Дипломдық жоба тақырыбы: Жарасқан Әбдіраш «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасын оқыту әдістемесі



бет11/12
Дата02.06.2023
өлшемі430,23 Kb.
#98015
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
дип.жұмыс1 (копия)














Қорытынды:


Қорытындылай келе, Жарасқан Әбдіраштің "Дала,сенің ұлыңмын " поэмасын оқу оқушылар үшін маңызды мәдени құбылыс екенін атап өтуге болады. Поэманы оқыту арқылы ұлттық құндылықтарымыздың маңызын ашып, ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстырамыз. Поэманы оқыту арқылы дала табиғатының сұлулығын және оның қазақ халқының өмірі мен мәдениетіне әсерін, сондай-ақ адам мен табиғат арасындағы байланыс, мәдени бірегейлік пен өткенмен байланыстың маңыздылығы, бостандық пен тәуелсіздіктің маңыздылығы туралы ақын қозғаған философиялық идеяларды оқырманның жүрегіне жеткіземіз.
Поэманы оқыту әдістерін пайдаланып оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, білім беру мазмұнын жаңалап, поэмаға жаңа көзқарас, жаңа дем бере аламыз.
Білім мазмұнын жаңартумен қатар , оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы білім сапасын арттыруға мүмкіндік аламыз. Қазіргі таңда мұғалімдердің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі оқудың жаңа әдістерін пайдалану арқылы оқушының жеке қасиеттерін, танымдық қабілетін ашып, білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасаймыз.
Ұстаз болу үшін ең басты мәселелердің бірі - оқыту әдісін дұрыс таңдау. Поэманы және ақын өмірбаянын оқытуда дұрыс таңдалған әдіс- жетістіктің кілті.
Сонымен қатар, жаңа әдіс-тәсілдерді , жаңа технологияларды меңгеріп, қолдану арқылы оқушылардың әдебиет сабақтарына қызығушылықтарын арттырып, сабақтың сапасын жақсартып, оқушыларды жинақылыққа, дәлдікке баулимыз.
Жарасқан Әбдіраштің "Дала,сенің ұлыңмын " поэмасы - Қазақстан үшін терең мәдени және тарихи мәні бар маңызды әдеби шығарма. Ол дала табиғатының әсемдігі мен ұлылығын және оның қазақ халқының өмірі мен мәдениетіне әсерін жеткізеді.
Поэманың басты тақырыптарының бірі-қазақ халқының туған жері мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігі. Автор өзінің дала жеріне, қазақ мәдениеті мен дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік сезімін жеткізеді, бұл оны ұлттық бірегейлік пен патриотизм үшін маңызды етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет