; 24].

Қазак халқының түлғыш ағартушысы Ы.Алтынсариннің «Таңдамалы педагогика мұралары» және М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» т.б. еңбектерінде жастарға білім беру саласында өскелең өмір жағдайында оқу белсенділігін дамытудың маңыздылығына көп тоқталады. Бала психологиясЫн жан-жақты зерттеп оны терең білу, оның даралық ерекшеліктері мен үнемі санасып отыру мектеппен мұғалімдердің жауапты да құрметті міндеті деп түсіндіреді. Сондықтан бірінші кезектел мектеп мү- ғалімдері алдын ала оқытудың әдістеме негіздерін жан-жақты менгерумен қатар мектеп жасындағы балалардың жасына сэйкес әрі жекелей физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ жас жеткіншектердің қалыптасуындағы психологиялық заңдылықтарды терең білу міндеті қойылуда[25; 26].

Окушылардың оку белсенділігін дамытуда бірінші кезекте мотивациялық компанентерді жүзеге асыратын оқытудың әдістері мен тәсілдерін қолдану және білім алуға өз бетінше ізденуін, оқушылардың бағдарлық іс-әрекеттерін қалыптастыруын Ресейдің педагог ғалымдары И.Я.Лернер, А.М.Матюшкина, М.И.Махмутов өз еңбектерінде қарастырған [27; 28; 29].

Баланың бойында даму процесі өмір бойы.жүріп отырады, сол даму процесінде баланың оқу белсенділігі артады. Балалар бастауыш сынып кезінде-ақ өмір процесіндегі шындықты, болмыстағы құбылыстар мен заттарды анықтап білуге, адамзаттың тарихи тәжірибесін менгеруге талпынады. Ал, балалардың әр нәрсені білуге құмартуынан таным ынтасы оянатындығы мәлім. Осы жаста балалар қарым-қатынас шеберлігі кеңеюінің маңызы артады. Оқушылар бойындағы өзгерістер мұғалімдерден оқу тәрбие жұмысын нақты мақсатқа бағытталуды талап етеді. Оқу белсенділіктің негізгі жетекші" түрі оқу болғандықтан, оқу арқылы олардың таным процесі яғни қабылдау, қиял, ес, зейін, ойлау қабілеттері дамиды.

Педагог-ғалым Сабит Бабаевтың «Жалпы педагогика» атты оқу құралында «Белсенділік» (акивность) - оқушының оқып-үйренуге болған қатынасы, оның құрлымдық элементтері:

1) оқу тапсырмаларын орындауға әрдайым дайын болу;

2) дербес іс - әрекетке құлшыныс;

3) тапсырма орындауға саналық;

4) оқу жүйелілігі;

5) білім деңгейін көтеруге қызығу,- деп түсініктеме береді [30].

Балардың оқуға деген қатынасын мұғалімдер әдетте олардың

белсенділігі мен сипаттайды. Демек, белсенділік оқушылардың іс-әрекет аясына ену дәрежесімен анықталады.

Белсенділіқ құрылшы біз жоғары да атап өткен бірліктерден тұратынын анықтадық. Оқушылардың танымдық белсенділігі мен дербестігі өзара байланысты: белсенділігі күшті оқушылар, әдетте, дербес жұмыс істеуге қабілетті келеді. Белсенділік арттырудағы басты мақсат - оқушылардың оқуға деген құштарлығына нәр беріп, оқу-тәрбие жұмысының сапасын көтеру. Педагогикалық тәжірибелерде белсенділік арттырудың әртүрлі жолдары пайдаланылады. Олардың ішінде оқытудың әртүрлі формалары, әдістері, құрал-жабдықтары, оларды әрқилы жағдайлардың туындауына сәйкес бір - бірімен ұштастырылып, оқушылардың белсенділігімен дербестіне дем беру. Сабақ жағдайланында оқушылардың белсенділігін арттыруға келесі әрекеттер тиімді:

- өз пікірін қорғап қалу;

- талқылау мен пікір сайыстарға қатынасу;

- жолдастарымен мұғалімдерге сұрақ қоя білу;

- жолдастарының жауаптарына пікір білдіру;

- сыныптастарының жауаптарымен жазба жұмыстарын тексеру және бағалау;

- үлгерімі төмен оқушыларға көмек беру;

- қойылған мәселелерді шешудің әрқилы жолдарын іздестіру;

-өзіне белгілі тәсілдерді білікті қолдану жолымен танымдық мәселелерді шеше білу.

Елде болып жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық және т.б. өзгерістер білім беру жүйесіне де әсер етуде. Бұл өзгерістер оқыту әдістемесінде жаңартулар ғана емес, мектептерде жаңа пәндер, ендіруге қажеттілік тудырды.

Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.

Біздің ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгінгі таңда қоғамды шешім қабылдауға тартудың маңызы арта түсті. Осы бағытта оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін әдістемелік тәсілдер интерактивті деп аталып жүр. Бұл әдістерді қолдану сырттай өте жеңіл көрінгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.

Интерактив - ағылшынның "өзара әрекет” деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым - қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс -әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.

Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.

Қорыта айтқанда, еңбекке баулу оқу пәнінің білім беру мазмұнының өзгерістері мен жетілуіне ықпал еткен өндірістер мен қызмет көрсету салаларындағы еңбек түрлерінің жаңаруы мен мазмұнының өзгеріп отыруына, жалпы айтқанда, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыра отырып, оқушылардың жаңа еңбек түрлері мен мазмұны бойынша таныстырулар жасап, олардың қарапайым еңбек тәсілдеріне үйрете, өзбетімен болашақ мамандықтарын саналы таңдауға мүмкіндік беруге бағытталған.

Қазіргі жаңартылған білім беру үдерісінде қалыптасып отырған жаңа атаудағы «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасы кіріктірілген тұрғыда білім берудің теориялық негізіне сәйкес анықталғаны белгілі[5]. Бұл атаудағы оқу пәнінің білім беру мазмұнына талдаулар жасау барысында, оның тұжырымдық бөлімінде, яғни мақсаты – оқушылардың көркемдік-технологиялық білімі мен іскерліктерін қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттері мен ойлауын дамытуға бағытталып, еңбекке баулу оқу материалдарына басым бейімделсе, оның нәтижеге бағытталған оқыту мақсаттарының жүйесі бейнелеу өнері оқу материалдары кеңінен қарастырыла қамтылғаны байқалады. Екі оқу пәнерінің кіріктіріле құрылған мақсаты мен білім беру мазмұны арасында үйлесімділіктің толық анықталмағаны және қисынсыздықтың белгілері айқындалып отыр.

Кіріктірілген «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының құрылуында ескерілетін мәселе, ол кіріктіре білім беру мен оқытудың теориялық негізін ерекше көңіл аударылуы қажет еді. Ол білім беру тұрғысында екі оқу пәннің біріктірілуінде бір оқу пәнінің оқу материалының басымдылығымен анықталуды ұсынады. Бірақ, ол оқу материалы қоғамдық қажеттілікті, оқушы тұлғасының сұранысы мен қызығушылықтарын ескеруі абзал. «Көркем еңбек» оқу пәнінің атау мазмұнында да бейнелеу өнерінің оқу материалына тән белгі – «көркем» ұғымымен ғана байланысты болып қана тұр. Оның өзі де тек «механикалық» сөз құрауға ғана қажет болғаны байқалады. Шын мәнінде «көркем» сөзіне емес «еңбек» ұғымы сөйлемнің және «көркем еңбек» атаудың түйінді мәнін ашады. Олай болса, «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының мақсаты орынды анықталып, ал, оқыту жүйелерінің мақсаттары және қолданылатын ресурстар бейнелеу өнер оқу материалдарына икемделіп кеткені анықталып отыр. Сондықтан, кіріктірілген «Көркем еңбек» оқу бағдарламасының білім беру мазмұнында жетекші білім беру мазмұны технология оқу материалы болып сақталуына толық дәрмендігі бар. Ал, бейнелеу өнері оқу материалы оқушылардың еңбек өнімдерін жасау барысында қолданбалы сипаттағы, яғни бұйымдарды әсемдеу мен көркемдеу тәсілдерін қолдануда ғана қажет етеді. Көркем еңбек оқу пәнінің сабақтарында оқушылар технология оқу пәнінің оқу материалдарымен тығыз жұмыстана отырып, өздерінің танымдық, тұлғалық және әлеуметтік қасиеттерін дамытуға толық мүмкіндіктері бар.

«Көркем еңбек» оқу пәнінің атауы технология білім беру мазмұнын толық мәнін, бейнелеуін сипаттай алмайды. Өйткені, технология оқу пәнінің оқу материалы сәндік-қолданбалы өнер мен көркем құрастыру ғана оқу материалымен шектелмейді. Сонымен бірге, электротехника және электроника, ауылшаруашылық өндірісі, конструкциляқ материалдарды өңдеу, тұрмыстық үй және үй экономикасы, кәсіби бағдар, қазіргі өндіріс технологиясы, техникалық шығармашылық сияқты оқу материалдары да қамтылған. Ал, біздің оқу пәнінің атауы «көркем еңбек». Олай болса, кіріктірілген білім беру мазмұны тек бейнелеу өнері мен технология оқу пәнінің сәндік-қолданбалы өнер мен көркем құрастыру оқу бөліміне ғана қатысты болып отыр. Технология оқу материалының қалған оқу бөлімдеріне тән оқу пәнінің атауы, оның білім беру мазмұнын толық қамтымай отыр.

Осыған сәйкес, біздің тарапымыздан бірнеше рет ұсыныстар жасалды. Ол ұсыныс «көркем еңбек» атауды «технология және дизайн» атауына алмастыру. Оның себебі, кез-келген еңбекте маман өнімнің түрін анықтап, оның нобайын жасау кезінде техникалық, технологиялық белгілерін бірінші қарастырып, анықтап алады. Оны әсемдеу жағы екінші кезеңде орын алады. «Технология» деген ұғым пән атауының мазмұнында болуы кіріктірілген білім беру мазмұнын толық сипаттауға, ашуға мүмкіндігі жеткілікті. Кез-келген еңбек – ол белгілі технологиялық процестен құралады. Соның ішінде бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары бойынша жұмыстарды орындау технологиялық процесті құрайды. Сондықтан, «көркем еңбек» оқу пәнінің атауында технология деген ұғымды енгізу біршама білім беру мазмұнының мәнін толық ашуға мүмкіндік береді. Екіншіден, технология ұғымы қазіргі кезде өзектілігі мен қолданылуы кең таралып отырғаны белгілі.

«Көркем еңбек» оқу пәнінің аталуы қазіргі қоғамның дамуы мен жетілу үдерісіне үйлесімсіздігін білдіреді. Бұл атаудың білім беру саласында қалыптасуы, ол өткен ғасырдың 80-90 жылдары Қазақстанның тәуелсіздік алып, халықтың ұлттық мәдениеті мен дәстүрін қайта қалыпына келтіре жаңарту мен дамытумен байланысты. Соның негізінде технология оқу пәнінің оқу материалдары құрамында кеңінен «қолөнер», «сәндік-қолданбалы өнері», «көркем еңбек» деген атаулар жиі қолданылып отырды. Әрине, сол кезеңде «көркем еңбек» атауының өзектілігі жоғары болды. Бірақ, қазіргі кезде оқушыларды жалпы орта мектепте «көркем еңбек» оқу пәнінің білім беру мазмұнымен ғана шектемей, қазіргі қоғамның өндірісі мен қызмет көрсету саласындағы замануи технологиялар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен қалай жаңа өнімдер мен өндірістерде адамның еңбегін жеңілдете аламыз. Міне, осы қоғамның жаңа талаптары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жас ұрпақты мектептің қабырғасында дайындау қисындылығымен жанасады.

«Көркем еңбек» білім беру бағдарламасында көзделген білім берудің тұрғылары: белсенділік, тұлғалық-бағдарлы, іс-әрекеттік, құндылықты- бағдарланған, деңгейлеп оқыту, коммуникативтік, көркемдік-технологиялық аясында оқу процесінде оқушының үйренуі мен мұғалімнің үйрету арасындағы өзара қарым-қатынастағы оқу-танымдық іс-әрекеттердің оқыту мазмұнын құрауды анықтағаны белгілі[5]. Бірақ, «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасының алдында жобалы мазмұнда дайындалған «Бейнелеу өнері» оқу пәніне жасалған оқу бағдарламасында оқытудың педагогикалық әдіс-тәсілдеріне: бірлескен оқыту, белсенді оқыту, саралап оқыту, мультисенсорлы оқыту, пәнаралық байланыс, оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес, оқу әңгімелері, электрондық оқыту мен жаңа технологияларды қолдану, модельдеу түрлері қарастырылған болатын[3]. Біздің осы жаңартылған білім беру үдерісі бойынша өткен оқу курстарында бейнелеу өнері немесе көркем еңбек оқу пәнінің оқыту мазмұнында соңғы оқыту әдістері бойынша оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттермен шұғылдандыруға дайындықтар жасап, оның оқыту мазмұны бойынша облыстағы бейнелеу өнері оқу пәнінің мұғалімдеріне біліктілік курстарында қарастырып өттік.

Жоғарыдағы аталған оқытудың тұғырлары мен педагогикалық әдіс-тәсілдер өзара үйлесімділікті толық қанағаттандыра алмайды. Өйткені, әрбір білім берудің тұрғылары немесе моделдері педагогикалық құндылықтарды қарастыруда тұжырымды немесе ғылыми негізделген теориясы аясында оқытудың өзіне тән ғана оқытудың әдіс-тәсілдерін, оқыту мазмұнының ерекшеліктерін қарастырады. Ол білім берудің тұрғыларында қолданылатын оқытудың әдіс-тәсілдері Ресей Федерациясының педагог-ғалымдары мен психолог-ғалымдары біршама теориялық негіздерін қарастыра отырып, олардың оқыту әдіс-тәсілдері мен оқыту мазмұндарының үлгілері анықталған. Ал, «Көркем еңбек» білім беру бағдарламасында бірнеше білім берудің моделдеріндегі оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдануды және жүзеге асыруды көздейді. Ал, оқу пәнінің білім беру бағдарламасында да, мұғалімдерге ұсынылған нұсқаулықтарда да сол білім беру моделдерінде қолданылатын оқытудың әдіс-тәсілдері, әдістемелік ұсыныстары белгіленбеген. Егер пән мұғалімдері аталған білім беру тұрғыларын теориялық негізгі бойынша түсініктері болғанымен, ол оқыту әдістерін және оқыту әдістемелерін қалай қолдану тәжірибелері бойынша дәрмендігі төмен болмақ. Білім беру тұрғыларында қолданылатын әдіс-тәсілдерді оқу пәнінің оқыту мақсаттарына жетуге бағытталған әдістемелік әрекеттерде, ол оқыту әдістерін қалай және қандай кездерде қолдану керек? Осы мәселеге бағдарламаны ұсынып отырған авторлар қалай жауап берек?

Сол сияқты бірлескен оқыту, белсенді оқыту, саралап оқыту, мультисенсорлы оқыту, пәнаралық байланыс, оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес, оқу әңгімелері, электрондық оқыту мен жаңа технологияларды қолдану, модельдеу түрлері құралдарымен оқушыларды үйрете оқыту мақсатына жетуге потенциалдары қандай? Әрине, оқу курстарында аталған педагогикалық әдіс-тәсілдердің біршама түрлері бойынша мұғалімдердің түсініктері мен алғашқы тәжірибелері өздерінің мектептегі әдістемелік әрекеттері негізінде орындауға мүмкіндіктері бар. Бірақ, аталған оқытудың әдіс-тәсілдерін оқу үдерісінің қандай кезеңдерінде және қандай тақырыптарда қолдану тиімді болмақ? Осы сауалдарға да біздің тарапымыздан қиындықтар туындап отыр. Сонымен бірге, осы оқыту (педагогикалық әдіс-тәсіл деген ұғымдық түсінік басым тәрбие әдіс-тәсілдеріне кіреді, сондықтан, дидактикада педагогикалық әдіс-тәсіл деп атау орынсыз, оқыту әдісі деп атайды) әдіс-тәсілдері басым түрлері көркем еңбек білім беру бағдарламасында анықталған оқыту әдіс-тәсілдерінде сақталмағаны байқалады. Олай болса, мектеп мұғалімдері көркем еңбек оқу пәнінің оқу үдерісіндегі оқыту мақсаттарын орындауға нақты қандай оқытудың жүйелі әдіс-тәсілдерін және оқыту мазмұнын қарастыру керек.

Көркем еңбек білім беру бағдарламасында көзделген біршама әдістемелік негіздерде біршама күмән келтіреді. Оқытудың мазмұнына сәйкес бағдарламаны және әдістемелік нұсқауларды жасаған авторлар шет елдердегі оқытудың стратегияларын басым ұсынады[6]. Оқытудың қызметтері, шарттары, талаптары мен ережелері сияқты дидактикада қабылданған әдістемелік ұғымдық аппараттар тыс қалған. Сондықтан, білім беру бағдарламасындағы әдістемелік бөлімінде міндетті түрде орнықты және оқу үдерісін толық жүзеге асыруға кепіл беретін әдістемелік негізі болуы да орынды болмақ.
Осы жоғарыдағы туындаған проблеманың пайда болуына негізгі себептің бірі – жаңартылған білі беру үдерісінде қалыптасқан білім беру мазмұны және оқыту мазмұнының теориялық тұрғыда терең зерттелудің көзделмеуінде деп білеміз. Әрине, педагогика ғылымында тәжірибе негізінде алынған нәтижелерге байланысты да теориялық негіздемелер жасауға да болады. Келешекте осы мәселені білім беру бағдарламасын жасаған авторлар ескереді деген сенімдеміз.

Олай болса, келешекте, яғни жақын арада көркем еңбек білім беру бағдарламасының оқыту мақсаттарын жүзеге асыруға байланысты теориясы негізделген, тәжірибеде тиімді және ұтымды оқытудың әдіс-тәсілдері жүйеленген, оқыту мазмұны кең ашылып, оның рөлі барлық сабақ түрлерінде толық жүзеге асырылатын құралдар болуын күтеміз. Сол сияқты осы оқытудың құралдары қазіргі мектеп мұғалімдеріне ғана емес, келешекте педагогикалық жоғары және арнаулы оқу орындарында кәсіби білім алып жатқан болашақ мамандарды даярлауға да тиімді ықпалы болмақ.

Осы мамандарды даярлауға байланысты мынандай проблемаларда кәсіби маман қауымы арасында туындап келеді. Ол педагогикалық кәсіби білім беретін оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау бойынша. Әсіресе, «Көркем еңбек» оқу пәнін жүргізетін педагог қандай мамандық бойынша кәсіби білім алмақ? Қазіргі жоғары кәсіби білім беру оқу орындарында даярланатын мамандарға арналған мамандық классификаторында(жіктеме) «Бейнелеу өнері мен сызу», «Кәсіптік оқыту» мамандықтары бойынша бейнелеу өнері мен сызу пәнінің мұғалімдері мен технология пәнінің жас мамандарын даярлап келеді. Сол сияқты педагогикалық колледждерде де аталған мамандықтар бойынша жеке оқу пәрдеріне тән жас мұғалімдерді даярлауда. Олай болса, жалпы орта мектептегі «Көркем еңбек» оқу пәніне аталған категориядағы жас мамандардың қайсысы оқу үдерісіне қатысуға мүмкіндігі бар. Жоғары оқу орындарындағы аталған екі мамандықта да білім балушылар көркем еңбектің оқу материалдары бойынша біршама курстар қарастырып, курстық және дипломдық жұмыстарды да орындап келеді. Болашақта осы екі мамандықта сақталады ма немесе ол мамандықтарда бейнелеу өнері мен технология оқу пәндері сияқты кіріктіріле жаңа мамандық түрі пайда болады ма? Бұл мазмұндағы проблемалық сауалдар біршама. Бірақ, біз олардың түйінді мәселелеріне ғана көңіл бөлуді орынды көрдік.

Қорыта айтқанда, пәннің білім беру бағдарламасындағы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері бөліміндегі ұғымдық аппараттардың орнықсыз, тұрақты емес анықтамалары жиі байқалады. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерінің теориялық және әдістемелік негіздері толық анық, нақты жүйеленбегені байқалады. Өйткені, автор жаңа оқытудың әдіс-тәсілдерін ұсынуда және оларды қолдануда жиі шетел психологтарының пікірлеріне ғана негізделеді. Оқытудың әдіс-тәсілдерін (технологияларын, тұрғыларын) оқу процесінде қолдану құндылығын негіздеуде, оның ұғымдық аппараттары орнықты, деректері мен функциялары, қағидаттары мен шарттары және т.б. болуы міндетті. Автор әдістемелік еңбекте тек әдістемелік стратегияларды(ұстаным әдістемелік жағынан) ғана ұсынған.

Осы жоғарыдағы қиындыққа қосымша ретінде, кіріктірілген «Көркем еңбек» оқу бағдарламасының түсінік хатында жаңа білім беру тұрғылары бойынша аталған пәннің оқу үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Ал, мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқауда ол білім беру тұрғылары туралы оқыту әдістемелері толық ашылып қарастырылмаған.

«Көркем еңбек» пәннің оқу бағдарламасындағы анықталған оқыту мақсаттары бейнелеу өнері пәнінің оқу материалдары өте басым икемделіп кеткен. «Көркем еңбек» кіріктірілген пәннің білім беру мазмұны еңбек үдерісіне бағытталуы керек еді. «Бейнелеу өнері» пәнінің оқу материалдары «Көркем еңбек» оқу бағдарламасында оқушылардың жасалатын өнімдердің көркемдік және эстетикалық жақтарын қамтуға бағытталуы үйлесімді болар еді. Өйткені, кез-келген өндірістің өнімдері көркемдік сипатта дайындала бермейді. Әрине, қазіргі өндірістің тауарлары тұтынушының қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыруға дизайнын жақсартуға ұмтылады. Бірақ, өндірістік өнім сапасы (сенімді, ұзақ мерзім қызмет атқару, комфортты және т.б.) басым жағдайда, оның техникалық және технологиялық критерияларына тәуелді болып келеді. Сондықтан, жаңа атаудағы білім беру бағдарламасының оқыту мақсаттары еңбек үдерісіне басым бағытталуы орынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет