Дипломдық жобаның мақсаты нақты мысал негізінде компанияның бренд



Pdf көрінісі
бет12/22
Дата12.04.2022
өлшемі3,5 Mb.
#30729
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
2019 5B090800 Джабасова А., Рахимова Д.

 

 

2.2 Шығындық тәсілмен бағалау 

 

Материалдық  емес  активтердің  құнын  бағалау  үшін  әлемдік  тәжірибеде 



қабылданған  тәсілдер  қолданылады:  шығындық,  салыстырмалы  (нарықтық) 

және  табыстық.  Бағалаудың  мақсатына,  материалдық  емес  активтердің 

спецификасына  және  оларды  қолдану  шарттарына  байланысты  әр  тәсілдің 

өзіндік  әдістері  бар.  Шығындық  тәсіл  негізінде  кәсіпорынның  құруға  қажетті 

(құру құны әдісі немесе бастапқы шығындар әдісі), қалпына келтіруге (қалпына 

келтіруге  кеткен  шығындарды  есепке  алу  әдісі)  немесе  бағаланатын 

материалды емес активті ауыстыруға (ауыстыру шығындарын есепке алу әдісі) 

кететін  шығындарының  құнын  (сомасын)  есепке  алу  жатыр.  Бұл    жерде 

инфляцияны  (алдыңғы  жылдардағы  шығындар  құнын  бағалау  күніне 

келтіретін, коэффициент бойынша жүзеге асыру периодына байланысты)  және 

материалды  емес  активтердің  моральді  ескіруін  есепке  ала  отырып,  нақты 

жұмсалған шығындар бағаланады. Сонымен қатар, материалды емес активтерді 

қолдану арқасында үнемделген сома көлемін өнімдердің өзіндік құнынан жеңу 

әдісімен есептеуге болады.  

Бағалаудағы шығындық тәсілдің негізі  – меншік иесінің мүмкін болатын 

табысының  құндық  эквивалентін  табу.  Бренд  пен  сауда  белгілерін  шығындық 

тәсілмен бағалау кезінде, басқа да материалды емес активтерді бағалаудағыдай 

құруға  (қайта  құруға)  және  алмастыруға  кететін  шығындарды  анықтау 

қолданылады. 

Қайта  қалпына  келтіру  құны  активтің  дәл  көшірмесін  жасауға  кететін 

шығындардың  қосындысын  білдіреді.  Жаңа  актив  үшін  осы  активті  құруға 

кеткен  шығындардың  тура  сомасын  есептеуді  қолдануға  болады.  Ескі  актив 

үшін    қайта  құруға  кететін  шығындарды  есептеу  жақсырақ  болып  табылады. 

Соның  ішінде  бағалау  күніне  функционалды  және  моральді  тозу  нәтижесінде 

құнсыздану дәрежесін міндетті түрде анықтау қажет. 

Қайта қалпына келтіру құнын анықтаудың базасы ретінде балансқа қоюда 

және  ұзақ  мерзімді  инвестицияларды  есептеуде  қолданылатын,  зияткерлік 

меншік  объектілерін  құру  немесе  иелікке  алу  кезінде  кететін  бастапқы 

шығындарды  алуымызға  болады.  Айта  кету  керек,  нарықтық  бағалардың 



 

37 


өзгеруіне  байланысты,  бұл  шығындар  кейбір  жағдайларда  кездейсоқ  болуы 

мүмкін. 


Алмастыру құны бағаланып отырған сауда белгісінің функционалды және 

пайдалы қасиеттерін құруға арналған шығындарды білдіреді. 

Функционалдылық  бағаланып  отырған  сауда  белгісінің  өз  белгіленген 

міндеттерін  шешуге  қабілеттілігін  білдіреді.  Пайдалылық  сауда  белгісінің 

эквивалентті  тапсырыс  көлемін  қамтамасыз  ету  қабілетін  білдіретін 

экономикалық категория болып табылады. 

Алмастырылатын  инвестициялар  шығындары  нарықтағы  сұраныс  пен 

ұсыныстың  өзгеруіне  тура  байланысты.  Көптеген  зияткерлік  меншік  түрлері 

үшін  ешқандай  негізді  алмастырулар  жоқ.  Тиісінше,  бірегей  қасиеттері  бар 

тауар  белгілері  үшін  шығындық  тәсілді  пайдалану  белгілі  бір  шектеулерге  ие 

болуы  мүмкін.  Сонымен  қатар,  сұраныс  пен  ұсыныстың  ауытқуы 

шығындардың  өсуіне  немесе  керісінше  азаюына  алып  келуі  мүмкін  екендігін 

ескеру керек. 

Активтің нарықтық құнына, ол тиесілі кәсіпорынның экономикалық жай-

күйі  айтарлықтай  нұқсан  келтіруі  мүмкін.  Оның  құнының  төмендеуі  активтің 

түріне  байланысты  болады;  бірегей  активтер  құны  айтарлықтай  төмендейді, 

өйткені олар белгілі бір бизнестен тысқары өте сирек пайдаланылады. Кеңінен 

қолданылатын  басқа  активтер  оларды  өндірістен  шығару  үшін,  өндірістің 

рентабельді саласында жаңа кәсіпорынға тасымалдау және орнату үшін кететін 

шығындар  түріндегі  төмен  құнға  ие  болуы  мүмкін.  Сауда  белгілерінің  құны 

өздері  қолданылатын  бизнес  немесе  саланың  экономикалық  жағдайына 

байланысты.  Осы  тығыз  байланыстар  себебінен  басқа  салаға  логотипті 

қайталап пайдалану өте қиын. 

Осылайша,  сауда  белгісінің  немесе  компания  брендінің  ауыстыру  құнын 

келесі сұраққа жауап беру арқылы табуға болады: осы компания үшін бір бренд 

белгісін басқа белгіге ауыстыру қанша тұрады? Сауда белгісін ауыстыру немесе 

бір  бренд  атауын  басқа  бренд  атауымен  ауыстыру  бойынша  шығындар 

келесідей: 

-  өзіне  физикалық  тасымалдаушылардың  өзгеруін  қосатын,  өзгерістердің 

жалпы  шығындары:  витриналардың,  кеңсе  керек-жарақтарының,  логотип, 

тұтынушы  брендінің  барлық  басқа  идентификация  нысандарының,  сыртқы  да, 

ішкі де; 

- өзгертудің маркетингтік шығындары; 

- брендпен байланысты кіріс пен пайданың уақытша төмендеуі. 

Тұтастай  алғанда  сауда  белгісін  ауыстыру  мен  қайта  құруға  кеткен 

шығындар  өздеріне  дамыту,  заңды  тіркеу  және  маркетингтік  зерттеулер 

шығындарын  ғана  емес,  сонымен  қатар  сауда  белгісін  ілгерілетумен 

байланысты шығындар, сондай-ақ белгі ойлап табушысы мен иесінің пайдасын 

қосады. Алынған құнды экономикалық (сыртқы) тозуды қоса алғанда, тозудың 

тиісті формаларына байланысты азайту керек. 

Функционалды  тозу  –  маркетингтік  функцияларды  орындауға 

қабілетсіздігіне байланысты (пайда алу) сауда белгісінің құнының төмендеуі. 




 

38 


Экономикалық  тозу  (сыртқы  тозу)  –  сауда  белгісінің  ағымдағы 

қолданысына  немесе  жағдайына  қатысты  сыртқы  болып  табылатын  заңды, 

әлеуметтік  немесе  экономикалық  әсерлерден  бағаланып  отырған  сауда 

белгісінің құнының төмендеуі. 

Тозу мәндерін анықтағанда, бағалау объектісінің нақты жасын және оның 

күтілетін  пайдалы  қызмет  мерзімін  анықтау  қажет.  Сауда  белгісінің  шексіз 

қызмет етуі туралы мәселе әрдайым шындық емес. 

Құру  құны  әдісі.  Жаңадан  қалыптасқан  материалды  емес  активтерді 

бағалау  үшін  мысалы,  тіркелген  (бірақ  әлі  дамытылмаған)  сауда  бегілері, 

тіркелген,  бірақ  өндірісте  пайдаланылмаған  және  т.б.  кейбір  жағдайларда 

шығындық  тәсілге  жататын  құру  құны  әдісі  пайдаланылады.  Осы  әдіспен 

материалды  емес  активті  бағалау  –  бұл  бағаланатын  активті  құру  үшін 

кәсіпкердің  пайдасы  мен  жинақталған  тозуын  (материалды  емес  активтер 

тозудың екі түріне ұшырайды – функционалды тозу және сыртқы тозу) ескере 

отырып, қажетті шығындардың бағалануы. 

Іс  жүзінде  бұл  әдісті  материалды  емес  активтерді  бағалаудың  басқа 

әдістерін  қолдану  мүмкін  болмаған  жағдайда  ғана  пайдалануға  болады. 

Біріншіден, болған шығындар материалды емес активтің нөлдік мәніне кепілдік 

бермейді: мысалы, патент немесе технология кәсіпорынға экономикалық пайда 

әкелмеуі  мүмкін,  сол  себепті  нөлдік  құнға  ие  болуы  мүмкін.  Екіншіден, 

керісінше, материалды емес актив меншік иесінің пайда алуына тартылса, онда 

осы пайданың шамасы көп жағдайда осы материалды емес активті құру құнына 

тікелей байланысты емес [6]. 

Сауда  белгісінің  құнын  бағалау  келесі  формула  бойынша  анықталуы 

мүмкін (формула №1):                                                            

 

,                  (1) 



 

мұнда:  


Қ

с.б.

 есептік жылдағы сауда белгісінің құны;  

Ш

әзір.

     

t



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет