Дипломдық жоба тақырыбы: «Дебиторлық берешекті басқару жүйесін әзірлеу


Дебиторлық қарыздың жіктелуі, түрлері



бет6/13
Дата22.04.2022
өлшемі0,65 Mb.
#31952
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
дипломдық жоба — копия

1.2 Дебиторлық қарыздың жіктелуі, түрлері
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

  • Ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;

  • Тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;

  • Вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;

  • Негізгі ұйымдар мен еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;

  • Ұйымның лауазымды адамдарыны (тұлғаларанының) дебиторлық борышы;

  • Басқадай дебиторлық борыштар.

Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы[6].

Кейбір жағайларда сапаның төмендігінен немесе тауарлардың ақау болу себебінен сатылған тауарларды қайтаруға тура келеді. Мұндай тауарларды қайтарып алу сатушы ұйымдар үшін тиімсіз болады. Сондықтан да кәсіпорын сатып алушы заңды немесе жеке тұлғаның осы тауарлар бойынша борыш сомаларының мөлшерін қысқарту туралы. Талабын қабылдауға келісуіне тура келеді. Әрине аталған жеңілдікті жасау ұйымның келіп түсуге тиісіт табыстарының көлемін азайтатындағы сөзсіз. Бұл жағдайда ұйымның бухгалтериясында жасалынған жеңілдік сомасына:

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барсында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарныда есептелінетін сомаларлың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын щоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі. Мұндағы басты мақсат – әрбір шоттағы сомалардың сәйкестігі мен дұрыстығын, толықтығын анықтау болып табылады. Дебиторлық борышты есептеудегі басты мәселе сату мерзімін анықтау болып табылады, яғни сатып алушы ларға тиеліп жіберілген немесе жөнелтілген тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) қашан сатылғанын тануында. Бухгалтерлік есептің көзқарасымен қарағанда, тауарлардың тиелуі мен мен сатып алушыға қаржылық және есеп айырысу құжаттарының ұсынылуы, тауарлардың сатылғандығы деп танылады.

Жай вексель дегеніміз төлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді. Жай вексель борышкердің (қарызкердің) жазбаша міндеттемесі болып саналады. Вексельде оның берілген уақыты, борышкерлік міндеттемесінің сомасы, төленетін мерзімі мен орын, төлем төлеуге тиісті кредитордың аты көрсетліп, борышкердің, яғни вексель берушінің қолы қойылуы керек.

Айналым үдерісі кезінде вексель бір адамнан екінші адамға арнайы тіркеліп жазылғаннан кейін ғана беріледі. Табыстау жазбасы вексельдің теріс жағында немесе қосымша парғында жағзылады.

Аударылмалы вексель(тратта) кредитордың (транссангтың) қарызкерге (трассатқа) белгілі бір соманы үшінші заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға (ремитентке) төлеу жайлы жазбаша өкімі болып саналады. Яғни оның жә вексельден ерекшілігі, аударылмалы вексельде вексель ұстаушының төлеушіге вексельде көрсетілген ақша сомасын үшініш бір адамға эмитентке төлеу туралы жазбаша бұйрығын бере алады.

Коммерциялық вексельдер өнім өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдарға ол өнімді тұтынушы , яғни сатып алушы кәсіпоырндар мен ұйымдардың төлем жасау мерзімінің кешіктірілу себебіне байланысты беретін коммерциялық несиесі ретінде ресіиделеді.

Қаржылық вексельдер арқылы тауарлық келісімшарттарға жатпайтын әр түрлі банктер арасындағы борышкерлік қатынастар ресімделеді.

Қазыналық вексельдер мемлекеттік қазыналық міндеттемеге жатады. Олар мемлекеттің ішкі қарыздарын өтеуіне байланысты шығарылады. Қазыналық вексельдер негізінен дисконтымен бірге номиналын шегерім жасауды қоса алғандағы бағасы бойынша банктерге және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарға сатылады. Ал оларды кері қарай сатып алу толық атаулы құны бойынша жүргізіледі. Қазыналық вексельдер иелерінің табысын атаулы және сату бағасы арасындағы айырмашылық құрайды. Жалпы алғандa қазыналық вексельдер иелерінің табысын атаулы және сату бағасы арасындағы аырмашылық құрайды. Жалпы алғанда қазыналық вексельдер банктер үшін қфысқа мерзімге капитал салу нысаны болып табылады. Олар банк арқылы ақша рыногында пайдаланылады[7].

Вексельдер эмитенттер бойынша: қазыналық және жекеше.

Төлем түрлері бойынша: жай және аударылмалы.

Төлем кепілділігінің барлығына қарай: қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген.

Төлеу тәртібі бойынша: мерзім вексель және ұсынушылық вексель болып бөлінеді.

Вексельдерді толтыру мен ресімдеу белгіленген ережені сақтауды керек етеді. Құжатта міндетті түрде вексельдік таңба, яғни вексель деген жазу жазылып оның ұсынылған күні мен орны (жері), вексельдің сомасы, пайызы, төлеу мерзімі көрсетілуі керек. Аударылмалы вексельді трасат (борышкер) акцептеу керек, ондай болмаған жағдайда трассанттың вексель бойынша ешқандай міндеттемесеі болмайды. Вексель берілген уақытынан бастап төлеу мерзіміне дейін жабдықтаушының иелігінде болуы, тауарға төлем төлеу үшін басқа заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға берілуі немесе банк мекемесінен несие алу үшін пайдалануы мүмкін. Вексельдің маңызды деректемесі болып төлем мерзімі саналынады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері вексель бойынша төһлем мерзімдерінің сақталуын қадағалап оны бақылап отыру қажет. Вексельмен есеп айырысу есебі арнайы «Алынған вексельдер» шотында жүргізіледі. Бұл шотта сатушылардың сатып алушылар және тапсырыс берушілермен арадағы олардан алынған вексельдер бойынша есеп айырысу операциялары жайлы ақпараттар жинақталады[8].

Дебиторлық қарыз айналыстан қаражатты айыратындығын көрсететін болғандықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілер бірінші кезекте олардың айналымдылығын талдайды. Әдетте, дебиторлық қарыздың айналымдылығы 30-дан 90 күнге дейін тең болады, егер де осы мерзімнен асып кетсе, онда оны мерзімі өтіп кеткен деп санайды.

Қойылған талапқа жеңілдік берудің келісім-шарты бойынша жасалатын операциялардың есебі. Бір заңды тұлға келісімшарт бойынша екінші бір заңды тұлғаның қандай да бір міндеттемесін (тауарлы-материалдык құндылықтарды жеткізіп бергені, аткарған жұмысы, көрсеткен қызметі үшін төлемді) орындаған кезде өзінің заңды құқықтық талабын толық немесе ішінара көлемде азайтып немесе төмендетіп береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет