Байланысты: Бейметалдар тарауын оқыту барысында окончательный (4)
Азотхимиялықсоткөрінісі Хатшы: Орындарыңыздан тұрыңыздар. Сот келеді!
Сот төрағасы: Отырыңыздар. Сөз айыптаушыға берiледі.
Айыптаушы: - Қымбатты сот және ханымдар мен мырзалар! Бүгінгі бәрiмiздiң жиналып отырғанымыздың себебiн өздерiңiз білесіздер. Азоттың үстiнен қылмыстық іс қозғалып отырғанын хабарлаймын. Оның туылу тарихы бiзге XVIII ғасырда жеткен. Ағылшын химигі Д. Резерфорд 1772 жылы оны «тұншықтырғыш газ» деп атады. Кейін швед аптекары К. Шееле оны «сасық ауа» деп атады. Ал француз химигі А. Лавуазье бұл газды
«тiршiлiксiз» деп атады. Бұл газды зертханада тышқанға тәжірибе жасағанда, олар осы газдан уланып қырылып қалды. Сот мырза менің бірінші куәгерім А. Лавуазьенi шақыруға рұқсат етіңіз.
Қорғаушы: Қарсымын! Қазiр қай ғасыр екенiн ұмытпаңыз. Айыптаушы: Бiздiң сотымыз кәдiмгi сот емес, химиялық сот.
Cондықтан куәгерді шақыртуға мәжбүрмiн.
Сот төрағасы: Айыптаушының түсiнiктемесi қабылданды. Сондықтан қарсылық қабылданбайды. Куәгер А. Лавуазье жақындаңыз. Куәгер мына
«Киелі кітапқа» оң қолыңызды қойып, тек қана шындықты айтуға уәде берiңiз.
Лавуазье: Шындықты, тек шындықты айтуға уәде беремін. Айыптаушы: Қымбатты Лавуазье, ауадан бөлген газды неліктен «азот»
деп атадыңыз?
Лавуазье: Менің әріптесім Резерфорд, Пристли, Кавендиштің тәжірибелерімен өзiмнiң зерттеуiмнен кейiн мен оны «тіршіліксіз» деп атадым. Себебі азоты бар ыдысқа салынған тышқандар тұншығып өлді. Сондықтан мен оны «тiршiлiксiз» деп атадым.
Сот төрағасы: - Рақмет
Қорғаушы: - Сот мырза, менің сұрағым бар. Сот төрағасы: - Айтыңыз
Қорғаушы: – Лавуазье мырза, сіз бөлiп алған «тіршіліксіз» деп атаған газыңыз ауаның құрамына кiредi, ал онымен мына бәріміз тыныс алып отырмыз ғой. Бұған сiз не дейсіз?
Лавуазье: - Оныңыз шындық
Қорғаушы: – Менің қорғалушым Азот ауаның құрамына кіреді, сондықтан менiң бiрiншi куәгерім ауаны шақыруға рұқсат етіңіз.
Қорғаушы: - Ауа мырза, Сiздiң құрамыңызға кіретін Азоттың массалық үлесi қандай?
Aya: - Менің құрамымдағы азоттың массалық үлесі - 78 %
Қорғаушы: - Сот мырза, мына фактіге қараңыз! Ауаның - 78 % азот, яғни 3/4 бөлігі. Ал ауасыз бірде - бір тіршілік иесі өмір сүре алмайды. Сондықтан азоттың ешқандай да кінәсі жоқ.
Сот төрағасы: - Сөз айыптаушыға беріледі
Айыптаушы: - Қымбатты сот мырза! Азоттың басқа химиялық элементтермен қауiптi байланыстары бар. Сондықтан куәгерлерімді шақыруға рұқсат етiңiз. Куәгер «Көңiлдi газды» шақырамын.
Сот төрағасы: - Көңiлдi газды шақырамын Айыптаушы: - Неліктен сiздi көңiлдi газ деп атаған?
Көңілді газ: Ия, атым өзіме сай. Мені алған ағылшын химигі Дэви былай дегені есiмде, сенiмен тыныс алған адамдардың бәрінің көңіл күйлерi жақсарып көңілдері көтеріледі, сондықтан сені көңілді газ деп атадым деген болатын.
Айыптаушы: Сот мырза, бұл газдың адамдарға әсерін енді көрген боларсыз!
Сот төрағасы: Айыптаушы мырза, тағы да куәгерлеріңіз бар ма? Айыптаушы: Куәгер селитра келсін.
Сот төрағасы: Куәгер, аты - жөнiңiздi толық айтыңыз Селитра: -Чили селитрасы
Айыптаушы: Сiздi неліктен Чили Селитрасы деп атаған?
Селитра: Мен Атакам шөлiнде дүниеге келгенмін. 1879 жылдың тұманды таңында Чили Болиевой және Перу мемлекеттері арасында мен үшiн қанды қырғын соғыс болды. Сондықтан мені елдiң атымен атады.
Айыптаушы: Сот мырза, азот элементі тек қайғы мен қасipeт әкеліп отырғанын көрдіңіздер. Ол тіпті чили селитрасына да бақытсыздық әкелген.
Қорғаушы: Менің куәгерге сұрағым бар.
Сот төрағасы: Куәгер Селитра сіздің азотпен байланысыңыз адамдар үшін пайдасы бар ма?
Селитра: Иә, о не дегеніңіз? Мен минералды тыңайтқышпын, менсіз өсімдікке өмір жоқ. Мен арқылы адамдар NH3, HNO3 алады.
Сот төрағасы: Сiз боссыз рақмет!
Қорғаушы: Тағы да куәгерді шақыруға рұқсат етiңiз Сот төрағасы: Жақсы шақырыңыз!
Қорғаушы: Азот, аминқышқылының құрамына кіреді.
Сот төрағасы: Сот қарсылықты қабылдамайды, куәгерді шақырыңыз Аминқышқылы: Шындықты, тек шындықты айтуға ант беремін.
Қорғаушы: Куәгер аминқышқылы мына менің екі сұрағыма жауап беруiңiздi сұраймын. Бiрiншi сұрағым менің қорғаушым Азот сіздің құрамынызға кiре ме? Екінші сұрағым сіздің тіршіліктегі маңызыңыз қандай? Аминқышқылы: - Азот менiң құрамымдағы ең негізгі элемент.
Құрамында азоты бар органикалық қосылыстардың маңызы өте зор, мен солардың біреуімін. Азот анилин бояулары, гербицидтер, биологиялық полимерлердің құрамына кіреді. Мен және менің құрамымдағы азот арқылы тіршіліктің негізі – ақуыз молекуласы түзіледі. XIX ғасырда Ф.Энгельс
«Тіршілік дегеніміз - ақуызды денелердің өмiр суруi» деген. Ақуыздың құрамына кіретін, азотты кінәлауға болмайды.
Сот төрағасы: - Жақсы, куәгерлерді тыңдау тоқтатылсын! Сөз азотқа беріледі. Айыпкер азот Сіз өзіңіздi кiнәлiмiн деп санайсыз ба?
Азот: - Мен кiнәлі емеспін. Айыптаушының менi кiнәлауы негiзсiз деп есептеймін. Менi «тiршiлiксiз» деп атаған оқымыстылар кінәлі. Менi толық зерттемей, атымды асығыс қоя салған. Олар менің басқа элементтермен
қосылысымның пайдалы екенiн бiлмеген. Мен ең тіршілікті сүйетін элементпін. Сондықтан менi қалған уақытта «Азот - тiршiлiк элементі» деп атауларыңызды сұраймын.
Сот төрағасы: Соңғы сөз айыптаушыға беріледі
Айыптаушы: - Сот мырзалар және тыңдаушылар. Айыпталушы Азоттың қауiптi байланыстары туралы фактілер аз болды, оны мойындаймын. Молекулалық азот тыныс алуға өте қолайсыз. NH3 пен HNO3 қопарылғыш заттардың негізгі шикізат көзі. Нитраттар көкөніс үшін пайдалы болғанымен адам үшін зиян, сондықтан азотты 10 жыл бас бостандығынан айыруыңызды өтінемін.
Сот төрағасы: соңғы сөз қорғаушыға беріледі.
Қорғаушы: сот мырза және тыңдаушылар. Оқымыстылардың тіршіліксіз деп атаған элементтің қосылыстарының өсімдік жануарлар үшін қаншалықты маңызды екеніне өздеріңіздің көздеріңіз жетті! Сот мырза сіздер әділ шешім қабылдайды деп сенемін. Рахмет!
Хатшы: Орындарыңыздан тұрыңыздар үкім оқылады.
Сот төрағасы: Д.И. Менделеев даңғылындағы бесінші үйдің №7 пәтерінде тұратын азоттың үстінен қозғалған қылмыстық істе айыптаушы фактілер жеткіліксіз болғандықтан, айыпкер кінәсіз деп танылсын.
Сот аяқталды [27].