Дипломдық жобаның мақсаты нақты мысал негізінде компанияның бренд



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата12.04.2022
өлшемі3,5 Mb.
#30729
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
2019 5B090800 Джабасова А., Рахимова Д.

2.3 Табыстық тәсілмен бағалау 

Табыстық тәсілді пайдаланудың негізгі алғышарты – бұл бизнестің басқа 

активтері  емес,  сауда  белгісі  немесе  брендті  қолданудан  түскен  табысты 

анықтау мүмкіндігі. Егер оны анықтау  мүмкін болмаса, берілген объект нақты 

жіктеле алмайды. 

Зияткерлік  меншікті  табыстық  тәсілмен  бағалау  тарауында  талқыланған 

әдістер брендтер мен сауда белгілерін бағалау үшін қолайлы болып табылады.  

Пайда  артықшылықтары  әдісі  (premium  profit  —  «қосымша  кіріс») 

таңбаланған  (брендтелген)  тауар,  таңбаланбаған  тауардан  қымбатырақ 

сатылады деген негізге сүйенеді. 

Сауда  белгісі  сияқты  күшті  материалды  емес  активтің  болуы 

бәсекелестікте  артықшылықтарға  алып  келеді.  Танымал  брендке  ие  компания 

таңбаланған  (брендтелген)  өнімді,  күшті  брендтері  жоқ  бәсекелестердің  ұқсас 

өнімдерінің  бағасынан  жоғары  ағамен  сата  алады.  Маркетингпен  байланысты 

емес  материалды  емес  активтердің  болуы,  мысалы,  лицензиялар,  патенттер, 

технологиялар  және  т.б.  пайдаға  артықшылық  береді.  Берілген  материалды 

емес  активтер  қолданылатын  сала  неғұрлым  жоғары  технологиялық  болатын 

болса, соғұрлым пайда артықшылығы үлкен болады.  

Пайда  артықшылықтары  әдісін  қолдану  үшін  материалды  емес  активті 

пайдаланып отырған кәсіпорынның алатын салық салынғанға дейінгі қосымша 

таза пайдасының мөлшерін, осындай материалды емес активті қолданбай ұқсас 

тауарларды  шығарып  отырған  кәсіпорынмен  салыстыра  белгілеу  қажет. 

Сондай-ақ  мысалы,  қандай  да  бір  жақсартуды  қолданғаннан  кейін  алған 

кәсіпорынның қосымша пайдасы да негіз ретінде қабылдануы мүмкін. 

Іс  жүзінде  қосымша  пайданың  құнын  алу  үшін  бағаланып  отырған 

материалды емес активті пайдалану арқылы өндірілген өнімнің бағасы мен оны 

пайдаланбай 

өндірілген, 

сапасы 

сол 


өнімдерге 

ұқсас, 


бәсекелес 

кәсіпорындардың  өнімдерінің  бағасы  арасындағы  айырмасын  табуымызға 

болады.  Шығарылым  көлеміне  көбейтілген  бағадағы  бұл  айырма  материалды 

емес актив иесінің қосымша құнымен теңестіріледі. 

Бұл  әдістің  күрделілігі  аналог  ретінде  пайдаланылып  отырған  өнім 

сипаттамасы  бағаланып  отырған  материалды  емес  актив  қолданылған  өнімнің 

сипаттамасына  ұқсас  болып  келетінін  табу  қиындығында;  сонымен  қатар, 

есептеудің  негізі  болып  отырған  бағалардың  айырмасы  көбінесе  өзгермелі 

болып  келеді,  бұл  материалды  емес  активтің  құнын  анықтауға  қиындақ 

туғызады. 

Өзіндік  құндағы  ұтыс  әдісі.  Өзіндік  құндағы  ұтыс  әдісі  алдыңғы  әдіске 

тектес  болып  келеді.  Көп  жағдайда  материалды  емес  актив,  мысалы, 

патентттелген  технология,  пайдалы  модель  және  т.б.  оны  қолданушының 

шығындарын  азайтуға  алып  келеді.  Мысалы,  патенттелген  технологияны,  ноу-

хауды  пайдалану  шығындардың  төмендеуіне  алып  келуі  мүмкін.  Сондай-ақ 

шығындардың  төмендеуіне,  мысалы,  фирманың  білікті  қызметкерлерінің 

болуы,  кәсіптік  қасиеттердің  болуы  бизнес  шығындарын  төмендетуге 



 

41 


мүмкіндік  береді.  Есептелген  өзіндік  құндағы  ұтыс  көлемі  материалды  емес 

активке келетін табыс шеңберінде анықталады. 

Жоғарыда  айтылғандарға  сәйкес,  бұл  кірістер  капиталдандыру  ставкасы 

көмегімен  ағымдағы  уақытқа  келтірілуі  мүмкін  немесе  бұл  кірістер  уақыт 

байына тұрақты деп бағаланғанына байланысты капиталдандырылады. 

         Шығынды  үнемдеу  әдісі,  онда  бағалаушы  иеленушінің  сауда  белгіге  ие 

болғанының арқасында құтылған немесе болуы мүмкін шығындарды есептейді. 

Брендтің немесе сауда белгісінің құнын шығындарды үнемдеу негізінде (соның 

ішінде жарнамаға шығындар) есептеуге болады [7]. 

 Бұл  әдістің  кемшілігі  болып  бағаланып  отырған  және  салыстырылып 

отырған  брендтер  жұмыс  жасайтын  тар  уақыт  аралығы  болып  табылады. 

Есептеуде қолданылған деректер А және Б қосымшаларында көрсетілген. 

  

3 - кесте - «РАХАТ» брендінің құнын шығынды үнемдеу әдісімен есептеу 



 

Көрсеткіштер 

Мағынасы 

Сауда  белгісін  пайдаланудан  түсетін  компанияның  таза 

жылдық түсімдері 

56 411,213 млн.тг 

Салық салынғанға дейінгі кіріс 

8 347,149 млн.тг 

Салық  салынғаннан  кейінгі  кіріс  (табыс  салығының 

ставкасы 20%) 

6 623,009 млн.тг 

Тура капиталдандыру ставкасы 

20% 

Бренд құны 



33 115,045 млн.тг 

Ескерту - 1 және 2 қосымшадағы ақпарат көзіне негізделіп құрастырылған

 

 

 



V= I/R,       

(2) 


                                            

мұндағы:  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет