Дипломдық жобаны орындаудың күнтізбелік жоспары № Жұмыс түрлері



бет10/20
Дата16.12.2023
өлшемі2,34 Mb.
#139855
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Бейметалдар тарауын оқыту барысында окончательный (4)

Күкірттің оттекті қосылыстары. Күкірттің маңызды оттекті қосылыстарына күкірт (IV) оксиді SO2 және күкірт (VI) оксиді SO3 жатады.
S + O2 = SO2 ΔH298 -296,6кДж\моль
Техникада, көбінесе, пиритті өртеген кезде түзіледі:
4FeS2 + 11О2 = 2Fe2O3 + 8SO2
Лабораторияда сульфидтерді қышқылмен әрекеттестірген кезде түзіледі:
Na2SO3 + 2HCI = 2NaCl + H2O + SO2
Мысқа концентрлі күкірт қышқылы әсер еткен кезде де күкірт (IV) оксиді түзіледі:
Cu + 2H2SO4 = CuSO4 + 2H2O + SO2
Күкірт (SO2) оксиді - өзіне тән иісі бар түссіз, улы газ. Оны кейде, күкіртті газ дейді. Күкірт (IV) оксидінде күкірттің тотығу дәрежесі +4 болуына орай ол бір реакцияда тотықтырғыш, ал басқа реакцияда тотықсыздандырғыш бола алады. Ол бояуларды ағартқыш ретінде қолданылады. Астық қоймаларын, қамбаларды өңдейді. Оны малдың қышыма, қотыр ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Күкіртті қышқылда күкірттің тотығу дәрежесі +4. Сондықтан ол тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиет көрсете алады. Күкіртті қышқылдың орта тұздарын сульфидтер (K2SO3 - калий сульфиті), ал қышқыл тұздарын - гидросульфиттер (NaHSO3 - натрий гидросульфит) дейді. Қышқылы сияқты тұздары да жақсы тотықсыздандырғыш. Күкіртті қышқыл ауыл шаруашылығында, азық, көкөніс консервілеу үшін колданады.
Күкірт (VI) оксиді. Күкірт қышқылы. Күкірт (VI) оксиді күкірт (IV) оксидін тотықтыру арқылы алынады. Алайда бұл процесс өте қиын жүреді. Оның жүруін жылдамдату үшін қыздырады (450оС) және катализаторлар (Cr2O2, V2O5, Pt) қатыстырады.
2SО2 + О2 = 2SО3
Күкірт (VI) оксиді екі түрде бола алады. Сұйық SO3-44,9°С-та қайнайды, 16,8°С-та тұз сияқты кристалға айналады. Сұйық оксид молекуладан (SO3)3 тұрады. Көп тұрған кезде ол полимерленіп жібектей ұзын кристалл түзеді:
xSO3 =(SO3)х
Күкірт (VI) оксиді суды өте жақсы сіңіріп күкірт қышқылына айналады:
SO3 + H2O = H2SO4
Күкірт қышқылы аса маңызды қышқылдардың бірі. Оны техникада нитроз және контакт тәсілдерімен өндіреді. Контакт тәсілімен күкірт қышқылын өндіру үш сатыдан тұрады. Бірінші саты күкірт (IV) оксидін алу. Оны, көбінесе, пиритті өртеу арқылы алады:
4FeS2 + 11О2 = 8SO2 + 2Fe2O3
Екінші сатыда күкірт оксиді (IV) күкірт (VI) оксидіне тотығуы контакт аппаратында катализатор қатысып жүреді:
2SO2 + О2 = 2 SO3
Үшінші сатыда SO3 сумен әрекеттесіп, күкірт қышқылына айналады:
SO3 + H2O = H2SO4
Бұл сатыда SO3-ті сіңіру үшін таза су немесе су емес концентрлі күкірт қышқылы қолданылады. Күкірт қышқылына SO3 сіңіп олеум пайда болады.
Нитроз тәсілінде күкірт қышқылын өндірудің екінші сатысында катализатор ретінде азот (IV) оксиді қолданылады:
SO2 + NO2 = SO3 + NO
Азот (II) оксиді өздігінен тотығып NO2-ге айналады. Яғни, NO2 бұл реакция катализатор болып табылады.
Күкірт қышқылы - түссіз, ауыр, май тәрізді сұйықтық. Сатылуға арналған қышқылдың тығыздығы 1,84 г/см3, құрамында 96% H2SO4 бар. Өте таза 100 проценттік күкірт қышқылын моногидрат дейді. Күкірт қышқылы суда жақсы ериді. Еру кезінде ол суды өзіне сіңіреді де өте көп мөлшерде жылу бөледі. Сондықтан күкірт қышқылын сұйылту кезінде қышқылды суға біртіндеп құю керек. Керісінше құюға әсте болмайды. Ол органикалық заттардан су сіңіретіндіктен, оларды күйдіреді.
Күкірт қышқылы - химияның «наны». Ол минералды тыңайтқыштар, пестицидтер, пластмасса, жасанды жібек, дәрі-дәрмек, қопарғыш заттар алу үшін жұмсалады. Сонымен қатар оны тамақ, иісмай тоқыма, тері өңдеу өнеркәсіптері пайдаланады. Күкірт қышқылы екі негізді қышқыл болғандықтан орта және қышқыл тұздар түзеді [20].
Күкірт тыңайтқыштары
Na2SO4*10H2О (Глаубер тұзы) – мирабилит минералы түрінде кеңінен қолданылады.
Na2SO4 - натрий сульфаты шыны, сода өндірісінде, медицинада, ветеринарияда тағы басқа салаларда пайдаланылады.
К2SO4 - калий тыңайтқышы ретінде қолданылады.
BaSO4 - медицинада (асқазан мен ішекті рентгенмен зерттегенде), ақ бояуды (литопон, бланфикс) дайындау үшін қолданады. Ол табиғатта минерал түрінде кездеседі.
CaSO4 - табиғатта ғаныш CaSO4*2H2О және ангидрит CaSO4 түрінде кездеседі. Ғанышты 100ºС дейін қыздырғанда 2СaSO42О ауысады. Мұндай жартылай күйдірілген өнімге су қосса ғанышқа (гипске) айналып, қатаяды.
Мұны гипстік құймалар жасау үшін пайдаланады. Гипсті 200°С жоғары күйдірсе, алебастрға айналады, ол таптырмастай құрылыс материалы. Гипс табиғатта басқа да кальций мен магнийдің тұздарымен бірге суда еріп, судың кермектілігін анықтайды.
Тl2SO4 - кеміргіштермен күресу үшін пайдаланылады.
МgSO4*7H2O (ащы немесе ағылшын тұзы) – еріген күйде теңіз суында болады. Таза тұзды медицинада қолданады.
Купоростар – құрамында кристалдық суы болатын екі валентті металдардың (темір, мыс, мырыш және никель), олар өндірісте кеңінен пайдаланылады.
FeSO4*7H2O (жасыл кристаллдар) - ағашты өңдеу үшін, фотографияда сия дайындау үшін, бояу iсiнде және ауыл шаруашылығында инсектицид (жәндікжойғы) ретінде тұтынылады.
CuSO4*5H2О (көк кристаллдар) - мыс купоросы немесе тотияйын металлды мыспен қаптағанда, әртүрлі минералдық бояуларды дайындау үшін, баспахана ісінде, қабырғаны ақтағанда, ауыл шаруашылығында өсiмдiк зиянкестерімен күресу үшін пайдаланылады. Мыс купоросы мен iзбестік сүттің ерітінділерін араластырып бордостық сұйықтықты дайындайды да, оны өсiмдiк ауруымен күресу үшін қолданады.
ZnSO4*7H2O - ол түссiз кристалл. Оның сулы ерітіндісін ағаштың шіруіне қарсы күресу үшін және тоқыма өнеркәсібінде қолданады.
NiSO4*7H2O – жасылдау кристаллдар, никелдеуге арналған электролизді астау ерітіндісінде құрамдас бөлігі ретінде жұмсалады [21].





әсері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет