Ашық тау кен жұмыстары барысында кен қазбалардың екі түрі қолданылады: күрделі және жарма орлар.
Күрделі орлар – жұмыс деңгейжиектрді ашу үшін қолданылатын еніс кен қазбалар. Жер бетінің рельефіне байланысты күрделі ордың көлденең қимасы трапеция не дұрыс емес төртбұрыш (үшбұрыш) тәрізді болады. Күрделі орлар көп уақыт қызмет етеді және тасымал коммуникацияларды орналастыру үшін пайдаланылады.
Күрделі ордың негізгі элементтеріне оның түбінің ені, иереңдігі, бойлық енісі, қиябет бұрышы, план бойынша ұзындығы және құрылыс көлемі жатады.
Күрделі ордың түбінің ені тасымал көліктің түрімен немесе оның жүргізу тәсілімен анықталады. Оның минималды шамасы тасымал жабдықтардың көлденең қимасының енінен, олардың арасындағы қауіпсіз алаңшалардың енінен, алаңдардың көлденең қимасыынан, кюветтерден және т.б. ендерден жасақталған арақашықтықтан кем болмау қажет.Ол анықталған технологиялық тәсімнің және пайдаланатын жабдыққа байланысты орды жүргізу мүмкіндігін қаматамасыз ету қажет. Күрделі ордың тереңдігі ордың бастапқы белгісі мен ашлыған жұмыс деңгейжиектің белгісінің арақатынасымен анықталады. Бір кертпешті ашу барысында күрделі ордың тереңдігі ашылған кертпештің биіктігіне тең болады. Күрделі ордың бойлық енісі Карьертық көліктің түріне сәйкес анықталады. Ордың бойлық енісіне байланысты күрделі орлар көлбеу және құлама болыпа бөлінеді.
Күрделі орлардың құрылыс көлемі мыңдаған метркубтарға жетеді. Ордың көлеміне оны жүргізудің механикаландырылуы, технологиясы және қызмет ету мерзімі байланысты болады. Карьердің соңғы нобайына қатысты және оныі орналасу орнына байланысты оларды сыртқы және ішкі деп ажыратады. Сыртқы орлар карьердің соңғы нобайынан тыс орналасады. Ішкі орлар Карьер нобайында орналасады. Ішкі орлар карьердің жұмыстық не жұмыстық емес жағдауларында орналасады. Онымен ашылған деңгейжиекте оның көлденең қимасы симметриялы емес формада болады. Ішкі ордың жұмыстық жағдауда оналасуында ол жағадумен қоса үнемі жылжып отырады және сырғумалы оржол деп аталады.