Диплом жобасының метадологиялық негізі. Бұл ізденіс жобасында бірқатар ҚР ОМА және отандық тарихшылардың теориялық маңызы бар еңбектерін методологиялық ой-тұжырымдарын негізге ала арқылы және тұлғаларға қатысты ауызша деректер мен құжаттар арқылы жүзеге асыруға тырыстық .
Диплом жобасының құрылымы мен көлемі. Диплом жобасы кіріспеден , үш тараудан , қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады . Жоба жұмысының көлемі - ? бет . Жоба жұмысын орындауда ? әдебиет қолданылды .
ИНСТИТУТТЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ
1937-1941 жылдар аралығында Абай атындағы қазақ педагогикалық институттың тізгінін Толыбеков Серғали Есбембетович ұстады . Институтта бес факультет жұмыс істеді . Қандай ?; Тарих факультеті , География факультеті , Физика-математика факультеті , Тіл және әдебиет факультеті және жаратылыстану факультеті . 1939/40 оқу-жылында тіл және әдебиет факультетінің деканы Сильченко , физика-математика факультетінің деканы Маркович ; дәл осы оқу жылында жаратылыстану факультетінің деканы Суворовтың орнына Бордаков болса , тарих факультетінің деканы Адильгереевтің орнына Бутлер болды .
1939/40 оқу жылында институт қабырғасында жалпы 78 маман жұмыс істеген . Оның ішінде 20 қазақ адам . Бұл жалпы көрсеткіштің 25,64% пайызын құрады . Партия бойынша : партия мүшелері мен кандидаттары 21 адам . Бұл жалпы көрсеткіштің 26,92% пайызын құрады . Бүкілодақтық Лениндік коммунистік жастар одағы мүшелерінен 2 адам . Осы жоғарыда аталған мамандардың ішінен 17 әйел адам . Бұл жалпы көрсеткіштің 21,8% пайызын құрады . Тағы бір айтарлығы оқытушылардың ішінде бір ғана адам 1940 жылдың қаңтар айының соңында шақырту алып , майдан алаңына аттанды . 78 маманның ішінде :
Атағы
|
Штатных
|
По совместительству
|
Профессор
|
5
|
2
|
Доцент
|
17
|
1
|
Аға оқытушы
|
20
|
7
|
Ассистентер пен оқытушылар
|
16
|
10
|
Барлығы
|
58
|
20
|
Ғылыми дәрежесі бойынша :
|
Штатных
|
По совместительству
|
Ғылым докторлары
|
-
|
-
|
Ғылым кандидаттары
|
12
|
1
|
12 ғылым кандидаттарының ішінен 5 қазақ . Бұл көрсетілген мағлұматтар , институт алдында мамандар бойынша өте үлкен тапсырма тұрғандығын көрсетеді . Барлық дерлік профессорлық-оқытушылар құрамы өз біліктіліктерін арттыру мақсатында табанды еңбек етіп , институттың ғылыми зерттеу жоспары бойынша 12 докторлық диссертация және 15 кандидаттық диссертация қолға алынған .
Архив құжаттарын қарастыра отырып мынадай мағлұматтарға таңданысымды жасыра алмадым . Институттың 1939/40 оқу жылының есебінде оқытушылар ішінде еңбек тәртібі бойынша бірінші семестрда неміс тілінің оқытушысы Григоревская және экономикалық географияның аға оқытушысы Платонов сабаққа келмегендері үшін жұмыстан қуылған . 2 семестрда тағы да екі еңбек тәртібін бұзушылық орын алған . Сабаққа 19 минут кешіккені үшін математика пәнінің оқытушысы Жаутыковқа сөгіс жарияланып , жаратылыстану факультетінің ассистенті Зеленскийді сабаққа келмегені үшін жұмыстан шығарған .
Достарыңызбен бөлісу: |