1-тапсырма. Сыныппен. «Кинометафора» әдісі Режиссер Болат Мансұровтың "Құлагер" фильмінен үзінді көрсетіледі. Оқушының ой-өрісі, ойлау қабілеті дами отырып, оқиғаны талдайды. Сұрақтарға жауап беріп, ойларын еркін жеткізеді.
1. Шығармадағы Ақан бейнесі қазіргі өмірде кездесе ме ?
2. Шығармада қандай әлеуметтік-қоғамдық мәселе көтерілді ?
3. Арманыңа жету үшін не істейсің ?
Дескриптор: - бейнеленген оқиғаны талдайды;
- сұрақтарға жауап береді;
- өз ойларын еркін айтады.
2-тапсырма Топпен жұмыс. «Қазынаны іздеу» әдісі арқылы сюжеттің дамуы бойынша үзінді тақырыптары мен суреттер беріледі. Оқушылар үзінділерден троп пен фигураны анықтайды. І топ. Сюжеттің байланысуы. «Аттың сыны» туралы жазылған үзінді беріледі. ІІ топ. Сюжеттің шиеленісуі. «Бәйге» туралы жазылған үзінді беріледі. ІІІ топ. Шарықтау шегі. «Құлагердің шабысы» туралы жазылған үзінді беріледі.
Дескриптор: - Топпен жұмыс жасайды;
- Троп пен фигураны анықтайды;