Тау жыныстарын алуға даярлау тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігін, өндірілетін шикізаттың сапасын және келесі процесстердегі техникалық жабдықтардың қолдану жағдайлары мен техникалық мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында орындалады. Даярлауға тау кен жыныстарын құрғату (экскаваторлы механикаландыруда), олардың агрегаттық күйінің өзгеруі, тау кен сілемінің қопсытылуы және т.б.әсерлер жатады.
Тау жыныстарды алуға даярлау тәсілі ең алдымен, жыныстардың физикалық қасиеттері мен агрегаттық күйіне, кәсіпорынның өндірістік қуатына, техникалық жабдықтардың санына, өндірілетін шикізат сапасының талаптарына және де өндіру жұмыстарының табиғи жағдайларына байланысты. Тау жыныстарды алуға даярлаудың меншікті шығындары өндіруге жұмасалатын жалпы шығындардың 5-40% аралаығында өзгереді.
Жұмсақ тығыз, құм, табиғи ұсақталған және щебенка-гравийлы кен массаны кез келген алу-тиеу жабдықтарымен алуға болады (даярлау жұмыстары уақыт, кеңістік және механикаландыру жабдықтары бойынша алу жұмыстарымен байланыстырылған). Гидравликалық тәсілде қосарланған тау жыныстарды алуға даярлау және алу жұмыстары міндетті түрде су ағынымен шаю арқылы орындалады.
Тығыз және қаттылығы орташа жыныстарды да тау жыныстар сілемінен алу жону дәрежесі жоғары алу-тиеу жабдықтарымен орындалады. Егер алу- тиеу жабдықтарының қуаты жеткіліксіз болса, осындай жыныстарды міндетті түрде механикаландырылған қопсытумен немесе жарылыс жұмыстарымен дайындайды.
Гидравликалық тәсілде тығыз тау жыныстарды даярлау қысымды немесе қысымсыз су ағынымен, механикалық қопсытылу немесе жарылыс арқылы жүзеге асады.
Қатты және жартылай қатты жыныстарды алуға даярлау әдетте жарылыс тәсілі арқылы орындалады. Бұл жағдайда дайында процессіне ұңғымаларды бұрғылау және жару жұмыстары жатады.
Ұңғымаларды бұрғылау айналмалы (шарқашаулы және шнекті), соққылы, соққы- айналмалы және отты бұрғылау түрлері жатады. Әдетте аммиак-селитралы жарылғыш заттары (ЖЗ) қоолданылады. Төтелдерді бұрғылауға соққы перфораторлар қолданылады.
Шойтастарды қайта ұсату жарылыс тәсілімен және кейде механикалық және электратермиялық тәсілдермен орындалады. Бұл жұмыстарды орындауда қол және колонкалы перфораторлар, жылжымалы компрессорлар және электраконтактылы құрылғылар қолданылады.
Батыс кен орнының тау жыныстар мықтылығы орташа қатты f=10 болғандықтан, тау жыныстарын аалуға даярлау тәсілдерінен жарылыс тәсілі таңдалынып отыр.
Бұрғы-жарылыс жұмыстарының параметрлерін анықтауда ұнғыма диаметрі үлкен рөл атқарады. Тәжірибелік жұмыстарда бұл көрсеткіш берілген өндіріс орнында қолданылатын бұрғылау жабдығының өлшемдерімен анықталады.
Бұрғылау қиыншылығын көрсеткішін төменгі теңдікпен анықтаймыз:
мұндағы -тау жынысының қысуға беріктік шегі,
-тау жынысының жылжуға беріктік шегі,
-тау жынысының тығыздығы, =2,66 т/м3.
К1 және К2 эмпириялық коэффициенттерінің мәнін В.В.Ржевскийдің «Ашық тау-кен жұмыстары» (1-бөлім) 4.1 кесте бойынша анықтаймыз:
Табылған көрсеткіштерге сүйеніп бұрғылау түрін таңдаймыз. Бұрғылаудың айналмалы (шнекті), соққы-айналмалы (пневмосоққы), соққы (шарқашаулы) бұрғылау түрлері бар.
Айналмалы бұрғылау тау жыныстарының мықтылық коэфициенті f≤5 қолданылады. Бұл бұрғылау түрінің өнімділігі жоғары, бірақ жұмсақ тау жыныстарын, көмірді бұрғылауда қолданылады.
Соққы-айналмалы бұрғылау қатты жыныстарды бұрғылайды, f=5...20 аралығында, бұл бұрғылау түрі орташа және аса ірі карьерлерде қосалқы жыныстарды атқару үшін, құрылыс материалдарын қазғанда қолданылады.
Соққы бұрғылау тау-жыныстарының мықтылық коэффициенті f=5...25 аралығында бұрғыланады. Бұл бұрғылау түрінің өнімділіктеріде жоғары, аса ірі карьерлерде қолдануға болады. Соңғы жылдарда бұрғылау жұмыстарының 90% көлемі шарқашаулы бұрғылау түрімен жүргізіледі.
Батыс карьерін өңдеу кезінде технологиялық ұңғымаларды бұрғылау үшін СБШ-250МН маркалы бұрғылау станоктары қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |