Батыс кен орны Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында орналасқан. Оның ауданы (1,8 км2) келесі координаттармен шектелген: 48021' - 48022' с.о. және 70018' - 70019' ш.б.
Кен денесі және 20 км радиусындағы аудан жазық рельефпен сипатталады (салыстырмалы көтерілімі 3 м-ге дейін), абсолюттік белгілері 375...425 м арасында ауытқып отырады.
Батыс кен орны гравимметриялық аномалияларды бұрғылау төтелдерімен тексерген кезде 1962 жылы ашылған болатын. Іздеу-бағалау жұмыстары кен орында 1963-1969ж.ж жүргізілген. Кен орынды қазу 1986 ж басталды, екі ашық кенішпен (шығыс- барит қорғасынды және оңтүстік шығыс- марганецті). Ашық кеніштің барит-қорғасынды бөлігі 1986-1993 ж.ж эксплуатацияланған. Осы уақыт ішінде 1553.5 мың.т кен қорғасын- 5.26 % , барит- 15.20 % орташа құрамымен өндірілген. Ашық кеніштің темірмарганецті бөлігі 1984 ж бастап эксплуатацияланады.
Ашық кенішті жобалаудағы үздік жұмыс аптасының күн тәртібі 12 сағаттан 2 ауысым. Жылындағы жұмыс күндерінің саны – 365.
Кенді қазу өндірісі жылына 1,2 млн.т, аршу жұмыстарының көлемі 9000 мың м3.
Көрсетілген жобада геологиялық бөлім, тау-кен бөлімі, маркшейдерлік бөлім, қоршаған ортаны қорғау бөлімі, тау-кен өндірісінің экологиялық бөлімі, экономика бөлімі және арнайы бөлім қарастырылған.
Кен-геологиялық бөлімі аудан кен орнының геологиялық құрылуын, барлануын және аймақтағы қорларды өзіне қосады.
Тау-кен бөлімі ашық жыныстардың өнімділігін және оның пайда болу мерзімін, тау-кен жұмыстарының жалпы ұйымдасуын және өңдеу әдістерін, өңдеу және аршу жүйелерін, өндіріс экономикасы және техникалық қауіпсіздігін, еңбекті қорғауды қарастырады.
Пайдаланылған әдебиеттер
Низаметдинов Ф.К., Окатов Р.П., Ожигин С.Г. Экспертное заключение по геотехническим исследованиям карьера и отвалов Дальнезападного и Западного участков Жайремского месторождения, КарГТУ, г. Караганда, 2020.
Методические указания по определению углов наклона бортов, откосов уступов и отвалов, строящихся и эксплуатируемых карьеров. Л. ВНИМИ, 2012, 164с.
Исследование процессов сдвижения откосов уступов, бортов карьеров и отвалов Жайремского ГОКа / Отчет НИР, КарГТУ, Караганда , 2019, 133с.
A. Cote. 2015 Zhairem Deposits Resource Summary. According to: JORC Code, (2012), Table 1, Sections 1-3.
Данилов В.В. Аналитическая записка месторождения Жайрем. Рудники Западный и Дальнезападный. Сопоставление запасов, утвержденных ГКЗ и имеющихся блочных моделей. Состояние базы данных по месторождению по состоянию на 30.07.2015 г.
Низаметдинов Ф. К., Жарқимбаев Б. М., Қапасова А. З. Маркшейдерлік іс. Оқулық. – Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2015. – 210 бет
Ресми сайт [Электрондық ресурс]. - Кіру режимі: kazzinc.com (Сайтқа кірілген күні 27.03.2022).
Достарыңызбен бөлісу: |