Дипломдық жоба тақырыбы: Жарасқан Әбдіраш «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасын оқыту әдістемесі


II. «Дала,сенің ұлыңмын» поэмасын оқыту әдістемесі



бет6/12
Дата02.06.2023
өлшемі430,23 Kb.
#98015
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
дип.жұмыс1 (копия)

II. «Дала,сенің ұлыңмын» поэмасын оқыту әдістемесі.
2.1. Оқыту әдістемесі ғылымында «Дала,сенің ұлыңмын» поэмасының мектепте оқытылуы.
Мектеп бағдарламасы бойынша Ж.Әбдіраштың «Дала,сенің ұлыңмын» поэмасы 2 -3 апта ішінде өткізілетін 5 сабақтан тұрады. Сабақтардың жалпы саны оқушылардың алдына қойылған міндеттер мен мақсаттарына және поэманы оқуға байланысты құрылған.
Мектепте 11-сынып (ЖМБ) бойынша жазылған,авторлары Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов «Қазақ әдебиеті» оқулығы бойынша жасалған Күнтізбелік тақырыптық жоспар бойынша Ж.Әбдіраштың «Дала,сенің ұлыңмын» поэмасын оқыту үшін қолданылатын сабақ жүйесі:
1-сабақтың тақырыбы: Ж Әбдірашев. «Дала,сенің ұлыңмын» поэмасының жанрлық ерекшелігі.
Сабақтың мақсаты: 11.1.1.1 - әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну.
2-сабақтың тақырыбы: Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы және менің шығармашылығым.
Сабақтың мақсаты: 11.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді,қанатты сөздер, дәйек сөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;
3-сабақтың тақырыбы: Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы мен өмір шындығы
Сабақтың мақсаты: 11.2.2.1 - шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтау;
4-сабақтың тақырыбы: Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы
Сабақтың мақсаты: 11.2.4.1 – Әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең) жазу
5-сабақ:ТЖБ

Ж.Әбдіраш «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы бойынша 11-сынып оқулығында берілген тапсырмалар мен қолданылған әдістер :


Ақын өмірбаянына қатысты ауызша тапсырмалар:
Пікірлесу сұрақтары:
1.Ж.Әбдірашевтің қандай шығармаларын оқыдың?
2.Автор шығармалары қандай жанрларда жазылған?
3.Не себепті ақынның шығармадағы авторлық идеясы өмір шындығымен байланысты дейміз?
4.Ж.Әбдіраштің адамзатқа тән мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу шеберлігін талдаңдар.
5.Автор шығармаларында ғаламдық мәселелерді қозғайтын тақырыптар бар ма? Ойыңды мысалдармен дәлелде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет