Дипломдық жұмыстың


Еріксіз тербелістердің амплитудасының мәжбүр етуші тербелістердің амплитудасына тәуелділігі



бет21/29
Дата06.01.2022
өлшемі1,03 Mb.
#11701
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
Дип.-Тербелістер»-бөлімі-бойынша-физикалық-есептерди-шығаруға-әдістемелік-дайындау-жүйесін-жасау

Еріксіз тербелістердің амплитудасының мәжбүр етуші тербелістердің амплитудасына тәуелділігі.

Двигательдің осіне негізделген дискінің центріне маятниктің сол жақ серіппесінің ұшын жалғайық (10, а-сурет). Двигательді іске қоссақ, маятниктің аз амплитудамен тербелгенін байқаймыз.

Маятниктің серіппесінің ұшын дискінің шетіне жалғап (10, б - сурет) тәжірибені қайталайық. Сонда маяниктің үлкен амплитудамен тербелгенін байқаймыз.

Дискіге бұралған болттың тербелісі еріксіз тербеліс болып табылады. Демек, тәжірибе көрсеткендей, тербелістердің жиіліктері бірдей болғанда еріксіз тербелістердің амплитудасы мәжбүр етуші тербелістердің амплитудасына тәуелді: мәжбүр етуші тербелістердің амплитудасы неғұрлым көп болса, еріксіз тербелістердің амплитудасы солғұрлым көп болады.



10-сурет


а-сурет б-сурет

2. Резонанс


11-сурет
Еріксіз тербелістерді зерттеуді әрі қарай жалғастыра түселік. Еріксіз тербелістердің амплитудасы мәжбүр етуші тербелістердің жиілігіне тәуелді ме дегенді анықтайық. Ол үшін 10 - суреттегі құрылғыны қарастырайық.

қарастырайық. Двигательді іске қосып, маятниктің шағын амплитудамен тербелетінін байқаймыз.

Мәжбүр етуші тербелістердің жиілігін жайлап арттыра отырып, маятниктің еріксіз тербелісінің жиілігінің арта беретінін, сөйтіп, үлкен шамаға жете беретінін байқаймыз. Алайда, мәжбүр етуші тербелістердің жиілігін ары қарай арттыра түскенде маятниктің еріксіз трбелістерінің амплитудасы азаяды.

11- суретте біз жүргізген тәжірибеге ұқсас тәжірибенің нәтижесін бейнелейтін график келтірілген.

Тәжірибе барысында көргенімізді түсіну үшін еріксіз тербелістердің амплитудасының ең үлкен мәнге ие болған мақсатын қайталап, тербелістердің жиілігін анықтайық.

Двигательді өшіріп, маятникті тоқтатып, маятниктің еркін тербелістерінің жиілігін табайық. Сонда мынадай тосын жайға тап боласыңдар: маятниктің еркін тербелістерінің жиілігі мен еріксіз тербелістерінің амплитудасы ең үлкен мәнге ие болған кездегі жиілігі шамамен алғанда, бірдей екен. Мәжбүр етуші тербелістер жиілігінің еркін тербелістердің жиілігіне жақындаған мезетте еріксіз тербелістердің амплитудасының кенеттен өсіп кетуін резонанс деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет