9
S = 0
болғанда жұп болмайды, тек бір-біріне тәуелсіз қозғалатын екі
дене ғана болады.
S = 6
болғанда кинематикалық жұп қатаң қосылысқа айналады.
Байланыс шарттарының саны
S кинематикалық жұптардың класын
анықтайды. Егер
S = 1
болса, кинематикалықжұп І класты (т.с.с) депаталады.
1.1
-
сурет
Мысалы, жазықтықта жатқан шардың 5 қозғалысы бар (1.1а - сур.), яғни
оған бір байланыс қойылған, онда ол І класты кинематикалық жұп.
Жазықтықтағы цилиндрдің 4 қозғалысы бар (байланыс саны 2) - ІІ класты
кинематикалық жұп (1.1б - сур.). Сфералық шарнир (1.1в - сур.) - ІІІ класты
кинематикалық жұп[1].
Жоғарғы және төменгі жұптар.
Жанасу түріне қарай кинематикалық
жұптар екі түрге бөлінеді. Звеноның кинематикалық жұп құрай отырып басқа
звеномен жанаса алатын беттерінің, сызықтарының және жеке нүктелерінің
жиынтығы
кинематикалық жұп элементі
деп аталады. Олай болса
кинематикалық жұпты әрқайсысы бір звеноға жататын екі элементтің
жиынтығы деп қарауға болады. Кинематикалық жұптың элементтері тез
тозбас үшін олардың беттер арқылы жанасқаны жөн.
Егер кинематикалық жұп звеноларының элементтері бет арқылы
жанасса, онда ол
төменгі кинематикалық жұп
, ал егер сызық немесе нүкте
арқылы жанасса -
жоғарғы кинематикалық жұп
деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: