Дипломдық жоба тақырып: «9-сыныпта физиканы оқытуда есеп шығару арқылы оқушылардың академиялық тілін дамыту әдістемесі»


сурет. Бір-біріне бекітілген блоктар



бет14/16
Дата02.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#97818
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Толық 1-3 (соңғы) (2) (1)

11 сурет. Бір-біріне бекітілген блоктар



Берілгені: Шешуі:


T\K m=?



m=
Жауабы: m=60кг



  • Формула қалай аталады? (күш импульсінің формуласы)

  • Формула қандай физикалық шамаларды байланыстырады? (күш, ұзындық және массаның байланысады)

  • Математикалық тәуелділіктің түрі қандай? ( )

  • Қандай формуланы қорытып шығаруға болады? ( )

  • Алынған формуланың физикалық мағынасы бар ма? (осы формула арқылы массаны қорытып шығарамыз)



Эксперимент есепті талдау
1-есеп. Иінтірекке салмағы 50 грамм және 100 грамм жүк орналасқан. Жүкті жылжыту арқылы сызығыштың көмегімен тепе-теңдікте тұрған дененің иіндерін табыңдар. Алынған мәліметпен = формуласын дәлелдеңдер.
Берілгені: ХБЖ
=50 грамм 5* кг
=100 грамм 10* кг
Табу керек:

Шешуі:
Е септі шешу мақсатында оқушылар берілген құрал-жабдықтардың (өздері таңдап анықтайды) көмегімен эксперимент жүргізіп, оның нәтижесінде алынған мәліметтердің көмегімен есептеулер жүргізеді (жүргізілген эксперимент барысы суретте көрсетілген).
Салмағы =50 грамм және =100 грамм жүктерді иінтірекке орналастырып, тепе-теңдікке келтірген кезде иіндерінің ұзындығы =20 см және =10 см-ге тең болғанын байқадық.
= g
= g
g = g
=
5* кг*0,2м=10* кг*0,1м
0,01=0,01

  • Тәжірибе қандай физикалық құбылысты, үдерісті көрсетеді? (Статика бөліміндегі рычагпен жұмыс көрсетілген)

  • Экспериметте қандай құрылғы қолданылды? (Иінтрек, жүктер)

  • Не себепті салмақтары әртүрлі денелер тепе-теңдікте тұр? (Бұл жерде денеге күш моментінің ережесі қолданылады. Яғни дене тепе-теңдік қалыпта тұру үшін денеге әсер ететін күш моменттерінің қосындысы 0-ге тең болуы керек)

  • Эксперимент барысында денеге қандай күштер әсер етеді? (Денеге ауырлы күші әсерін тигізеді және дененің ілінген жерінде керілу күші болады)

  • Құрылғыда нені өзгертуге болады және ол нәтижеге қалай әсер етеді? (Құрылғыда біз дененің орналасуын өзгеру арқылы күш моментін өзгертеміз)

  • Қорытынды қалай жасайсыз? (Қорытындылай кел, дененің иінтіректе орналасуының өзгерісі күш моменттерінің өзгерісіне алып келеді және ол қарсы бағытта тұрған жүкке әсерін тигізеді)

2-есеп. Динамометрдің көмегімен салмағы 100 грамм және 200 грамм жүкті иінтірекке орналастыру арқылы 1)жылжымалы блокқа түсіретін күштерін өлшеу арқылы және 2)жылжымайтын блокқа түсіретін күштерін өлшеу арқылы заңдылықтарды дәлелдеу.
Берілгені:
=100 грамм 1* кг
=200 грамм 2* кг
Дәлелдеу керек: F=mg
1) 2) =
1) = =1* кг*9,8м/c=0,98H
= =2* кг*9,8м/c=1,96H
Есепті шешу мақсатында оқушылар берілген құрал-жабдықтардың (өздері таңдап анықтайды) көмегімен эксперимент жүргізіп, оның нәтижесінде алынған мәліметтердің көмегімен есептеулер жүргізеді.
Жылжымалы блокқа жүк ілгенде =100 грамм жүктің күші 0,98Н, =200 грамм жүктің күші 1,96Н болды. Динамаметр бізге бірінші жағдайда 0,49Н және екінші жағдайда 0,98Н күшті көрсетті. Демек жылжитын блок күштен 2 есе ұтыс берді (жүргізілген эксперимент барысы суретте көрсетілген).

2) Жылжымайтын блокқа жүк ілген кезде =100 грамм жүктің күші 0,98Н, =200 грамм жүктің күші 1,96Н болды. Динамометр біріншіде 0,98H және екіншіде 1,96Н күштерді көрсетті. Демек бізге жылжымайтын блок күштен ұтыс бермейді.


  • Тәжірибе қандай физикалық құбылысты, үдерісті көрсетеді? (Бұл тәжірибе барсында жылжымалы және жылжымайтын блоктармен жұмыс көрсетілген)

  • Экспериментте қандай құрылғы қолданылды? (Эксперимент барысында иінтірек, блоктар, динамометр, блоктар)

  • Неліктен жылжымалы блок күштен екі есе ұтыс береді? (себебі жылжымалы блок арқылы жұмыс жасағанда біз жұмыстан екі есе ұтыламыз)

  • Жылжымалы блок пен жылжитын блоктың айырмашылығы қандай? (Жылжымайтын блок қозғалмайды және ұтыс бермейді, ал жылжымалы блок күштен екі есе ұтыс береді)

  • Құрылғыда нені өзгертуге болады және ол нәтижеге қалай әсер етеді? (Бұл тәжірибе барысында жылжымалы блокты жылжымайтын блокпен ауыстыру арқылы күштің өзгерісін көрдік)

  • Қорытынды қалай жасайсыз? (Қорытындылай келе, жылжымалы блоктарды қолдану арқылы адам өмірін оңайлатуға болатынына көз жеткіздік)





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет