Дипломдық жоба тақырыбы: «Дебиторлық берешекті басқару жүйесін әзірлеу



бет4/13
Дата22.04.2022
өлшемі0,65 Mb.
#31952
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................42

Қосымша

Аңдатпа
Дипломдық жобаның тақырыбы «Дебиторлық берешекті басқару жүйесін әзірлеу» (ЖШС «Prim Strategu» мысалында)

Жұмыстың көлемі 42 беттен, жобада 21 таблица, 1 сурет, 1 формула, 20 қолданылған әдебитеттір тізімі және 2 қосымшадан құралған.

Кілттік сөздер: дебиторлық берешек, кредиторлық қарыз, жүйе, көлденең және тік талдаулар, қаржылық басқару.

Бұл жоба логикалық тұрғыдан дұрыс құрылымға ие. Ол кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған дерек көздер мен қосымшалардан тұрады.

Жобаның мақсаты - Зерттеліп отырған кәсіпорынның дебиторлық қарызы ұғымымен, оның құрамы мен құрылымымен танысып, қарызды басқару мен талдаудың кезеңдерін анықтау болып табылады.

Кіріспе таңдалған тақырыптың маңыздылығын негіздейді, зерттеудің мақсаты мен міндеттерін тұжырымдайды, зерттеу объектісі мен тақырыбын көрсетеді.

Дипломдық жобаның бірінші тарауында кәсіпорынды дебиторлық басқарудың теориялық аспектілері көрсетілген.

Екінші тарауда «Prim Strategu» ЖШС-нің қаржылық сипаттамасы берілген, оның қаржылық жағдайына талдау жасалынған және дебиторлық қарыздарды басқару қалыптастыру көздерін бағалау.

Үшінші тарау талдау негізінде кәсіпорынның дебиторлық басқару жүйесін дамытуды жетілдіру жолдарын жасауға арналған.

Дипломдық жобаның соңында қорытындылар мен ұсыныстар ұсынылған. Сонымен қатар кәсіпорыннан енгізу актісі алынды.




Кіріспе
Қазақстан Республикасының Елбасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанға - 2030» халққа жолдауы еліміздің дамуының соңғы мақсаты бұл экономикалық өсу болып табылады, экономикалық өсім приоритеті бүгін, ертең, болашақтағы отыз жылда ең маңызды болатыныны айтылған. Нарықтық экономика жағдайында корпорацияның шаруашылық қызметін дер кезіндегі экономикалық ақпаратсыз басқару қиынға соғады, ал бұл экономикалық ақпараттың басты бөлігін корпорацияның бухгалтерлік балансы және оның қаржы-шаруашылық қызметін талдау береді. Бүхгалтерлік баланстың және қаржы-шаруашылық талдаудың мәліметтері корпорацияны басқаруда, келешекке болжамдар және ағымдағы жоспарлар жасау үшін қолданылады. Қазіргі кезде барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің алдында тұрған мәселелер тікелей есепті-төлем операцияларемен байланысты. Оның салдары дебиторлық қарыз болып табылады. Дебиторлық қарыз корпорацияның активтерінің маңызды бөлігі, Қазақстанның барлық кәсіпорындарында да ол баланстың екі бөлімінде де орын алып отыр.

Сонымен қатар, кәсіпорында әртүрлі деңгейдегі менеджерлерге нарықтың күшейген бәсекелестік жағдайында басқарушылық шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін, қаржы ресурстарын басқару жүйесін жасаудың объективті қажеттілігі де бар.

Қаржы ресурстарын басқару жүйесіннің тәжірибесі кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру процесін талдауға мүмкіндік береді. Қаржы ресурстары туралы ғылыми зерттеулер ұзақ уақыт бойы жүргізіліп келеді.

Сондықтан да нарықтық экономика жағдайында қаржы ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру арнайы кешенді зерттеуді талап етеді. дебиторлық қарыздар дегеніміз, бұл - иелік ету құқығын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған алдағы уақыттағы экономикалық тиімділік [1].

Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық борыштардың айналымы жатады. Яғни дебитолық борыштардың есептелген уақыты мен отелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық борышы оған байл анысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық борыштар сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі. Бір жылдам астам уақыт бойы алынбаған дебиторлық борыштар ұзақ мерзімді дебиторлық борыштар» болып есептеледі. Дебиторлық борыштардың пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын сатқанда кейде сатып алушыларға баға жеңілдіктерін береді. Ұйымдардың мұндай қадамға баруының басты себебі сатып алушыларды қызықтыру арқылы сатылатын тауарларының көлемін арттыру болып табылады
Сондықтан да корпорацияда дебиторлық қарызды басқару, оны үнемі талдау жасап, бақылап отырудың маңызы зор. Сол себептен осы курстық жұмыс корпорацияның дебиторлық қарызын және оның корпорацияның қаржы-шаруашылық жағдайына әсерін зерттеуге арналады. Дипломдық жобаның мақсаты – корпорацияның дебиторлық қарызы ұғымымен, оның құрамы мен құрылымымен танысып, қарызды басқару мен талдаудың кезеңдерін анықтап, «Strategu» ЖШС-ның дебиторлық қарызының айналымдылығына талдау жасап, айналымдылықты арттыру жолдары мәселесіне шолу жасау болып табылады.

Жобаның міндеті келесідей көрсетуге болады:



  • кәсіпорынның дебиторлық қарыздарына анықтама беру;

  • компанияның дебиторлық қарызының құрылымдарын анықтау;

  • компанияның дебиторлық қарызын басқарудың нақты уақыттарын білу;

  • компания дебиторлық қарызын талдаулар жүргізу;

  • 2017-2019жж «Strategu» ЖШС дебиторлы қарыз айналымына анализ жасау;

  • кәсіпорынның дебитор қарыздарын кеміту, оның айналымын дамытудың мүмкін жолдарын анықтау.

Жобаның тақырыбын толық ашу мақсатында жоғарыда айтылған міндеттердің әрқасысын жеке-жеке орындалған.

Бұл дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде корпорацияның дебиторлық қарызының мәні, құрамы мен құрылымы, оны басқару мен талдау баяндалған.

Екінші бөлімде «Strategu» ЖШС 2017-2019 жылдардағы дебиторлық қарызының айналымдылығына талдау жасалған.

Үшінші бөлімде корпорацияның дебиторлық қарызының өтімділік мәселелері, оның айналымдылығын арттырудың мүмкін жолдары көрсетілген.

Дипломдық жұмыс жазылу барысында келесідей ғалымдардың еңбектері қолданылды: А.А. Нурумовтардың, С.И Мендалиеваның, А.Т.Исаеваның, Б.Сапарованың, Ж.М. Бұлақбайдың, Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, С.Г.Курмангалиева және т.б.

Дипломдық жобаны осы топтың үш студенті бірге орындадық. Бөліп айтатын болсақ, жобаның мазмұны мен бірінші бөлімін Көшерова А орындады. Жобаның екінші бөліміне БолатбайА талдау жасады. Жобаның үшінші бөлімі мен қортындылау мен ұсыныстарды топтың үшінші мүшесі Темір Ұ орындады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет