Қорытынды
Еліміздегі жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған жас ұрпақты жеке тұлға деңгейіне көтере оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болып табылады. Қазақ әдебиеті пән ретінде арнайы бағдарлама арқылы оқытылған күннен бастап адам тәрбиелеу құралы болып табылады.
Ілияс Жансүгіров шығармаларын орта мектепте оқыту әдістемесі ақын туындыларын мектеп бағдарламасында берілу жүйесі жан-жақты талданып, ақын мұрасының қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны талданып көрсетіледі. Жалпы білім беретін қазақ мектептерінде ақын шығармашылығын оқыту әдебиетті оқытудың мақсат-міндетімен сабақтастықта қарастырады.
І.Жансүгіровтің лирикалық шығармаларын, поэмаларын сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып оқыту мен меңгерту оқушының әдеби білімі мен біліктілігін арттыратыны тұжырымдалады.
І.Жансүгіровтің шығармаларын тиімді жолдармен меңгертуге байланысты педагогикалық, психологиялық әдебиеттерге, оқу-әдістемелік зерттеу еңбектеріне талдау жасап, ақын шығармаларын оқушыларға ықпалы мен әсерінің зор екендігін қорытындылайды.
І.Жансүгіровтің шығармашылығының танымдық, тәрбиелік және эстетикалық мәнін дәлелдеу үшін баяндау, түсіндірмелі-иллюстративтік, салыстыру, дамыта оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту, проблемалық сұрақтар қою т.б. әдістерді пайдаландық. Осыған қоса, қазіргі өмір талабына сай электрондық оқытуға негізделген мультимедия технологиясы ұсынылды. Мұндай әдіс-тісілдердің бір ерекшелігі оқушылардың оқуға қызығушылығын, белсенділігін арттырады, тіл мәдениетін жетілдіреді, оқушыларды ізденіске жетелейді, өз бетінше жұмыс жүргізе білуге, ой сараптауға төселдіреді.
Қазіргі заманғы оқу үрдісіне жиі қолданылатын интерактивті оқыту әдісі сабақ барысында қолданылып, тиімділігі мен оқушыларға әсерлігі тәжірибе жүзінде дәлелденеді. Оқушылардың танымын, білімін тереңдетуде ақын шығармаларын оқытудың әдіс-тәсілдері нақтыланып, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттырады. Жалпы білім беретін мектептерде Ілияс Жансүгіров шығармаларын шығармашылықпен меңгерту оқушы бойында отаншылдық, елжандылық, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық-патриотизм сезімін қалыптастыруға әсер ететіні анықталады. Тәжірибелік білім мен тәрбие беру жұмыстарында апробациядан өткен жұмыстар жүйесін, жұмыс үлгілерін сыныпта оқытуда тиімді де ұтымды пайдалануға болатындығы дәйектеледі.
Иә, Ілияс Жансүгіров поэзиясының өрнегі де өнегесі де мол. Өмірден үйренгені көп өзгеге үйретері жетерлік поэзия. Сыншы Мұхамеджан Қаратаев сөзімен айтқанда... «Тұтас алғанда, Ілияс поэзиясы терең ойдың, үлкен сезімнің поэзиясы. Ол өрен жүйрік, асқақ ақынның тегеурінді талантынан туған жоғары идеялы, шыншыл, ұшқыр қиялды, қуатты поэзия, бұл поэзияның мазмұны заман құбылыстарын қамтиды, мұның жырлағаны – халқы».
Ілияс шығармаларын оқи отырып, оның мазмұны тек ойды жеткізіп тұрған сөз қолданыстарына, сөз құдіретіне еріксіз үңілту көзделеді. Сөз байлығы, сөздердің талғамалы, таңдамалы орындарын дәл тауып, «қиыннан қиыстырылып» тұруы, көп адамның ойына келе бермейтін, дағдыдан тыс, жаңа мәндегі көркемдегіш құралдарды, образды сөздерді шебер қолдануы ақынның асқан ұсталығын көрсетеді.
Ілияс Жансүгіров лексикасында теңеулер, эпитет, метафоралар өте мол. Әрбір қимыл, әр көрініс, құбылыс жалаң берілмей, ұтымды эпитет, тапқыр теңеу арқылы келеді. Ақын көркемдегіш құралдарды іздеуде халық тіліне жүгінері анық. Сондықтан да Ілияс теңеулерінің барлығы дерлік халық ұғымына қонымды. Сөз нақышы, ой өрнектері халық өмір-тіршілігінен алынған. Әдебиеттегі бұрын-соңды қолданылған теңеу, эпитет, синекдоханы қайталай қолдана отырып, жаңа түр, жаңа қолданыс тапқан ақын. Поэзиямызда өрістей алмай психологиялық суреттеу әдісінің өнегесін көрсетті, халықтың тіл-қазынасын толық меңгеріп, керегін тауып ала білудің жолын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |