2.3 Арнайы бөлім
2.3.1 Ақінген кен орынын игеру барысында қабаттың түп аймағын термохимиялық өңдеу тәсіліне шолу
Ақінген кен орынының қабаттарын игеру барысындағы мұнай және газ ұңғымаларын пайдалану кезінде парафин мөлшері болады. Мұнайда жиі парафин мөлшері болады, ол белгілі шарттарда одан бөлінеді және ұңғы түбінде, көтергіш құбырларда және мұнай өтетін барлық беттік құрылғыларда жинақталады. Сондықтан, Ақінген кен орынын игеру барысында қабаттың түп аймағын термохимиялық өңдеу тәсілін қолдану арқылы, қабаттардың ұңғы арқылы мұнай бергіштігін арттыру қажет болады.
Парафин қатты шекті көмірсутегілеріне жатады, оның молекуласында 18-ден 35 дейін көмірсутегі атомдары болады, ол мұнайдан ұсақ қатты кристалдар түрінде түседі. Тығыздығы 830-915 кг/м3 дейін, балқу температурасы 42-550С өзгереді.
Мұнайда қатты парафин бөлшектері пайда болатын температура, кристалданудың басталу температурасы деп аталады және 15-350С аралығында болады.
Парафиннің төгілуіне оқпан бойынша ұңғы сағасына дейін қысымның төмендеуі кезінде, мұнай қозғалысының аз жылдамдығын, құбыр қабырғаларының кедір-бұдырлығын төмендету кезінде газдың ұлғаюы нәтижесінде температураның төмендеуіне мүмкіндік жасайды. Олардың шөгінділері түпті аймақта, жерасты құбырларында, шлейфте, жинақталған құбыр желісі мен резервуарлар кезінде мүмкін.
Аса қарқынды көтергіш құбырларға жатады, пайдаланудың барлық тәсілдері кезінде (фонтанды, эргазлифті, СҚҚ) құбырлардың қиылысуына және мұнай өндіруді қиындатады.
Белгілі шарттарда ол лақтырым жүйелері және коллекторларда, ұңғының түп маңы аумағында, мұнайлы қабат салқын сумен ластанған кезде оның жиналуы мүмкін.
Ақінген кен орындарында ұңғыманың лақтыру желілері төселген, негізінен теңіз түбінде және айтарлықтан ұзаққа созылған.Олардың өнімдерін желілерде суыту белгілі аудандарда парафиннің жиналуына әкеледі. Бұл желілерді тазарту үлкен қиындықтарға әкеледі, ал кейде олардың толып қалуынан мүлдем жою мүмкін болмайды.
Ұңғыларда парафинді түзілімдірдің пайда болу заңдылықтары кейбір зерттеушілермен келесі шарттарда болатындығы белгіленген:
Түп қысымы мәні қанығу қысымынан үлкен. Ұңғы оқпанында түптен қысым қанығу қысымына тең болған аумаққа дейін жүйенің тепе-теңдік шарты орындалып, сұйықтың қозғалысы ғана болады. Одан кейін тепе-теңдік бұзылып, газ фазасының көлемі ұлғаяды. Ал сұйық фаза тұрақсыз болуынан одан парафин бөлінуі басталады. Сонымен, парафиннің түзілімі кез келген тереңдікте болуы мүмкін, ол ұңғының жұмыс режимінен тәуелді.
Түп қысымының мәні қанығу қысымынан кіші. Бұл жағдайда тепе-теңдік жағдайдың бұзылуы қабатта болады. Сондықтан, парафиннің бөлінуі қабатта, түптен бастап ұңғы оқпанында болады. Парафинның бөлінуі түп қысымы және температурасы критикалық мәнге дейін төмендегенде күшейеді.
Көтергіш құбырларды қысымның динамикасы және оның парафин бөлінуге әсері. Сорапты пайдалану тәсәлінде сораптың қабылдау жеріндегі қысым Рқаб мұнайдың газбен қанығу қысымынан Рқан кіші болады. Бұл жағдайда парафиннің түзілуі сораптың қабылдау жерінде немесе пайдалану тізбектің қабырғасында болуы мүмкін. Көтергіш тізбекте еекі зона пайда болады. Біріншісі – сораптың лақтыру жері: мұнда қысым күрт өседі және қанығу қысымынан көбейеді. Осы интервалда сұйық қозғалады. Екіншісі – қысымның қанығу қысымына жету немесе одан да төмендеу зонасы: мұнда парафин қарқынды түрде түзіле бастайды.
Парафинді мұнай өндірілетін фонтанды ұңғымаларды қалыпты пайдалану, құбырлар қабырғасынан парафин шөгінділерін алмай немесе шаралар қолданбай жүзеге асыру мүмкін емес. Көтергіш құбырларды парафиннен тазарту үшін жылу әсері немесе арнайы қыстырғыштармен механикалық тазартуды қолдануға болады.Парафин жиналуына кезеңдермен құбырларды сулау әсер етеді. Бұл фонтанды ұңғымалардың кезеңді және пульсациялық жұмысы кезінде болады. Лақтырыстар арасындағы үзілістерде сұйықтың жіңішке ағындары құбыр қабырғасымен ағады.Ол жеңіл фракциялардың булануына және осыған байланысты мұнайдан парафиннің түсуін туғызады.
Құрамындағы газды біртіндеп жоғалтатын мұнай, ауыр май түзеді,оның тұтқырлығы өседі, ал оның ауыр көмірсутегілеріне қатысты ерігіштік қасиеті бар сұйық газдардың құрамы азаяды.
Ағында түзілетін парафин бөлігі, көтергіш құбырлармен ұсақ кристалдар түрінде газ көпіршіктерінің қабықтарына жабысқан кристалдар түрінде көтеріледі.
Парафинді шөгінділер майтәріздес қара массадан қатты консистенцияға дейін болып келеді, олардың құрамында парафиннен басқа айтарлықтай мөлшерде смола, майлар, сулар (ұңғылардағы суланған мұнай беретін) және минералды бөлшектер болады.
Жылулық әдіс – ол тек ғана ҰТА зонасында қатты немесе тұтқырлығы өте жоғары көмірсутектер жиналғанда (парафин, смола, асфальтен, сонымен бірге тұтқырлығы көп мұнай фильтрациясында) қолданылады. Оған терең электрлік жылытқыш қолдану, бу немесе басқа жылубергіштер жатады. ҰТА зонасына әсер етудің бұл айтылған үшеуінен басқа да түрлері бар. Мысалы, ұңғыны жылу қышқылымен өңдеу; ол қабатқа химиялық әсерді де, сонымен бірге жылу берудің арқасында химиялық реакциямен бірге, арнайы қосылатын заттар арқылы іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: |