Дипломдық жоба мамандығы Тау-кен ісі Қарағанды 2022 Мазмұны



бет2/22
Дата08.05.2023
өлшемі1,35 Mb.
#91082
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Äèïëîìäû? æîáà ìàìàíäû?û Òàó-êåí ³ñ³ ?àðà?àíäû 2022 Ìàçì?íû

Кіріспе


Ашық тау-кен жұмыстары деп әртүрлі пайдалы қазба байлықтарын қазу және түрлі қазаншұңқырларды жасау мақсатында жер бетімен жасалатын жұмыстар жиынтығын айтады. Бұл жағдайда барлық жұмыстар ашық тау-кен қазбаларында іске асады.


Пайдалы кен орындары ашық қазып-өндіру жұмыстары объектісіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

Сонымен қатар кен-дайындау жұмыстары бөлек орын алады. Ол аршу және дайындау қазбаларын жасау жұмыстарын біріктіреді. Кен-дайындау жұмыстарының арнайы мақсаты болып кенжарға жеткізілетін көлік жолдарын дайындау және тау-кен жұмыстарының бастапқы шебін ұйымдастыру табылады.
Ашық тау-кен жұмыстарының үдірістеріне негізгі 4 үдірісті жатқызады:
- жынысты қазуға дайындау;
- қазып-тиеу жұмыстары;
- тау-кен массасын тасымалдау, орнын ауыстыру;
- қоймалау, үйінді жасау.
Ашық тау-кен жұмыстарының нәтижесінде жер бетіне үлкен қазындылар пайда болады, олардың жиынтығы карьер деп аталады.
Қазынды көлденең қималарының контуры тұйықталмаған болады. Әкімшілдік-шаруашылық түсінікте карьер деп – пайдалы кен орындарын ашық түрде қазып-өндіруді іске асыратын тау-кен кәсіпорнын атайды. Көмір өндірісінде карьерді көмір разрезі деп атайды.


1 Аудан және кен орны туралы жалпы мәліметтер


Жәйрем кен орны Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында, Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 340 км және Жезқазған қаласынан шығысқа қарай 230 км Қазақстан Республикасының тау – кен өндіру және металлургия өнеркәсібінің орталықтарында орналасқан. Көрсетілген қалалармен Жәйрем кенті темір жолмен (Жеңіс темір жолы арқылы) және тас жолдармен байланысты.


"Жәйрем КБК" АҚ шикізат базасы темір-марганец, полиметалл және барит кендері: Жәйрем, Үшқатын-III, Үшқатын-I, Жомарт және Жұманай болып табылады. Қазіргі уақытта комбинатпен Үшқатын-III және Жомарт кен орындарының темір-марганец кендерінің қорлары әзірленуде, Жәйрем кен орнының карьерлері (қиыр батыс және Батыс учаскелері) консервацияланды.



Сурет 1.1 – Батыс карьері

Қазіргі уақытта комбинаттың тауарлық өнімдері: құрамында зиянды қоспалары төмен жоғары сапалы марганец концентраттары - фосфор мен күкірт, бариттік гравитациялық концентрат-ауырлатқыш, темір марганец концентраты.


Компания марганец концентраттарының Қазақстандағы ең ірі өндірушісі болып табылады.
Саран байыту фабрикасында барит концентраттарын өндіруге арналған шикізат "Жұманай" кенішінің барит кені болып табылады.
Геоморфологиялық тұрғыдан "Жәйрем КБК" АҚ объектілері Қазақтың ұсақ шоқылары шегінде орналасқан. Учаскелердің бедері әлсіз толқынды жазық болып табылады, кен орны ауданындағы абсолюттік белгілер 380-ден 425 м-ге дейін.
Ауданның климаты шұғыл континентті, құрғақ.
Қызылжар кен орнына жақын метеостанцияның көпжылдық бақылаулары бойынша жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 170-тен 180 мм-ге дейін, 83-тен 348 мм-ге дейін ауытқуларда ылғал тапшылығы орын алады.
Максималды температура – шілдеде плюс 43 °С, қаңтарда минималды – минус 49 °с. Ауаның теріс температурасы 20-25 қазаннан 20-30 наурызға дейін, тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның екінші онкүндігінен наурыздың соңына дейін, ақпан айында максимум (25 см) болады. Топырақтың қысқы қатуы әр жылдары 0,5-тен 2,5 м-ге дейін өзгереді. Жел жыл бойы дерлік соғып тұрады, оның ішінде күшті (18 м/сек дейін) солтүстік-шығыс бағыты басым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет