Мәтіндік есепті талдау:
|
Есептің не туралы екенін анықтау;
Есеп шартының физикалық мағынасын ашу, яғни есепте қандай физикалық құбылыс сипатталғанын анықтау;
Есепке қатысты сызба немесе суретті түсіндіру және салу;
Есепті шығару жолын баяндау: есепте қандай физикалық заңдар мен теңдеулер бар;
Есепті шығару барысында қандай теңдеулер немесе теңдеулер жүйесі алынған, т.б.
|
1-есеп. Ертіс өзенімен жүк таситын теплоход ағыспен 600 км/тәулік жылдамдықпен, ал ағысқа қарсы, ал ағысқа қарсы 344 км/тәулік жылдамдықпен жүретін болса өзен ағысының жылдамдығы қандай?
2-есеп. Бекетке жақындаған электр пойызының жүргізушісі қозғалтқышты сөндірді, одан кейін пойыз үдеуі 0,1м\с² бірқалыпты кеміп, отыратын қозғалысқа түсті. Егер тежегішті іске қосқан кездегі пойыздың жылдамдығы 54км\сағ болса, тоқтағанға дейін ол қандай арақашықтықты жүріп өтеді.
|
Графиктік есептерді талдау:
|
Графикте қандай физикалық тәуелділік берілген?
Координата өстерінде қандай физикалық шамалар көрсетілген және олардың өлшем бірліктері қандай?
Тәуелділік графигі нені білдіреді?
Графиктің ерекше нүктелері бар ма? Олардың физикалық мағынасы қандай?
График қандай мәселелерді шешуге мүмкіндік береді?
|
1-есеп. 8-суретте дене теңүдемелі, теңкемімелі, бірқалыпты қозғалатын аралықтарды көрсетіңдер.
|