Дипломдық жоба тақырыбы: Жарасқан Әбдіраш «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасын оқыту әдістемесі



бет4/12
Дата02.06.2023
өлшемі430,23 Kb.
#98015
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
дип.жұмыс1 (копия)

Жобаны жүзеге асыру кезеңдері.
Жұмыс төрт кезең арқылы жүзеге асты. 1) Тақырып бойынша ғалымдар зерттеулеріне шолу; 2) Қажетті ақпараттарды іріктеу; 3) Жоба бөлімдерін жүйелеу 4) Дайын болған жобаны бекіту.
Жобаның перспективасы мен жүзеге асырылу кезеңдері.
Бұрын соңды арнайы зерттелмеген, мектеп бағдарламасына 2018-2019 оқу жылында ғана енген «Дала,сенің ұлыңмын » поэмасын оқытуда әдеби білімді меңгерту үшін жоба оқытушыларға бағдар бола алады.
1.1.«Дала,сенің ұлыңмын» поэмасының әдебиеттану ғылымында ғылыми-теориялық тұрғыда зерттелуі
1.2.Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбында «Дала,сенің ұлыңмын» поэмасының оқытудың педагогикалық-психологиялық дәйектемесі.
2.1.Оқыту әдістемесі ғылымындағы «Дала,сенің ұлыңмын» поэмасының мектепте оқытылуы дәстүрі, тарихы
2.2.«Дала,сенің ұлыңмын» поэмасының оқытуға арналған сабақтар жүйесі

  1. Ж.ӘБДІРАШ «ДАЛА,СЕНІҢ ҰЛЫҢМЫН» ПОЭМАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



1.1.«Дала,сенің ұлыңмын» поэмасының әдебиеттану ғылымында ғылыми-теориялық тұрғыда зерттелуі

«Дала, сенің ұлыңмын» – Жарасқан Әбдірашевтің 1975 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген жыр жинағының және поэмасының атауы. Поэма «Туған дала... Сенсің биік тұғырым!.. Сенсің менің абыройым, мақтаным!..» деген асқақ пафоспен басталып, қазақ даласының поэтикалық портретін жа- сайды. Шығармадағы лирикалық қаһарман – автордың өзі.


«Дала» – поэтикалық образ әрі символдық бейне. Мұның астарында бүкіл қазақ даласы, осы кең байтақ өлкені сөзімен де, ісімен де сақтап қалған ата-ба- баларымыздың қасиетті рухы деген ұғым бар. «Дала» деген сөзге автор «Мен – қазақпын» деген ойды сыйғызып, ата-баба тарихынан сыр төккісі келген.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ұлы дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. «Дешті Қыпшақ» деген сөз – «қыпшақтың даласы» деген сөз. «Ұлы дала» ұғымына Алтайдан Қара теңізге дейінгі дала кіретін болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері... Бізде де сондай ұғыммен теңестіретін болсақ, бізге «Ұлы дала еліміз» деп айтқым келеді. «Ұлы дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді. Кең дала – біздің жеріміз. Осы жерде біз тұрып жатырмыз, өсіп жатырмыз, өр- кендеп жатырмыз, ұрпақ асырап жатырмыз. Осы жерде мемлекетімізді құрып, оның шаңырағын биік қылып, көк тудың астына жиналып жатырмыз. Біздің байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқыраған күн бейнеленген... Ол халықтық атау болуы керек», – деген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет