Дипломдық жоба тақырыбы: Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында ауызша әңгімелер мен архив жазбалары 6В01601 Тарих



бет2/4
Дата23.07.2023
өлшемі23,15 Kb.
#104674
түріДиплом
1   2   3   4
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Біздің диплом жобамызда Екінші Дүниежүзілік соғысы жылдарында Абай атындағы қазақ педагогикалық институты және кадр мәселесінің талдануы болмақ .
Диплом жобасының зерттеу нысаны. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы институтты архив құжаттары негізінде қарастыру .
Диплом жобасының деректік негізі. Біздің жобамыздың дереккөздері негізінде Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архиві (ҚРОМА) осы қордағы қарастырылған материалдар . ҚР Орталық мемлекетік архивінің 1142 қорының №1 описьінен алынған құжаттар болып табылады . Жалпы оннан аса құжат іріктеліп , таңдалынып алынды . Бұл қорда жоғарыда атап өткеніміздей институттың жалпы 1928-1970 жылдардағы барлық жылдық оқу жоспарлары , бұйрықтар , жылдық есептер , жиналыстар былайша айтқанда осы көрсетілген уақыт аралығында орын алған жағдаяттар , оқиғалар , өзгерістер барлығы дерлік қамтылған .
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің елу жылдығына , сексен жылдығына , тоқсан жылдығына арнап арнайы шығарылған кітаптар қарастырылды , қолданылды .
Бұл дипломдық жобамызда кітаптармен архив құжаттарынан өзге газет беттерінен көрініс тапқан мақалалар жинағы да қарастырылды .
Зерттеу пәні. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы институт тарихына қатысты архив жазбалары
Диплом жобасының мақсаты. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы институтта кадр даярлау мәселесін зерттеу
Міндеттері:
- Соғыс жылдарындағы институтқа байланысты архив құжаттарын жинақтау
- Архив қорындағы деректердің маңыздылығын ашып көрсету
- Екінші Дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан соғысының институт тарихында алатын орны мен маңыздылығын анықтау
Дипломдық жобаның теориялық және практикалық маңыздылығы. Ұлы Отан соғысына институттың қосқан үлесіне жан-жақты талдау жасалынды . Дипломдық жобаның басты тұжырымдары мен нәтижелеріне сүйене отырып келешекте Ұлы Отан соғысына қатысты , институтқа қатысты құнды еңбектер жазуда қолдануға болады . Осы дипломдық жоба бойынша университет қабырғасында іс-шаралар ұйымдастырып , студенттерге дәріс оқуда негізге ала отырып қолдануға болады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет