Дипломдық жоба тақырып: «9-сыныпта физиканы оқытуда есеп шығару арқылы оқушылардың академиялық тілін дамыту әдістемесі»


-кезең. Механика бөліміне арналған тапсырмаларды жинақтау. 5-кезең



бет4/16
Дата02.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#97818
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Толық 1-3 (соңғы) (2) (1)

4-кезең. Механика бөліміне арналған тапсырмаларды жинақтау.
5-кезең. Жоба жұмысын рәсімдеу.
Жобаны дамыту перспективалары. Жоба аясында ұсынылған механика бөлімін оқытуды жетілдіру жолдарын болашақ физика мұғалімдері (бітіруші түлектер) оқу үдерісінде қолдануларына болады.

9-СЫНЫПТА ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ЕСЕП ШЫҒАРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ




1 Физика сабағында оқушыларының академиялық тілін дамыту әдістемесіне шолу

Жалпы орта білім берудің мақсаты кең ауқымды дағдыларды, сонын ішінде коммуникацияның түрлі тәсілдерін қолдануын дамыту негізінде білім алушылардың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін жасау болып табылады [1].


Физика пәнінің тілдік стилі академиялық тіл арқылы анықталады. Академиялық тіл – пән мазмұнын меңгеру, ойлау, физикалық ұғымдармен жұмыс істеу қабілетін жақсарту құралы. Сондықтан физика пән мұғалімдері оқушылардың академиялық тілін дамытуға тұрақты назар аударуы маңызды. Сондықтан пәнді оқыту барысында академиялық тілді қалыптастыру мәселесі еліміздің білім саласының нормативтік-құқықтық және әдістемелік құжаттарда қарастырылған.
«Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2022-2023 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатта «пән бойынша білім алушылардың академиялық тілін дамытуға айрықша назар аудару» қажеттілігі атап көрсетілген [2].
Дипломдық жоба барысында физика пәнін оқытуда оқушылардың академиялық тілін дамыту бойынша қазақ тілінде нақты ғылыми зерттеулер және әдістемелердің жеткіліксіздігі байқалды.
Физиканы оқыту әдістемесінде сабақта ұйымдастырылатын әңгіме және әңгімелесуге, оқушы-оқушы, оқушы-мұғалім арасындағы диалогқа баса назар аударылады. Физик әдіскер ғалымдардың зерттеулерінде оқушылардың білім сапасын артырудың құралы ретінде жүйелі әңгіме құрастыру атап көрсетілген [3].
Оқушыларда физикалық теория және оның құрылымымен қатар теорияның жеке элементтері туралы білімнің жүйесін қалыптастыру маңызды. Теорияның әр бір элементі (ұғым, заң, құбылыс және т.б) бір-бірімен тығыз байланыста болады. Осы байланыстарды оқушылар нақты білуі үшін оларды жүйелі әңгіме құрастыруға үйрету, машықтандыру маңызды болып табылады. Л.Я.Зоринаның пікірінше, жүйелі түрде әңгімелеу «өзара байланысқан сұрақтарға жауап беру арқылы физикалық нысанды тұтас, жеткілікті деңгейде сипаттау» болып табылады [3].
С.Л.Рубинштейн оқушының сөйлеуі мен ойлау әрекетінің өзара байланыстылығының маңыздылығын атап көрсеткен [4]. Әңгімелеуде сөзді байланыстыру оқу материалының мазмұны арқылы жүзеге асырылады. Ал оны баяндау ойлаудың жүйелілігіне тікелей байланысты болады. Сондықтан оқушыларды берілген тақырып бойынша сөйлеуге үйрету арқылы олардың танымында оқу материалының мазмұнының жүйелі қалыптасуына ықпал етеді.
Дипломдық жобаның тақырыбына сәйкес 9-сынып оқушыларының физика пәнінен есеп шығару барысында академиялық тілін дамытуды механика бөлімі бойынша қарастырылды.
9-сыныпқа арналған физика пәнінің үлгілік оқу жоспарында механика бөлімі бойынша оқу материалдары «Кинематика негіздері», «Динамика негіздері», «Сақталу заңдары» бөлімшелері арқылы берілген [5].
Үлгілік оқу жоспарының негізінде механика бөлімі бойынша оқушыларда:

  • негізгі ұғымдарды (санақ жүйесі, материалдық нүкте, траектория, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы, деформация, үйкеліс, центрге тартқыш үдеу, ауырлық центрі, тепе-теңдік және т.б.) пайдалану;

  • физикалық құбылысты көрсететін демонстрациялық тәжірибелер негізінде, негізгі қасиеттері және сипаттамасы бойынша құбылыстарды (бірқалыпты және түзусызықты айнымалы қозғалыс, теңүдемелі түзусызықты қозғалыс, дененің еркін түсуі, шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалыс, денелердің өзара әрекеттесуі, реактивті қозғалыс) ажырату;

  • меңгерген физикалық құбылыстарды қоршаған ортада тану (планеталардың қозғалысы және т.б) және физикалық құбылыстардың маңызды қасиеттері мен белгілерін ажырату;

  • физикалық шамаларды (орташа және лездік жылдамдық, үдеу, орын ауыстыру, жол, бұрыштық жылдамдық, үйкеліс күші, серпімділік күші, ауырлық күші, еркін түсу үдеуі, дененің салмағы, дененің импульсі, күш импульсі және т.б.) пайдаланып, денелер мен физикалық құбылыстарды сипаттау, сипаттау барысында шамалардың физикалық мағынасын, өлшем бірліктері мен белгіленуін дұрыс пайдалану, физикалық шамалардың тәуелділік графиктерін салу;

  • энергияның сақталу заңын, бүкіләлемдік тартылыс заңын, күштердің суперпозиция принципін, Ньютон заңдарын, сақталу заңын пайдаланып, денелердің қасиеттерін, физикалық құбылыстар мен процестерді сипаттау және ауызша баяндау;

  • физикалық құбылыстарға, заңдар немесе заңдылықтарға сүйеніп тәжірибеге бағытталған жағдаяттың себеп-салдарлық байланысын түсіндіру;

  • екі-үш формуладан тұратын есептеулерді қажет ететін есептер шығару;

  • физикалық әдістер көмегімен шешілетін проблемаларды анықтау, бақылау және тәжірибе нәтижесін түсіндіру, қорытындылар жасау;

  • физикалық шамаларды жанама өлшеу әдістері арқылы анықтау;

  • физикалық модельдер (материалдық нүкте, абсолют қатты дене) негізгі белгілерін ажырату;

  • меңгерген құралдар мен техникалық құрылғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау білігін қалыптастыру көзделеді.

Бүгінгі таңда физика пәнінен сабақ барысындағы әңгімелеуде 9-сынып оқушыларында бірқатар қиындықтарға кездесетінін тәжірибе көрсетті. Енді осы қиындықтардың сипатын қарастырайық. Ең алдымен оқушылар берілген сұрақ параграфтың атауына сәйкес келмесе сөзді неден бастарын білмейді. Нәтижесінде мүлдем мазмұнға сәйкес келмейтін мәлімет беріледі. Мысалы, Ньютонның бірінші заңын сипаттау туралы берілген сұраққа бірден Ньютон заңы классикалық механиканың негізгі заңдары туралы айтудын орнына механиканың кинематика, динамика, статика бөлімдері бар екендігінен бастайды. Бұл жағдайда оқушы өзінің баяндауын неліктен осылай бастағандығы туралы түсіндіріп бере алмайды.
Екіншіден, оқушылардың сөзінде берілген сұраққа қатысы жоқ артық ақпарат көп беріледі. Оқушы әңгімелеу барысында құбылыстың жүру механизмі мен құбылысты бақылау тәжірибесін сипаттауды араластырып ұсынады, яғни құбылысты жүйелі сипаттау орын алмайды.
Үшіншіден, оқушыларға ғылыми факті туралы әңгіме құрастыру қиындық туғызады. Материалды реттілікпен беру, аргументтеу жүйеге аспағандықтан оқушының баяндауы түсініксіз, ұзақ әрі бір-бірімен байланыспайтын сөздердің жиынтығы ретінде көрініс табады.
Оқушыларда жүйелі әңгіме құрастыру дағдысын қалыптастыру үшін оның ойлау әрекетін жүзеге асыруға бағытталған жалпылама құрылымды нақтылау қажет. С.Л.Рубинштейннің пікірінше, оқушының сөйлеуі біріншіден оқу материалының мазмұны мен мағынасын түсінгендігіне, екіншіден әңгімелесу ортасына байланысты болады [4].
Соңғы жылдардағы оқушылардың академиялық тілін дамытуға қатысты әдістемелік зерттеулерді қарастырамыз.
Академиялық тіл кез-келген пәннің мазмұны арқылы нақты көрінеді. Мысалы, қандайда бір арифметикалық сандарға қарасақ алгебра есімізге түседі. Немесе формулаларға қарасақ физиканы еске аламыз. Міне осындай пәндердің негізгі мазмұнын оқып үйрену үшін оқушылардың академиялық тілін дамыту керек. Яғни, академиялық тілді қалыптастыру нәтижесі қандай да бір пәннің негізгі мазмұнын оқып үйренуге әкеледі, сондай-ақ пәннің негізгі мазмұнымен жұмыс жасау дағдыларын жақсартуға ықпал етеді.
9-сынып оқушыларының академиялық тілін физика сабақтарында дамыту үшін мұғалімдерге:

  • оқушыларға негізгі физикалық ұғымымен жұмыс жасауға қажетті жұмыс құралдарын беруі (мысалы, пікірталас немесе топтық жұмыс үшін қажет терминдер ұсыну, сұрақтар ретін беру);

  • сабақ соңында қандай оқу жетістіктеріне қол жеткізгенін оқушылармен бірге талқылауы;

  • оқушыларда оқылым-айтылым, тыңдалым-жазылым дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін оқу әдістерін пайдалануы;

  • оқушының сөздік қорын дамыту үшін түрлі жаттығулар немесе тапсырмалар беруі маңызды.

Оқушылардың есеп шығару арқылы академиялық тілің дамыту жолдарын қарастыру мақсатында алдымен механика бөлімінің есептерін және оларды шешу жолдарын қарастырамыз.

2 Механика бөлімі бойынша есептерді шешу әдістемесі


Ғылым мен техника дамыған уақытта оқушылар көптеген әртүрлі ақпараттар алуда. Ақпараттар ағыны жаңа терминдер мен күнделікті өмірде маңыздылығы төмен жаңалықтар оқушылардың есте сақтау қабілетін төмендетіп, қысқа мерзімді жадының қалыптасуына әкелуде. Бұл өз кезегінде оқушылардың физикадан білім сапасының төмендеуіне ықпал етуде. Екіншіден, оқушылардың пән бойынша алынған тоқсандық және жиынтық бағалау жұмыстарында төмен нәтиже көрсетуіне сабақ барысында берілетін ақпараттарды толық меңгермеуі тікелей ықпал етуде. Үшіншіден, академиялық тілдің қалыптаспауы оқушылардың терминдер мен оқу материалының толық меңгермеуіне әкелуде. Осы айтылғандарды ескере отырып, зерттеу жұмысының барысында оқушыларының академиялық тілін дамыту мақсатында алдымен 9-сыныпта механика бөлімінің есептерінің түрлерін қарастырамыз.


Орта мектепте физика сабақтарында берілу тәсіліне қарай мәтіндік есептер қолданылады [6]. Мәтіндік есептер шартты сөз арқылы дәлме-дәл және шартында физикалық тұрақтылармен қатар қажетті ақпараттарды қамтиды.
Жоба жұмысы барысында физикалық есептердің анықталған түрлері бойынша 9-сыныптың физика пәнінің механика бөлімінің мәтіндік есептер жинақталды.
Мәтіндік есептерге мысал:
1-есеп. Қозғалыстағы арбашаның жылдамдығын анықтауға арналған динамикалық аспаптың бояу жаққыш қондырғысы кез - келген тең уақыт аралығында экранға белгі соғады. Неліктен осы бояу жаққыш қондырғының экранға перпендикуляр жазықтыққа түсіретін белгісі тік сызық емес, көлбеу болып түседі.
Жауабы: Бояу жаққыш құрылғының айналма қозғалысы арбашаның ілгерілемелі қозғалысымен үйлесіп, нәтижесінде қондырғы цилиндрлік спираль сызады. Оның біраз бөлігі экранға түседі.
2-есеп. Бір бақылаушының бақылауы бойынша материалдық нүкте түзу сызықты қозғалса, сол нүкте екінші бақылаушы бойынша спираль бойымен қозғалады. Бұл неліктен. Осы құбылысқа эксперимент жасаңдар.
Жауабы: Бірінші бақылаушыға қатысты санақ жүйесі бойынша материалдық нүкте түзу сызықты қозғалады. Ал екінші бақылаушыға бірінші бақылаушыға қарасты санақ жүйесі айнымалы қозғалады. Нәтижесінде екінші бақылаушы бойынша материалдық нүкте спираль бойымен қозғалады.
3-есеп. Бірдей жылдамдықпен біркелкі көтеріле бастауы үшін балласты біркелкі батып бара жатқан аэростаттан қандай масса тастау керек? Балласты бар шардың массасы m=1600 кг, аэростаттың көтеру күші F=12 кН. Көтерілу және түсу кезінде ауаның күшін бірдей деп санау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет