Дипломдық жоба тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасын оқыту әдістемесі


тапсырма. Жеке жұмыс. «Еркін әңгіме» әдісі



бет18/20
Дата19.09.2023
өлшемі127,23 Kb.
#108739
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Диплом жумысы 2023 Кулагер

3 тапсырма. Жеке жұмыс. «Еркін әңгіме» әдісі арқылы оқушы берілген тақырыптардың біреуін таңдап, шағын эссе жазады. Өзі жазған эссесін автор орындығында отырып оқиды. Бұл әдіс өткен сабақты бекітуге тиімді. Поэма мен бүгінгі өмірді салыстыра отырып төмендегі тақырыптардың біріне шағын эссе жазады:
1. Сүрінбе, Құлагерім!
2. Батыраштардың бағы жана ма?
3. Құлагер – әкең тұлпар, шешең – сұңқар ...
Дескриптор: - Автор стиліне сүйенеді;
- шағын эссе жазады.


4 – тапсырма. Топпен жұмыс. ТТБ (Тану, талдау, бөлу) әдісі.
Оқушыларға поэма желісі бойынша бес топқа үзінділер беріледі. Топ ішінде сол үзінділерін өзара бөліседі, оқиды, ортаға салады, тыңдайды.

Дескриптор:

  • Топ бөлінген үзінділерді оқиды, негізгі ойды анықтайды.

  • Поэма мазмұнын оқиға желісі бойынша толық меңгереді.

  • Оқиға желісі бойынша шығарма сюжеттерін анықтап,идеясын ашады.



5-тапсырма. Жеке жұмыс. "Әдебиет лотосы" әдісі арқылы кейіпкерлер жүйесін анықтап мінездеме беру, себебін түсіндіру,кестені толтыру.



Кейіпкер

Жағымды

Жағымсыз

Себебі













Дескриптор:
-адамгершілік қасиетін анықтайды
-мінездеме береді
-себебін түсіндіреді
-кестеге жазады.


6-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Үш түрлі күнделік» әдісі арқылы «Құлагер» поэмасынан берілген үзінділерден кейіпкерлер образын талдап, қорытындылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет