Дипломдық жоба тақырыбы: Жарасқан Әбдіраш «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасын оқыту әдістемесі


Ақын өмірбаянына қатысты жазбаша тапсырмалар



бет7/12
Дата02.06.2023
өлшемі430,23 Kb.
#98015
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
дип.жұмыс1 (копия)

Ақын өмірбаянына қатысты жазбаша тапсырмалар:
1.Ж.Әбдірашев қандай ақын? Ойыңды кестедегі көрсеткіштер арқылы талдап.авторға хат жаз:

Білім

Тақырып бойынша алған ақпаратым

Эмоция

Менің көңіл-күйім

Баға

Автор шығармашылығына берген бағам

Сын

Автор шығармалары мен үшін маңызды

Идея

Оқырман ретінде ұсынатын идеям

2. «Дербес пікір» әдісін пайдалана отырып ,ақын өлеңдерінің ерекшеліктерін талдап жазыңдар.

Әрекет

Ойды жеткізу

Өзіндік пікір




Дәлел




Өз пікірін айғақтайтын мысал




Өз пікіріне қарсы дәлел




Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал




Қорытынды




Ж.Әбдіраш «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы бойынша орындалатын ауызша тапсырмалар:
Пікірлесу сұрақтары:
1.Поэма атауы қандай идеядан туындаған?Оның атауын басқаша қалай өзгертер едің?
2.Ақын елдің әр кезеңдегі тарихын қалай баяндаған?
3.Жерімізді «Ұлы дала» мен «Көк аспан» деп атауға келісесің бе?.
4.Поэмадағы дала ненің символы?

Жазбаша тапсырмалар:

Поэмадан қандай келелі мәселелерді байқадым?

Оны қай үзінділермен дәлелдей аламын?








2.Отан,туған жер туралы мақал мәтелдерді жазып,поэмадан 5 мысал келтіру арқылы олардың мағынасын ашу.

Топтық тапсырмалар:

  1. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісімен жұмыс жасаңдар!

Ойлан. Поэмадан түйген ойларыңды жазыңдар.
Бірік.Өз идеяларыңды біріктіріңдер.
Бөліс.Сыныппен бөлісіңдер.

  1. 2 топқа бөлініп, поэмадағы заман және қазіргі заман көрінісін салыстырыңдар.

  2. Поэманың идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдаңдар.



Ж.Әбдіраш «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасы бойынша орындалатын үй тапсырмалары:
1. Қазақстан – http://kaztrk.kz арнасынан ақынды еске алу кешін қара.
2. Поэманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жаз.
3. Поэманы идеялық жағынан мазмұндас А.Тарковскийдің «Белый день» өлеңімен салыстыра отырып, екі шығармадағы кеңістік пен уақыт шегіндегі образдардың мән-мағынасы туралы әдеби сын жаз.
4. CD-дегі №1 қосымшаны үлгі ретінде пайдаланып, презентация жаса.
5. Поэмада көтерілген мәселені суретпен байланыстырып, әңгіме жаз.
6. Компьютерде векторлық графиканы қолданып, «Дала» ұғымын өз түсінігіңмен сал.

Экс­пе­ри­ме­нт­тік тап­сыр­ма:
СD дис­кі­нің № 4 қо­сым­ша­сын­да бе­ріл­ген Н.Ә.На­зар­ба­ев­тың «Ұлы да­ла­ның же­ті қы­ры» ма­қа­ла­сын топ­та­сып оқып, зерт­теу жүр­гі­зің­дер. «3–1–2» әді­сі бо­йын­ша жұ­мыс жа­сау арқылы та­қы­ры­пп­пен бай­ла­ныс­ты­ра оты­рып, кес­те­ні тол­ты­рың­дар. «Креативті ойлау» әдісімен өлеңдегі дала идеясын дамытып, «Ұлы даланың же­ті қыры» мақаласымен байланыстыра отырып, қара сөзбен толықтырып жаз.

Мәтін бойынша 3 факт










Мәтін бойынша 2 сұрақ







Қызығушылық танытқан 1 нәрсе








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет