Дипломдық жоба тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың "Құлагер" поэмасын оқыту әдістемесі



бет13/20
Дата19.09.2023
өлшемі127,23 Kb.
#108739
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Диплом жумысы 2023 Кулагер

Аудиовизуальды компьютерлік кешендерді пайдалану оқыту мазмұнын өзгертеді, яғни жұмыс көзін басқаша ұйымдастырудың жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік тудырады. Білім мазмұнын қабылдау мен меңгертудің репродуктивті әдісінің орнына жобалау, зерттеу тәрізді проблемалық әдіске құлшындырады.
Бейнематериалдар арқылы оқыту көру, есту арқылы екі жақты қабылдаудың тиімділігін өмірдің өзі-ақ дәлелдеуде.
Слайдтағы материал тақырып өлшеміне сай, студенттің логикалық-құрылымдық жағынандұрыс орналастырып, оны дыбыстандырып, музыкамен көркемдеуі тыңдаушыларға белгілі бір мақсаттың түйінін шешіп әсер қалдырады.
Компьютердің мүмкіндігін пайдаланып сабақ өту, білім берудің жаңа нұсқасын ұсыну деп түсінеміз.
Мұғалім сабақты өткізудің қай формасын, әдіс-тәсілдерін таңдаса да ол белгілі бір талаптарға бағынышты болуы тиіс. Кез келген сабақтың сапалы, тиімді, нәтижелі өтуі мұғалімнің шығармашылығына байланысты.
Оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру тек әдіс-тәсілдерді сұрыптап ала білумен орындала салмайды, оқу-тәрбие мақсатын, оқудың мазмұнын, өткізу формасын, керекті жабдықтарын, яғни оқыту үрдісінің барлық мәселелерін біртұтас, бір жүйеде қарастыра отырып олардың әрқайсысының тиімді деген нұсқаларын сұрыптап ала білу деген сөз.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазіргі таңда жаңартылған білім мазмұны бағдарламасы бойынша «Құлагер» поэмасы орта мектептің 9-сыныбында оқытылады. Үлгі ретінде бірнеше әдіс-тәсілдер арқылы материалды меңгерту жолдарын көрсетіп бердік (2-қосымша).
Тұжырымдай айқанда, оқыту моделінің әдіснамалық өзегінде көркем шығарманың поэтикасын, құрылым жүйесін саралау, мәтіндік талдаулар барысында көркемдік ізденістер сипатын тану жұмыстары ұйымдастырылды. Ол оқу іс-әрекетінің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылды және нәжижеге бағытталды. Оқушының тек тыңдармен ғана емес, белсенді оқу-таным әрекетіне түсуін қамтамасыз ету үшін белсенді әдіс-тәсіл түрлерін көрсеттік. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру және жүзеге асыру сатысында мәтін талдау ұстанымдарында салыстырмалы-салғастырмалы, образ талдаудың түрлі әдіс-тәсілдері жүзеге асырылды. Әдеби материалды зерттеу әдістері мен тәсілдері: салыстыру, жүйелеу, ұқсастық, қайшылықтарды қарастыру жұмыстары назарға алынды. Бақылау, бағалау шығармашылық жұмыстар әдістемелік сайт арқылы жүзеге асырылды. Шығарманы меңгертуге бағытталған әдіс-тәсілдердің анықталған тиімді түрлері ұсынылып отырған оқу-әдістемелік сайтта (https://zhansugurov-kz.ucoz.net/ ) толық берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет