Дипломдық жоба тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасын оқыту әдістемесі


Оқу-әдістемелік сайттың мазмұны мен құрылымы



бет14/20
Дата19.09.2023
өлшемі127,23 Kb.
#108739
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
Диплом жумысы 2023 Кулагер

2.2. Оқу-әдістемелік сайттың мазмұны мен құрылымы
Әрбір жасқа арналған әдістемелік жұмыстың бөлімдерінде білім беру салаларының мазмұны және оқушының Бағдарлама мазмұнын игерудегі жоспарланған күтілетін нәтиже ашылады. Білім беру қызметі оқушыларға шамадан тыс салмақ салмай, тәрбиелік, дамытушылық, білімдік мақсаттар мен міндеттердің бірлігін қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен бірге бағдарламалық білім беру міндеттерін шешу тек қана ұйымдастырылған оқу қызметінің көлемінде ғана емес, сондай-ақ режимдік сәттерді өткізу кезінде де ересек пен балалардың бірлескен әрекеті ретінде және оқушының дербес әрекеттерінде де қамтамасыз етіледі. Белгілі бір тақырыпты игерту үшін оқушыға сыныпта және оқулықта берілетін тапсырмалармен қатар, сыныптан, оқулықтан тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану өз жемісін әкелетіні дәлелденген. Осы тұжырымды басшылыққа ала отырып жоба жұмысының нәтижесі ретінде Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын жан-жақты талдап, меңгертуге бағытталған оқу-әдістемелік сайт даярланды.
Оқу-әдістемелік сайттың негізгі мақсаты - қазақтың көрнекті ақыны, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі – Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын оқып, түрлі тапсырмалармен поэманың көркемдік ерекшеліктерін анықтап, жаңаша әдіс-тәсілдер арқылы көркем шығарманы талдауды үйрету, сонымен қатар оқушыларға қаламгер шығармашылығы туралы реферат, ғылыми мақала, рецензия, оқу құралы т.б. сияқты қосымша ақпараттар беру.
Оқу-әдістемелік сайтты даярлаудың міндеттері:

  • Оқушыға ыңғайлы болу үшін Автор және шығарма туралы толық ақпаратты бір жерге жинақтау;

  • Оқушының өз бетінше шығарманы жан-жақты талдап үйренуі үшін интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы берілген тапсырмаларды онлайн жинақтап беру;

  • Мектеп бағдарламасы мен оқулықта берілген тапсырмалардан бөлек, білім алушығы қосымша ақпараттар мен материалдар беру.

Жалпы білім беретін орта мектептің 9-сыныбында Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын оқытудың әдістемесін жасау, тиімді интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, шығарманы меңгертуге негізделген жаңа оқу-әдістемелік сайт ұсыну мақсаты бойынша жоба жұмысының нәтижесінде жасалған оқу-әдістемелік сайт 7 бөліктен тұрады:

  1. Басты бет

  2. Оқу-әдістемелік сайт туралы ақпарат

  3. Оқытудың әдіс-тәсілдері

  4. Шығарманың толық нұсқасы

  5. Автор және шығарма туралы қосымша ақпараттар

  6. Суретті ақпараттар

  7. Оқушының үй тапсырмасы.

  1. Басты бетте сайттың мазмұны көрсетілген қалташа-батырмалар, оқушыға және сайт қолданушысына арналған алғысөз берілген.

1-сурет.



  1. «Оқу-әдістемелік сайт туралы ақпарат» деп аталатын екінші бөлікте сайт туралы толық ақпарат беріген.



2-сурет.



  1. «Оқытудың әдіс-тәсілдері» деп аталатын үшінші бөлікте Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасын меңгертуге, жан-жақты талдауға мүмкіндік беретін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен жасалған тапсырма үлгілері берілген. Осы тапсырмаларды мұғалімнің нұсқаулығымен немесе өз беттерінше орындау арқылы оқушы шығармада тақырыбын, негізгі идеясы мен мазмұнын жан-жақты түсініп, талдай алады.



3-сурет.



  1. «Шығарманың толық нұсқасы» батырмасын басу арқылы сайтты пайдаланушы «Құлагер» поэмасының толық нұсқасының электронды және аудио кітап түрін жүктей алады. Бұл оқушының қолында оқулық жоқ жерде, кез-келген ортада шығарманы оқуына мүмкіндік береді.



4-сурет.





  1. «Автор және шығарма туралы қосымша ақпараттар» батырмасында Ілияс Жансүгіровтің шығармалары туралы оқу құралы, өзге де зерттеулер, «Құлагер» поэмасы жайлы реферат, рецензия, мақала, ашық сабақ үлгілері берілген. Бұл оқушы мен сайт қолданушысына қаламгер мен оның шығармашылығы туралы қосымша ақпарат пен мәлімет білуге көмектеседі.

5-сурет.



  1. «Суретті ақпараттар» тарауында оқушылар Қазақстан аймағында автордың атына берілген түрлі мәдени орындар туралы ақпарат біле алады. Сонымен бірге бұл тарауда автор жайлы айтылған әдебиеттанушы ғалымдардың, әдебиет сыншыларының, жазушылардың пікірлерімен танысуға болады.

6-сурет.



  1. Мектеп бағдарламасында «Құлагер» поэмасын өту барысында мұғалім үй тапсырмасын осы сайтта берілген «Оқушылардың үй тапсырмалары» тарауында қабылдай алады. Яғни оқу-әдістемелік сайтта берілген тапсырмаларды оқушы орындап, қайта жүктеу мүмкіндігі берілген. Бұл оқушылардың шығарманы меңгеруіне, тапсырмаларды қызығушылықпен орындауларына көп көмегін тигізеді.



7-сурет.

Оқу-әдістемелік сайт жалпы көпшілік қолданушыларға арналмаған. Сайтты мұғалім өзі рұқсат еткен адамдар ғана пайдалана алады. Ол дегеніңіз оқушылардың үй тапсырмаларын мұғалімнен, сол сынып оқушыларынан басқа қолданушылар көре алмайды. Сонымен қатар сайтқа мұғалім қалағанынша тапсырмалар, иновациялық әдіс-тәсіл түрлерін, автор мен шығарма туралы қосымша ақпараттар жүктей алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет