II-«ДАЛА,СЕНІҢ ҰЛЫҢМЫН» ПОЭМАСЫНЫҢ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1.Оқыту әдістемесі ғылымындағы «Дала,сенің ұлыңмын» поэмасының мектепте оқытылуы ..............................................................................................................15
2.2.«Дала,сенің ұлыңмын» поэмасын оқытуға арналған сабақтар жүйесі...................19
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................27
КІРІСПЕ
Әдебиет- кез-келген халықтың мәдениетінің маңызды аспектілерінің бірі. Ол оның дәстүрлерін, тарихын және өмір салтын бейнелейді, оның менталитеті мен құндылықтарын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Қазақ әдебиеті де ерекшелік емес, Жарасқан Әбдіраш - қазақтың көрнекті жазушылары мен ақындарының бірі, оның шығармалары тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де таныс. Жарасқан Әбдіраштың басты шығармаларының бірі - "Дала, сенің ұлың" поэмасы, ол жоғары әдеби құндылыққа ие болып қана қоймай, қазақ халқы мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің 11-сынып оқушыларына Ж.Әбдіраш шығармалары оқытылады. Ж.Әбдіраш тамаша ақын. Жарасқан Әбдіраш талантының айрықша белгісі-өз халқының тарихын терең танып қана қоймай, оны әдеби еңбектерде шынайы бейнелеуге деген ұмтылыс болып табылады. Тарихи, көркем өлең,поэма жазуы белгілі бір тарихи кезеңнің қайталанбас дәмін, адамдардың өмірін, олардың салт-дәстүрлерін, армандары мен ұмтылыстарын бейнелейді.
Сондай шығармаларының бірі «Дала,сенің ұлыңмын» поэмасы. Қазақтың көркем табиғатын, ұлы тұлғаларын , отан, туған жер қадірін дәріптеуші деп білеміз. Мектеп қабырғасынан бастап оқытылатын поэманың ар жағындағы идеясын түсіну қиын емес. Бұл поэманы оқыту арқылы өскелең ұрпақты адамгершілік, ұлтжандылық, еліне деген сүйіспеншілігін оятып, халқы үшін ,елі үшін еңбек ететін ұрпақ тәрбиелейміз. Жоғарғы сыныпта бұл поэманы оқу арқылы оқушылар болашақта тізгінін ұстайтын өз елі жайлы оң ой қалыптастырып, ұлы тұлғаларымызды танып, солар секілді елге қызмет етуге ат салысуға тырысарына сенеміз. Сондықтан, 11- сынып оқушыларына «Дала,сенің ұлыңмын» поэмасын оқытудың әдістемелерін ұйымдастыру өзекті деп білемін.
Достарыңызбен бөлісу: |