Дипломдық жоба тақырыбы: Жарасқан Әбдіраш «Дала, сенің ұлыңмын» поэмасын оқыту әдістемесі



бет3/12
Дата02.06.2023
өлшемі430,23 Kb.
#98015
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
дип.жұмыс1 (копия)

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Ж.Әбдіраш «Дала,сенің ұлыңмын» поэмасын оқыту арқылы оқушылардың әдеби білімін дамыту. Оқытуға арналған тиімді сабақ үлгісі мен тапсырмаларды көрсету.
Зерттеу мақсатына жету және гипотезаны тексеру үшін біз келесі міндеттерді қойдық:

  • Поэманы оқыту әдістемесі мәселесі бойынша теориялық және педагогикалық дереккөздерді талдау;

  • Әдебиетті оқытуда «Дала,сенің ұлыңмын» поэмасын оқытудың әдістемелерін қолдану ерекшеліктерін сипаттау;

  • Зерттелетін мәселе аспектісінде әдебиет бойынша заманауи оқу-әдістемелік кешендерді талдау;

  • Оқытудың әртүрлі әдістемелерін қолдана отырып, 11-сыныпта Ж.Әбдіраштың «Дала,сенің ұлыңмын» поэмасын оқытуға арналған тапсырмаларды жинақтау;

Күтілетін нәтижесі: Оқушылардың әдеби білімін дамытуда романды оқытуға арналған тапсырмалар жинағын шығару. Жоғарғы сыныпта «Дала,сенің ұлыңмын» оқу арқылы негізгі түйіні, идеясын түсінуге, талдау жасауға, проблеманы шешуге бағытталған әрекетке үйрету.
Мазмұны
Жобаның мазмұны екі бөлімге негізделген. Бірінші бөлімінде «Дала,сенің ұлыңмын» рпоэмасының әдебиеттану ғылымында ғылыми-теориялық тұрғыда зерттелуі жайында қарастырдық. Белгілі ғалымдар т.б еңбегіне тоқталып өттік. Шығарманың көркемдігі, заман тынысындағы рөлі де ойымыздың басым бөлігін құрайды. Ал екінші бөлігінде 11-сынып оқулығы бойынша поэманы оқытудың күнтізбелік тақырыптық жоспары, сабақ тақырыптары, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар, поэмаға қатысты сабақ жоспары ұсынылды. Көркем шығарманы оқушыға оқытуда психологиясы, қабылдауы, жас ерекшелігінің маңыздылығы сөз болады. Жобаның бірінші бөлімінде теориялық мәселе қамтылса, екінші бөлімінде әдістемелік жағы баяндалады. «Дала,сенің ұлыңмын » поэмасының мектептегі оқытылу дәстүрі, тарихына шолу жасадық. Келесі бөлігінде сабақтар жүйесін қамтып, сабақ үлгілерін тіздік.
Топ мүшелерінің нақты бөлімдер бойынша жауаптылығы туралы сипаттама.
Жобаға атсалысқан жоба қорғаушы студенттер :
Толеева Г.Т
Жаңабай Д.Е
Тұрсынқұл Н.Қ
1.1 бойынша Толеева Г.Т, 1.2 бойынша Тұрсынқұл Н.Қ, 2.1 бойынша Жаңабай Д.Е жұмыс кезеңдеріне өз жауапкершілігіне алды. 2.2.«Дала,сенің ұлыңмын» поэмасын оқытуға арналған сабақ жоспарын Толеева Г.Т, Жаңабай Д.Е біріге жазды. Теориялық және әдістемелік бөлімдерде ой бөлісіп, пікір алмасып қорыттық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет