Дипломдық жоба тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасын оқыту әдістемесі



бет12/20
Дата19.09.2023
өлшемі127,23 Kb.
#108739
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
Диплом жумысы 2023 Кулагер

Технология сөзін – грек тілінен аударғанда, «өнерпаздық, шеберлік, іскерлік» деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде «технологияға» 300-ден астам анықтама беріледі. Ол дегеніміз – бүгінгі күннің өзінде «технология» терминіне әлі орныққан анықтама жоқ деген сөз.
Жаңа оқыту әдістері оқушының пәнге деген қызығушылығын дамытуда көп септігін тигізеді. Сондай технологияның бірі – деңгейлеп-саралап оқыту.
АҚШ, Жапония, Ұлыбритания мемлекеттерінде ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында пайда болды. Деңгейлік тапсырма беру арқылы балалардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік мол. Деңгейлеп-саралап оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі:

  1. Оқушының әлеуметтік-психологиялық танымы;

  2. Оқушының ынтасы;

  3. Теориялық дайындығы есепке алынады.

Деңгейлік тапсырмалар І, ІІ, ІІІ, IV-деңгейде беріледі.
І- деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, мұны барлығы
орындауға міндетті, ІІ-ІІІ – деңгей тапсырмалары бірте-бірте күрделенеді және мұндағы тапсырмаларды орындауға оқушылар құқылы, ал IV-деңгейді шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды. Барлық оқушылардың 4-деңгейді орындаулары мүмкін емес, өйткені сыныпта нашарлау, орташа, өте жақсы оқитын оқушылар болады. 1-2 – деңгейді толық және дұрыс орындаған оқушы алға шығады. [10; 23].
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тиімді жақтары:

  1. Әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;

  2. Оқушының жеке қабілеті айқындалады;

  3. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;

  4. Сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өзінің алатын бағасын біліп отырады.

Бұл технологияны сабақты жинақтау, қайталау, бекіту сабақтарында қолданған өте тиімді.
Педагогикалық технологияның тағы бір түрі – дамыта оқыту. Дамыта оқыту теориясының авторлары белгілі ғалымдар Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов. Олар «дамыта оқыту» деп – «оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері балалардың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» айтады [12, 23].
Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Осындай оқыту баланың интелектісін ашып, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Ойлауға үйрететін сабақ түрі деп те айтуға болады. Дамыта оқытудың мақсаты: оқушы өзін-өзі дамытады, жетілдіреді, тәрбие алады; баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды.; білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала тыңдаушы, мұғалім информатор емес; керісінше, бала зерттеуші, ізденуші, жаңалық алушы. Олардың дағды іскерлігі белгілі бір проблема, ситуацияны шешу арқылы қалыптасады, мұғалім – оқушы әрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші; дамыта оқудағы басты іс-әрекет – диалог, пікірлесу, пікір-талас.
Дамыта оқыту технологиясының тиімділігі:

  1. қазіргі заман талаптарына сай оқушыны дайындауға септігін тигізеді;

  2. бала өз бетімен білім алуға, зерттеуге дағдыланады;

  3. логикалық, ойлағыштық қасиеттерін дамытып, сөздік қорын молайтады;

  4. тақырыпқа деген өзіндік көзқарасы қалыптасады.

Дамыту оқыту технологиясы оқушыларды ойлау қабілетін арттырып, шығармашылықпен айналысуына мүмкіндік тудырады.
Жеке пән мұғалімдері интерактивтік тақтамен жұмыс жасаудың технологияларын оқып-үйреніп, әр пәндер бойынша сабақ үлгілерін, оқу материалдарын иттерактивтік тапсырмаларды дайындап, пайдаланып оқытудың үрдісінде оқушылардың білім, білік, іскерлік дағдыларын қалыптастыруы қажет.
Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектептердегі білім беруді жаңашаландырудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы көрініс табатын оң алғы шарттары қалыптасып келеді. Ақпараттық технологияларға мультимедия, аудиовизуальды компьютерлік кешендер, слайдтар, бейнематериалдар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет