1.1.4 Мұнайгаздылығы
Құрылымның оңтүстік-шығыс қанатында іздеу - барлау және пайдалану мақсатында бұрғылаудың мәліметтері бойынша жеті өнімді горизонт анықталды:І-альбтік,аралық альбтік, ІІ-альбтік горизонттар мұнайлы,апт-неокомдық газмұнайлы, І-неокомдық мұнайлы, ІІ-неокомдық горизонт І-қабат газмұнайлы, ІІ-қабат газды, ІІІ-қабат газмұнайлы, ІІІ-неокомдық горизонттар газмұнайлы.
Қойнауқаттар қабаттық,күмбезді,иілімді суарынды режимді,аз амплитудалы антиклиналь қатпарларының күмбезді бөліктеріне жатқызылған. Төменде аталған горизонттардың жекеленген құрылымдары келтірілген:
І альбтік горизонт
Горизонт 21 ұңғылар арқылы ашылды және төрт блогында да өнімді болып келеді. Горизонтқа дебиттері 1-33т\с мұнай ағыны алынған 12 ұңғыны сынаумен өнімділігі дәлелденген мұнай қойнауқаттары жатқызылады.
І блокта 7 ұңғы бұрғыланған. Геофизикалық зерттеулер бойынша №2, 109, 110, 112 ұңғылар мұнайға қаныққан болып шықты.
ІІ блоктың өнімділігі 7 ұңғыны сынағанда дәлелденді. Күмбездегі горизонттың жабынының жату тереңдігі минус 669м абсолют нүктесінде орналасқан.Су мұнай жапсары. №17, 103, 108 ұңғыларда сыналған қабат коллекторы және өнімді қабат табаны бойынша геофизикалық зерттеу нәтижелері негізінде 678,4м деп қабылданды. Кеніштің қалыңдығы 9,4 м, мұнайлылық ауданы 752 мың м2 тең екендігі анықталды.
ІІІ блок каротаж мәліметтері бойынша өнімді және №105 ұңғысын сынағанда дәлелденді.
ІV блок №9, 10 ұңғылары бойынша өнімділігі дәлелденді.
Аралық альбтік горизонт
Горизонт барлық аудан бойынша байқалады, 1-3 қабаттарымен берілген және 21 ұңғымен ашылған. Горизонтқа ІІ блокқа жатқызылатын мұнай қойнауқаты жатқызылады және І, ІІІ, V блоктар сулы қабаттар болып шықты.
Горизонттың өндірістік өнімділігі 5 ұңғыны сынағаннан кейін дәлелденген. Мұнай дебиті 1,2т\тәу (108) мәнінен 20т\тәу (107) мәні аралығында өзгеріп отырады.
ІІ альбтік горизонт
Горизонтқа ІІ блоктағы мұнай қойнауқаты жатқызылады. Горизонт №6,10 ұңғыларында мұнайлы,ал қалған ұңғыларда сазбен толтырылған. Мұнайдың фонтан ағыны бар екі №6,10 ұңғыда сыналған.
Апт – неоком горизонт
Мұнайгаздылығы бүкіл аудан бойынша байқалады және горизонтқа І, ІІ, ІІІ, ІV блоктарға жатқызылатын мұнайгазды мен мұнайлы қойнауқаттар жатқызылады.
І блокка мұнайгазды кеніш жатқызылады. Өнім көлемі 5мм штуцер арқылы №2 ұңғы бойынша мұнай дебиті 12 т\тәу және газ дебиті 14т\тәу мәндеріне тең.
ІІ блокқа мұнайгазды кеніш жатқызылады.Өнім көлемі №6,10 ұңғылары бойынша газ дебиті 53,4 мың м2 және мұнай дебиті 55,6 мың м2 мәндеріне тең.
ІІІ және ІV блоктар мұнайлы қойнауқаттармен сипатталады. ІІІ блок №105 ұңғы бойынша мұнайға қаныққан. Су мұнай жапсары геофизикалық зерттеулер бойынша минус 955,2м тереңдікте деп қабылданған. Кеніштің қалыңдығы 5,2м және мұнайлылық ауданы 37 мың м2 тең екендігі анықталды.
ІІ неоком горизонты ІІІ қабат
Қабатқа І және ІІ блокта дамыған мұнай және мұнайгазды кеніштер жатады.І блок №2,109,112 ұңғылар қорытындысы бойынша мұнайға қаныққан болып табылады.Қабаттың өнімділігі мұнай дебиті 30,6 т\тәу тең №109 ұңғысын сынағанда дәлелденді.
ІІ блокқа мұнайгазды кеніш жатқызылады. Газ бүркемесіндегі болуы газ дебиті 68т\тәу тең өнім алынған №10 ұңғыны сынағанда байқалды.
ІІІ неоком горизонт
Горизонтқа І және ІІ блоктарлы дамыған мұнай газды кеніштер жатқызылады. І боктың өнімділігі мұнай дебиті 56,9т\тәу №112 ұңғыдан алыңған өнім бойынша қорытындыланды.
ІІ блокқа мұнайгазды кеніштер жатқызылады. Газ бүркемесінің болуы газ дебиті 70,2 т\тәу тең өнім алынған №10 ұңғыны сынағанда байқалды. Күмбездегі горизонт жабынының жату тереңдігі минус 1121м абсолют нүктесінде орналасқан. Газ мұнай жапсары геофизикалық мәліметтер бойынша минус 1131,6м деп қабылданды. Газ бүркемесінің қалыңдығы 10,6 м және газдылық ауданы 380мың м2 тең екендігі анықталды. 5мм штуцер арқылы №6 ұңғыдан мұнай дебиті 25,4 т\тәу және газ дебиті 18,2т\тәу алынған өнім алынды. Геофизикалық зерттеу нәтижелері бойынша су мұнай жапсары минус 1136,2м деп қабылданды. Мұнайлы кеніштің қалыңдығы 4,6м және мұнайлылық ауданы 483 мың м2 тең екендігі анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |