«РАХАТ» АҚ компаниясы бағалау объектісі ретінде. «РАХАТ»
акционерлік қоғамы – 77 жылдық тарихы бар, Қазақстандағы кондитерлік өнім
өндіретін ең ірі өндіріс орындарының бірі.
Кондитерлік өнімдер соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтан көшіріліп
әкелінген жабдықтармен алғаш рет 1942 жылы арақ – ликер шығаратын зауыт
алаңында шығарылды.
«РАХАТ» АҚ-ында 4500-ге жуық адам еңбек етеді. Өндірістік қуат
Алматы және Шымкент қалаларындағы екі өндіріс орнында шоғырланған.
Өндірістің жан-жақтылық сипаты, ауқымдылығы және какао дәндерін
қайта өңдейтін жеке желінің болуы, отандық өндірушілермен салыстырғанда,
кәсіпорында кондитерлік өнімдердің алуан түрін шығаруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда «РАХАТ» АҚ-ының өнім қоржыны 14 топқа бөлінетін, 400-ден
аса атауға ие, алуан түрлі кондитерлік өнімдермен толыққан.
«РАХАТ» АҚ – сусамыр (диабет) ауруынан зардап шегетіндер үшін
арнайы өнім шығаруды игерген, еліміздегі жалғыз кондитерлік кәсіпорын. Бұл
топқа құнары аз, қанттың орнын табиғи шикізат толтыратын шоколад, кәмпит,
печенье мен вафли сияқты бірнеше өнім түрлері кіреді. «РАХАТ» АҚ
34
Қазақстандық басқа кондитерлік өнім өндірушілердің арасында шоколад
өнімдерінің алуан түрін шығаруда басымдық танытуымен ерекшеленеді.
Кәсіпорында сапаны бақылаудың бірыңғай жауапкершілігі мен кешенді
жүйесіне негізделген сапаны бақылаудың ішкі жүйесі құрылып, жүзеге
асырылуда. Аталған жүйе бойынша шикізат пен өнімнің сапасы өндірістің әр
сатысында жіті қадағаланады. 2013 жылдан бастап кәсіпорынға сапа
менеджменті жүйесі енгізіліп, сертификаттау өткізілді. 2018 жылы «Ұлттық
сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ МЖСРО (менеджмент жүйесіне
сәйкестікті растау жөніндегі орган) сапа менеджменті жүйесінің ҚР ISO 9001-
2016 СТ талаптарына сәйкестігін растайтын инспекциялық аудит тексерісін
өткізіп, компания қолданыс мерзімі 2019 жылдың 22 маусымына дейін
белгіленген № KZ 7500318.07.03.00457 сәйкестік сертификатын иеленді.
2013 жылы компанияда ХАССП (HACCP-Hazard analysis and critical
control points – қауіпті жағдайларды талдау және сындарлы бақылау нүктелері)
қағидаттары негізінде тамақ өнімдерінің сапасын басқару жүйесі енгізілді және
ҚР 1179-2003 СТ Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты
талаптарына сәйкестік бойынша сертификаттаудан өтті. Қауіпті жағдайларды
талдау және сындарлы бақылау нүктелері арқылы тамақ қауіпсіздігін
қамтамасыз ету талаптарын реттейтін «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы»
КО 021/2011 ТР Кедендік одақтың техникалық регламентін қабылдау және
қолдану аталмыш жүйені енгізуге басты арқау болды.
ХАССП жүйесінің «РАХАТ» АҚ-ына енгізілуі тамақ өнімдерінің
қауіпсіздігі саласы бойынша көзделген, заңнамалық талаптарға сәйкестікті
растап, нақтылай түсті.
2018 жылдың тамыз айынан бастап «Ұлттық сараптама және
сертификаттау орталығы» АҚ МЖСРО Алматы филиалы ХАССП жүйесінің
инспекциялық аудит тексерісі аясында № KZ 7500318.07.03.00458 сәйкестік
сертификатының «РАХАТ»АҚ-ында қолданылуын растады.
«РАХАТ» АҚ-ында энергия тиімділігін арттыру мақсатында 2014 жылы
ИСО 50001:2011 энергия менеджменті жүйесі әзірленіп, сертификаттаудан өтті.
«ASTRAIA Certification» сертификаттау орталығы, s.r.0., Моста 13,949 01
Нитра, Словакия, қолданыс мерзімі 2017 ж. 6 қарашаға дейін белгіленген №
EnMS-2354-2014 сертификатын берді.
Жүйенің енгізілуі мыналардың: қуат қорларының анықталған тиімсіз
шығындарын жою және энергияны үнемдеу бойынша жұмыс күшін жұмсау;
кәсіпорында энергия қорын шығындау нормаларын есептеу және жоспарлау
жүйесін енгізу; кәсіпорынның энергетика паспортын әзірлеу; энергетикалық
қызмет нәтижесінде атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың қалдықтарын
реттеу және ішкі ахуалды жақсарту есебінен кәсіпорында энергия қорын
пайдалануды орташа алғанда 7-13%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
2016 жылдан бастап «РАХАТ» акционерлік қоғамы «Халал» талаптарына
сәйкес өнімдер шығару құқығына ие болды. «Қазақстан Халал индустриясы»
ассоциациясы» шоколад, кәмпит, печенье, ирис, вафля, сонымен бірге шоколад
жасалатын жартылай дайын шикізаттардан құралған «РАХАТ» АҚ өнімдерінің
35
186 атауының «Халал» стандартына сәйкестігін растады. Ассоциация
сарапшылары Шымкент қ. өндіріс орнымен қоса «РАХАТ» АҚ өндірісінің
барлық сатысын тексерді. Кондитерлік өнім өндіруде қолданылатын шикізаттар
мен ингредиенттерге арналған құжаттамаға мұқият талдау жүргізілді.
1 - кесте - «РАХАТ» АҚ компаниясының тарихы
1942 жыл
Көшіріліп әкелінген жабдықтар негізінде балалар үйлерін, госпитальдар,
майданды қамтамасыз ету үшін Алматыда кондитер өнімдерін өндірудің
басталуы
1964 жыл
Шоколад және кәмпит цехтарын орналастыруға арналған жаңа өндіріс
корпусының құрылысы
1978-1979
жылдар
Цехтардың жұмыскерлеріне арналған асхана, дәрігерлік санитарлық
бөлім, кеңейтілген тұрмыстық орынжайлары бар әкімшілік-тұрмыстық
корпустың құрылысы
1992 жыл
Мемлекеттік кәсіпорынның «РАХАТ» акционерлік қоғамы болып қайта
құрылуы; «РАХАТ» сауда белгісінің тіркелуі
2001 жыл
Шымкент қаласындағы еншілес кәсіпорында өндірістің ұйымдастырылуы
және алғашқы өнімнің өндірілуі
2004 жыл
ИСО 50001:2011 энергоменеджмент жүйесі әзірленіп, сертификаттаудан
өтті
2007 жыл
ҚР ИСО 9001СТ стандартына сәйкестік бойынша сертификатталған сапа
менедженті жүйесі енгізілді
2013 жыл
ХАССП жүйесі енгізілді (тамақ өнімдері қауіпсіздігі саласындағы
талаптарға сәйкестік). Оңтүстік Кореяның жетекші кондитерлік
компаниясы LOTTE Confectionery «РАХАТ» АҚ-ның негізгі акция
пакетіне ие болды
2014 жыл
ИСО 50001:2011 энергоменеджмент жүйесі әзірленіп, сертификаттаудан
өтті
2015 жыл
Шымкент қаласындағы жаңа өндірістік желілерді іске қосу
2016 жыл
«РАХАТ» АҚ Халал талаптарына сәйкес келетін өнімдерді шығаруға
құқық алды
2017 жыл
«РАХАТ» АҚ «Жылдың ұллтық бренді» номинациясын жеңіп алды.
«РАХАТ» АҚ акцияларының 92,44408333% иелік ететін «LOTTE
CONFECTIONERY CO, LTD» өз атауын «Лотте КОРПОРАЦИЯ» АҚ-ға
өзгертті
Ескерту - [5] ақпарат көзіне негізделіп құрастырылған
Компания өнімдері отандық нарықпен қоса жақын және алыс шет елдерге
де белгілі. «РАХАТ» АҚ ішкі нарықта өз өнімдерінің жоғарғы деңгейдегі
қолжетімділігі саясатын жүзеге асыруда. Еліміздің 14 облыс орталығымен қоса
18 қаласында компанияның өнім өткізу жүйелері болғандықтан, «РАХАТ» АҚ
сату географиясы бүкіл Қазақстанды қамтиды. Алматы қаласында өнімдерді
өткізу ірі көтерме сауда арқылы сатып алушылар, сонымен қатар фирмалық
бөлшек сауда орындары арқылы жүзеге асырылады. Республиканың басқа
аймақтарына «РАХАТ» АҚ өнімдерін жеткізу фирмалық сапалы өнімдер
сатуды жүзеге асыратын, ауқымды дистрибьюторлық желі (еншілес
36
кәсіпорындар) құру арқылы қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде «РАХАТ» АҚ
Қазақстан нарығында ғана емес, республикамыздың шет аймақтарында да –
Белорусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан,
Германия, Қытай, Ауғанстан, Моңғолия, Ресей елдерінде сатылады. Келешекте
ТМД-ның өзге республикалары мен алыс жатқан шет мемлекеттер тарапынан
«РАХАТ» АҚ өнімдеріне қызығушылықтың артуына байланысты компания
өнім шығаруды арттырып, экспорт көлемін ұлғайту арқылы өткізу нарығын
кеңейтуді көздейді. «РАХАТ» АҚ компаниясының тарихы 1 кестеде
қарастырылған [5].
Достарыңызбен бөлісу: |