Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы



бет9/10
Дата21.04.2022
өлшемі79,84 Kb.
#31801
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қорытынды

Еліміз егемендік алып, келешекке үлкен үмітпен бет бұрыс жасап жатыр. Қандай мемлекеттің болса да, бет бейнесі мен келешегі жастарға байланысты. Жастар болғанда да, талапты өнерлі жастарды айтамыз.

Олай дейтін себебіміз, ұлттық тәрбие алмаған жастың ұлттық рухы болмайды. Алға қойылған орасан зор міндеттерді жүзеге асыратындар да- жастар. Сондықтанда біз келешекте қуатты мемлекет, зиялы қауым құрамыз десек, жастарды өнегелі рухта, т.б. көптеген салт-дәстүрлеріміз тұрғысынан тәрбиелеуіміз қажет. Осы талап, міндеттерді орындаған ең бір пәрменді құрал - оқу, яғни ол жастарға кқазіргі дамыған иновациялық белсенді әдістер арқылы білім беру.

Қоғам жаңашаланып, өткеннің мәдени - тарихи мұралары ортамызға қайта оралып, оның рухани құндылықтары, дәстүрлері, өнерлері адамның адамзат болып қалыптасуына, тұтас алғанда жеке адамды әлеуметтендіру ісінде маңызды рөл атқаратындығын көрсетіп отыр. Казақ кәсіптік мектебі отбасымыздағы еңбек тәрбиесінен бастау алып, оның шенберін бірте-бірте кеңейткен. Отбасындағы кәсіби еңбек жеке шеберхана, халық шеберлерінің жеке мектебі дәрежесіне дейін көтеріліп, қоғамдық сипат алды.

Көркем еңбек және бейнелеу өнері пәнін өткізуде көптеген жаңа технологияларды пайдаланып, оқушының жаңа материалды толық игеруіне баса назар аударудамыз. Бұл жаңа технологияларды негізгі үш топқа бөліп қарастыруымызға болады:

1. Ойындық технология - мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешімін іздестіруге құрылады. Жетекші әдісі – ойын. Оны ұйымдастыру түрлері: іскерлік, рөлдік, оқиғалық және білімдік ойындар.

2. Коммуникативтік технология – мүмкін болған барлық ақпарларды қатыстыра отырып, оқу үрдісі оқушының өзара белсенді әрекетіне, қатынасына құрылады. Жетекщі әдісі – қарым – қатынас. Оны ұйымдастыру түрлері: өзара, жұптық, топтық оқу т.б.

3. Зерттеу технологиясы – проблемалық ізденіске, жаңалықтар ашуға құрылады. Жетекші әдісі – проблемалық оқыту әдісі.

Осылармен бірге саралап, жеке дара, жеделдетіп оқыту, оза оқыту, деңгейлеп оқыту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау т.б. технологиялар көп қолданыс табуда. Бұл технологиялардың бәріне ортақ, негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамыту, оқуға шығармашылық ендіру, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, т.б. Оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальдық, кәсіби, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытуда оқушының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға да мүмкіндіктер көбеюде. Еңбек ету үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет.

Модульдік оқыту технологиясы. Тігін бұйымдарын модельдеу

Модульдік оқыту технологиясы - балаларға жеңілдік жасап, оқушы мен мұғалім қарым - қатынасына теңдік жағдай жасап, оқушыларды қатты қыспай, еркін сөйлеп қызықтырушы көрнекілікпен баланы баулап, алып кету. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модельдерді көп қолданған жөн. Әр пән мұғалімі жаңа технологияларды меңгеріп, пәнаралық байланыс, кірістіру сабақтарын кеңінен қолдану қажет. Себебі оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс - әрекетімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын тигізе алады. Жас өспірімдерді еңбекке тәрбиелеудің жалпы міндеттері бірнеше жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады. Олар білім алушыларды еңбекке практикалық тұрғыдан даярлау. Білім алушының ынтасын және қабілетін дамыту еңбек тәрбиесіндегі жеке міндеттердің бірі. Халық шаруашылығында автоматтарды, компьютерлерді, т. б қолдану барлық мамандардан жоғары техникалық сауаттылығы талап етеді.

Зерттеу барысында біз бейнелеу өнері және технология пәнін оқыту барысында инновациялық оқыту әдістерін пайдаланудың теориялық негіздерін анықтадық; «интербелсенді оқыту әдістері» ұғымның мәні мен маңызын ашып көрсете алдық; Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдалануда психологиялық-педагогикалық жағдайды есепке ала отырып, Технология сабақтарында интербелсенді оқыту әдістерін пайдаланудың мазмұнын айқындадық.

Сонымен қатар, Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктерін анықтадық; Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдаланудың мүмкіндіктерін айқындадық: Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдаланудың жолдарын анықтадық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет