2.5 Фреймворк ұғымы
Андроид бағдарламасы мобильді құрылғыларды жасауға арналған керемет
платформа, ол бүкіл ғаламшарымыздың екі жүз елу мемлекетіндегі сан мыңдаған
смартфондарында жұмыс істейді.
Фреймворктің мағынасы – өнімділікті арттырып, әзірлеу күшінің құнын
төмендету. Ең бастысы олар бағдарламаны дайындау барысындағы маңызды
мәселелерді шешумен айналасуы үшін бағдарлама
әзірлеушінің уақытын
үнемдейді. Бағдарламалық қамтаманы жасаудың кешенді ортасы ретінде
сипатталады.
Фреймворк көптеген компоненттерді қамтиды, басты жұмысы –
бағдарламаны әзірлеушіге қажетті қосымшаны құруға көмектесу. Фреймворктар
компилятормен, бағдарламалық интерфейстерімен,
жабдықтар жиынтығымен,
қате жөндеумен және басқа да компонеттерімен бірге жинақталған. Бағдарлама
дайындаушының қосымшамен жұмысын жеңілдету үшін бірге жұмыс жасайды.
Жобалармен жасау үшін негіз болып табылатын фреймворктарды қолдану
жобаны жасау процесін жеңіл әрі қызықты етеді. Онсыз бағдарлама әзірлеуші өзі
қалаған кез келген қосымшаны басынан бастап жаза алады. Бірақ бұл әртүрлі
платформада жұмыс жасай алуы үшін үлкен кодтауды қажет етеді.
Фреймворктар – бұл қосымша құруды жеңілдетуге және техникалық
күрделі немесе ауыр жобаларды қолдануға арналған бағдарламалық өнім. Ереже
бойынша негізгі бағдарламалық бөлімдерден тұрады, ал
бағдарлама
компоненттері барлық нақты модульдер оларлың негізінде әзірлеушілермен
жүзеге асады. Осылай жұмыс жасау арқылы бағдарлама жасауда үлкен
сенімділік пен өнңмдң шешімдерге келуге болады және бағдрлама
жылдамдығын арттыруға септігін тигізеді. Негізінен фреймворктар мобильді
құрылғыларды, веб-сервистерді, бизнес қосымшаларды және сайттарды құруға
ыңғайлы болып келеді.
Фреймворк негізгі жұмысының артықшылықтары:
-
кроссплатформалық. Платформалар
мен құрылғылар арасындағы
барлық
айырмашылық
қолданылып
отырған
фрейворк
шеңберінде
қарастырылған.
-
Android SDK платформамен бірге дайындалады және дамиды. Егер
фреймворк жаңартуды тоқтатса, онда бағдарлама кейбір кезекте технологиялық
артта қалуға мүмкін болады.
Андроид бағдарламасында көптеген фреймворктар жұмыс жасайды.
Себебі ол аз уақыттың ішінде көптеген құрал – жабдықтары арқылы қосымшаны
жасап шыға алады.
Андроид бағдарламасын қолдану арқылы JQuery фреймворкін қолданса
болады. Ол сенсорлы экрандармен жұмыс істеуге арналған. Бағдарламаны
дайындаушыға десктоптарда,
мобильді құрылғыларда, сайттарда, планшеттер
мен смартфондарда жұмыс істейтін жауапты дизайн мен қосымшаларды құруға
көмектеседі.