Дипломдық жоба тақырып: «9-сыныпта физиканы оқытуда есеп шығару арқылы оқушылардың академиялық тілін дамыту әдістемесі»


-сурет. Жылдамдықтың өзгеру графигі



бет9/16
Дата02.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#97818
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Байланысты:
Толық 1-3 (соңғы) (2) (1)

8-сурет. Жылдамдықтың өзгеру графигі.

2-есеп. Дене ох осі бойымен қозғалады. 9-суретте дене үдеуінің проекциясының уақытқа тәуелділік графигі бейнеленген. Уақыттың бастапқы сәтінде t = 0 дене жылдамдығының проекциясы = 3м/с-ке тең болған. t = 1 с және t = 2 с сәттерінде дене жылдамдығының проекциясын анықтаңдар.



9-сурет. Үдеу проекциясының уақытқа тәуелділігі.

Сызбалар, сурет есептерді талдау



  • Суретте не көрсетілген? (физикалық денелер, бөлшектер, құралдар, механизмдер, график элементтері, т.б.)

  • Аталған нысандардың атқаратын қызметтері қандай?

  • Нысандардың өзара байланысы қандай?

  • Нысандардың қандай қасиеттері өзгереді және неліктен?

  • Олардың өзгеруі басқа нысандарға қалай әсер етеді?

  • Сурет (сызба) қандай құбылысты, заңды сипаттайды?




1-есеп. Сумен толтырылып, көлденең орналастырған құбырдың (10-сурет) кең жерінің көлденең қимасының ауданы 1 дм2, ал жіңішке жерінікі – 10см2. Б поршеньге әсер ететін 10 кН күшті теңгеру үшін А поршеньге қандай күшпен әсер ету керек?

10 сурет. Құбырдың көлденең қимасы

2-есеп. 11-суретте бір-біріне бекітілген радиустары әр түрлі блоктар көтерсетілген. Егер үлкен блоктың радиусы кіші блоктың радиусынан үш есе үлкен және F=200 Н болса, көтеретін жүктің массасы қандай?



11 сурет. Бір-біріне бекітілген блоктар

Физикалық эксперимент есептерді талдау



  • Тәжірибе қандай физикалық құбылысты, үдерісті көрсетеді?

  • Құрылғының негізгі элементтері қандай?

  • Түсіндірме сызбаларын не үшін қажет?

  • Эксперименттің барысын және нәтижелерін негі сипаттайды?

  • Құрылғыда нені өзгертуге болады және ол нәтижеге қалай әсер етеді?

  • Қорытынды қалай жасайсыз?

1-есеп. Иінтірекке салмағы 50 грамм және 100 грамм жүк орналасқан. Жүкті жылжыту арқылы сызығыштың көмегімен тепе-теңдікте тұрған дененің иіндерін табыңдар. Алынған мәліметпен = формуласын дәлелдеңдер.
2-есеп. Динамаметрдің көмегімен салмағы 100 грамм және 200 грамм жүкті иінтірекке орналастыру арқылы 1)жылжымалы блокқа түсіретін күштерін өлшеу арқылы және 2)жылжымайтын блокқа түсіретін күштерін өлшеу арқылы заңдылықтарды дәлелдеу.



Есептің түрінен бөлек жалпы есептерге қатысты физикалық құбылысты талдау, физикалық шаманы талдау, физикалық заңды және формуланы талдау сұрақтарын қолдану академиялық тілмен қатар есептің мағынасы мен мақсатын айқындай түседі.


Физика есептерінің барлық түрлерінде қарастырылатын физикалық құбылыс, физикалық шама, физикалық заң және формуланы талдауға арналған сұрақтар тізімі (талдау алгоритмі) 2-кестеде көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет